Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Сабақтың  тақырыбы: Өсімдіктер  мен  жануарлардың  «Қызыл  кітабы»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Қазақстан  республикасының  «Қызыл  кітабы» туралы  түсініктерін  қалыптастыру. Оның  маңызы  туралы  түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, біліктілігін,дүниетанымын,пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелілік: Табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  сезімін  тәрбиелеу  Республика  аумағындағы  жойылып  кету  қаупі  бар  жануарлар мен  өсімдіктердің  жағдайы, оларды  зерттеу,  қорғау  туралы  мәліметтермен  оқушыларды  таныстыру.

Сабақтың  көрнекілігі: Өсімдіктер  мен  жануарлар  туралы.

Сабақтың  әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың  барысы: І.  Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сыныпты сабаққа  әзірлеу
  2. Балалардың назарын  сабаққа  аудару
  3. Үй тапсырмасын  сұрау  өткен  сабақты  еске  түсіру.

Ойын «Ғажайып  алаң»

1.Өсімдіктермен  жануарлар  арасындағы  байланысқа  мысал  келтіру

2.Адам  өмірдегі  өсімдіктердің  маңызы.

3.Өсімдік  шаруашылық  түрлері.

  1. Жыртқыштарға қандай жануарлар  жатады? Оларды  қалай  күтіп  бағытынын әңгімеле.

5.Қой,  жылқы, қаз  сияқты  жануарларының  адам  қандай  өнімдерін,не  үшін  пайдаланатының  түсіндір.

Жаңа  сабақ. Жаңа  сабақтың  тақырыбын  мақсатын  хабарлау.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың «Қызыл  кітабы» дегенді  қалай  түсінесіңдер.

Бұл  кітаптың  аты «Қызыл кітап»- өз  алдына  кітап. Оның  қызыл  мұқабасы. Қызыл  түсі  қаупі- қатердің  белгісі  сияқты  «сирек» кездесетін  әрі  жойылып  кету  қаупі  бар  өсімдіктермен  жануарлардың  кітабы «Қызыл  кітабтың»  парақтарының  түсі  де  алуан  түрлі- қызыл, ақ  және  сары.

Қызыл  түсті  парақтарға мүлде  жойылып  кету  қаупі  төнген  аңдар  мен  құстардың  түрлері.

Ақ  түсті  парақтарға  тікелей  жойылып  кету  қаупі  төніп  тұрса  да саны  азайып  немесе  белгілі  бір  шектеулі  аймақта  сақталып  қалған  сирек  кездесетін  түрлері  жазылады.

Сары түсті  парақтарға: әлі  де  тіршілік  ету  мөлшері  жеткілікті  болғанмен, соны  күрт  азайып  бара  жатқан  жануарлар  жазылған.

1978 ж                                   1991 ж

                                          «Қызыл  кітап»

                          1996 ж                                     1981 ж

Өсімдіктерге  арналған  басылымдары  жарық  көрді.

Оқулықтағы  қазіргі  кезде  сирек  кездесетін  кейбір  жануарлармен  таныстырамыз.

Құлан— сыртқы  түрі  есек  және  жылқыға  ұқсайды. Құрығы  есекке, жалы  мен  құлағы  жылқыға, дауысы  есекке, тезегі  жылқыға  ұқсайды. Бір  кездерде  біздің  елдерде  көп  болған. Бұлар  жойылатын  жерлерде  мол  шаруашылығы  дамып  жайылым  жетіспегендіктен  олардың  саны  азайған ..?

Қарақұйрық – денесі  өте  сымбатты, аяқтары  жіңішке, мықты  өте  жүйрік, секіріп  жүретін.  Құйрығы  қысқа, ұшы  қара. Сондықтан  оны,  қара  құйрық  дейді. Елімізде  350 дей  ғана  қарақұйрық  бар  Оларды  аулауға тиым  салынды.

Дуадақ- жаулары  өте  көп. Ересек  дуадақтарды  бүркіттер  аулайды . Жұмыртқасы  мен  балапандары.  Қасқыр,  түлкі  қарсақтар  тауып  жейді. Қоры  қалың  жауған  жаңбырды олар  азық  тауып  көптен  аулаған. Қоры  қалың  жауған  жылдары олар азық тауып көптен  аулаған. Қазір  бұл  құстар  өте  сирек. Оларды аулауға  тиым салынған

Қызыл  кітапқа  енген  өсімдіктер  жануарлардың  аттары н  атау.

Қоңыз, бүркіт, асқабақ,  тырна  аққу, дуадақ, жылан , дола қыран, қарақұс, бірқазан.

Өсімдіктер: кәдімгі  емен,   ақтұңғиық,  сарағлдақ,  қызғалдақ, кілегей т.б

«Қызыл  кітап» өлең  оқу.

«Қызыл кітап»  шындықты

Айтуға да арналған.

Жою керек сұмдықты.

Жойылмасын бағалы аң.

Қ.Мыззалиевтің «Қызыл кітап»

Қызыл кітап,

Бұл  өзі  қызық  кітап.

Тысы  жұқа

Астары  қалыңырақ

Жасыл  өсімдіктердің  басқа  тіршілік  иелері  үшін  қандай  маңызы  барын  мына  үш  түрілі  сызбаға  қарап  әңгімеле.

Бүркіт                        дуадақ                   өсімдік  жемісі

Түлкі                          кесіртке                 бунақденелілер

Адам                         сиыр                       өсімдік

Ойын «Ғажайып  алаң»

  1. «Қызыл кітап» дегенді  қалай  түсінеміз?
  2. «Қызыл кітапқа» енген жануарларды  ата?
  3. Жануарлар мен өсімдіктерді  қорғаудың  қажеттілігін  дәлелде?
  4. «Қызыл кітапқа» енген құстарды  ата?
  5. Құлағы жылқыға, дауысы есекке  ұқсас  қандай  жануар?
  6. Кітаптың қызыл  мұқабасы нені  білдіреді?

Бағалау:

Үй  тапсырма: жануарлар мен  өсімдіктердің  қызыл  кітабы.

Ақжайық ауданы, Үштөбе ауылы ,

Болдырев НОББ мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Калиева Айша Сатыбалдықызы.