Майда тау жыныстары

Сабақтың тақырыбы: Майда тау жыныстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Майда тау жыныстарымен таныстырып,олардың адам өміріндегі маңызын түсінуге баулу.Алған білімдерін жүйелеп,бірлесіп,бір-біріне көмек көрсету арқылы жұмыс жасай білуге қалыптастыру.

Дамытушылығы:Өз ойларын ашық білдіріп,пікірлерін қорғай білуге,шығармашылықтарын арттыруға дағдыландыру.Тапсырма мен сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін анықтау.

Тәрбиелілігі:Табандылыққа,ұқыптылыққа,зеректікке,байқағыштыққа баулу.Қоршаған ортаны қоғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбе беру.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,кесте толтыру,жүргізіп оқу,тәжірибе жасау,тест, «өзін-өзі жетілдіру».

 Көрнекілігі:суреттер,сызбалар,сөзжұмбақ,көшпелі тақта,магнитті тақта,тірек схемалар,табиғат бұрышы,т.б.

Түрі:Жаңа сабақты меңгерту

      Сабақтың барысы:

      І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

             2.Қажетті құралдарын  түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау,бағалау.

Үй тапсырмасын бөлімдер бойынша әңгімелеу.

І.бөлім-Тау жыныстары.

ІІ.бөлім-Граниттің ерекшелігі.

ІІІ.бөлім-Құмтастың пайдасы.

ІІІ.Үй тасырмасын қорытындылау.

«Сөзжұмбақ» шешу

1.Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы-құмтас.

2.Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты,тығыз тау жынысы-гранит.

3.Гранит қазақша қалай аталады?-түйіршікті.

4.Бидайды ұн қылып тарататын құралды  қалай атаймыз?-диірмен.

5.Қазақстанның батысында өндірілетін  сұйық  тау  жынысын  ата-мұнай.

 

ІҮ.Жаңа сабақ.

Ерекше тор көзден  «Майда тау жыныстары» деген  тақырып  ашылады.

 

1.Мұғалім түсіндірмесі.

Майда тау жыныстары туралы мағлұмат беру.

 

2.Тәжірибе жасау.

Құм  мен саздың  су  өткізгіштік  қасиетін  анықтау.

 

3.Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға жаңа тақырыпты оқыту.

 

4.Сергіту  жаттығуы.

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

 

5.Тақтамен жұмыс

 

1)Құм  мен  саздың ұқсастығы неде?Қандай айырмашылықтары бар?

2)Майда тау жыныстарының қасиетін  анықтап  төмендегі  кестені  толтыру.

-Тәжірибенің  нәтижесін  анықтау.

 

Қосымша  құм мен   сазды суды  өткізгіштік қасиеті  туралы түсінік:

«Құм»-Сағыздың жері құмды.Оны нөсер жаңбыр жауғандағы  ешқандай балшықтың болмағандығынан білеміз.Жер қабаты суды бойына сіңіреді.

Осыдан құмның суды бойына тез сіңіре білетіндігін аңғардық.

«Саз»-Атырау қаласының  жері сазды.Жәй  жаңбыр жауса болды,жер балшыққа айналады. Суды бойына сіңіре бермейді.

Осыдан саздың суды бойына баяу сіңіретіндігін көруге болады.

 

6.Кестені толтыру.

Тау жынысыТүсіҚаттылығыСуда ерігіштігіСуды қабылдауы

(сіңіруі)

1.ҚұмАқ,қара,сұрғылтТүйіршікті,қатпайдыерімейдіТез сіңіреді
2.СазАқ,қараМайда,қатадыеридіБаяу сіңіреді

 

7.Топтастыру.

Құм мен саз қайда қолданылады?

 

Құм-кірпіш құяды,әйнек дайындайды,үй,жер сылаймыз,цементке қосып үй құрылысына пайдаланамыз.

 Саз-бағалы ыдыс жасайды,саман тас басады,кірпіш құяды,құрылысқа пайдаланамыз.

 

8.Дәптермен жұмыс.

Тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті:

 

Құм-суды ьойына тез сіңіреді.(өткізеді)

Саз-суды баяу өткізеді.

 

9.Тест жұмысы.

Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар арқылы көрсетеді.

1.Ненің түйіршіктері сусып,бір-бірімен байланыспайды?

а) саздың

                   +  ә) құмның

  1. Таза құмнан не дайындайды?

+ а) әйнек

ә) цемент

  1. Өте майда тау жынысын ата:

а) гранит

                   + ә) саз

4.Құмнан не түзіледі?

а) әктас

+б)құмтас

Ү.Сабақты қорытындылау

«Өзін-өзі жетілдіру»

-Үйден алдын-ала дайындалып келген оқушылардан жаңа сабақ сұралып,қорытындыланады.

-Табиғат бұрышымен таныстыру.

ҮІ.Үйге тапсырма:

а) Мәтінді мазмұндау.

ә) Құм мен сазға «бес жолды» өлең құастыру.

 

ҮІІ. Бағалау