Қосудың терімділік қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосудың терімділік қасиетін меңгерту. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруда терімділік қасиетін қолдану
Оқушының ойлау, танымдық қасиеттерін
арттыра отырып, есеп шығару дағдыларын
дамыту
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар
Барысы
І. Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг
Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады. Алдымызда қандай мейрам болмақ? Бүгін сабақта Астана қаласына саяхат жасаймыз. Сабақта 4 топқа бөлінеміз.
Астана біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың Астанасы. Қала іргесі қаланғаннан Ақмола деп аталатын, кейіннен Целиноград, 1992 жылдан бастап Ақмола, 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп аталды.
Астана еліміздің ортасында, аса маңызды жолдардың торабында орналасқан.
ІІ. Жаңа сабақ
№1 Тапсырмаларды дұрыс орындасақ, баратын жеріміздің атын табамыз
7 + 8 = 15 30 + 5 = 35
8 + 7 = 15 5 + 30 =35
- Қандай ереже бар? Қосудың қандай қасиеті?
а + в = в + а (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)
№2
- 3 + (2+1) = 6 сандарды кез-келген ретпен қосуға болады
- 2 + (3+1) =6
(қосудың терімділік қасиеті)
(а+в) + с = а+(в+с)
Тапсырма орындадық
«Ақорда Астананың жүрегі»
Сөзі шықты
Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Онда Елбасымыз жұмыс істейді. Мемлекеттік кездесулер мен салтанатты шаралар осы ғимараттың ішінде өтеді.
№3
Көк – 10 ш 1) 10+(20+30) =60 шар
Жасыл – 20 ш ? шар 2) 20+(10+30) )=60 шар
Қызыл – 30 ш 3) 30+(20+10) )=60 шар
Тапсырма орындалды «Мәуелі бәйтерек» сөзі шықты
Бәйтерек Астананың символы. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 ж сәйкес келеді.
№4
Шымшық – 3 ш: (3+4)+5=12 (қ)
Көгершін – 4 ? құс
Торғай – 5 ж: барлығы 12 құс
Тапсырма орындалды. «Бейбітшілік және келісім сарайы» сөзі шықты.
«Бейбітшілік және үйлесім сарайы» — бұл мәдениет музейі, Өркениет Университеті және 1500 орындық опера театры орналасқан тұңғыш архитекторлық жоба.
Топпен жұмыс
Цифрлармен жазып, мәнін тап.
І топ (а+в)+с=а+(в+с)
ІІ топ (а+в)+с=(а+с)+в
ІІІ топ (а+в)+с=(с+а)+в
ІҮ топ (а+в)+с=(в+а)+с
- Қосудың қандай қасиеті
Тапсырма орындалды «Думан» ойын-сауық кешені сөзі шықты.
«Думан» ойын-сауық кешені күмбезді кеңістік. Онда океанариум, кинозал бар. Керемет акватеатрда көл тауын және қастарындағы жыртқыш балықтарды тамашалай аласыздар.
Тиімді тәсілмен есепте
І топ ІІ иоп ІІІ топ ІҮ топ
30+5+5+8 8+2+20+30 3+10+7+80 4+40+10+6
7+5+3+5 4+44+6 8+80+2 15+1+9
75+6+4 6+30+4 8+6+2 7+5+3
№6 ауызша
Сағат қанша?
1 сағ — ? мин
Сағ 1200, 400, 700, 1000
ІІІ. Қорытынды
Астана қаласына саяхат жасадық. Астананың көрікті жерлері туралы мәлімет алдық. Саяхатымызды Елбасының сөзімен аяқтағым келіп тұр.
… Өзінің жаңа Астанасы мен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
ІҮ. Бекіту
- Қосудың қандай қасиеттері бар?
- Қосудың терімділік қасиеті дегеніміз не?
Ү. Үйге тапсырма
№5 84 бет
ҮІ. Бағалау