Қыстырма сөз
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімдерін одан әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата білу, бекіту.
2.Дамытушылығы: Олардың сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру, тілін дамыту. Өз ойын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету.
- Тәрбиелігі: Шығармашылыққа, адамгершілікке баулу. Көркем, таза жазуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді бекіту.
Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау, өзіндік ізденіс, көрнекілік, жұппен жұмыс, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
-Міне, балалар ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, өйткені алдарында тұрған бағалау парағымен бүгінгі сабақ барысындағы жұмыстарда өз-өзімізді бағалаймыз.
Сіздерге іске сәт демекпін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар өткен сабақта қандай тақырыппен таныс болдық. Бүгінгі сабағымызда да сол тақырыппен жұмысты жалғастырамыз. Сабағымыздың мақсаты қыстырма сөз туралы білімімізді одан әрі кеңейтіп, бекіту. Мағынасына қарай ажырата білу.
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
/тақтада сызбаны көрсету/
Енді мына тақтадағы мәтінге көз жүгіртіп қарап жіберейік. Ішімізден оқып қыстырма сөздерді табайық.
Сірә – бұл қыстырма сөз, өйткені ол сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің сенер-
сенбестіктен айтылғанын білдіріп тұр.
Үйге берілген 64 — жаттығуды оқып жіберейік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сөзжұмбақ шешу.
Енді сөзжұмбақты шешу арқылы қыстырма сөзін шығарып алайық.
- Көркем жазу.
Ққ
Қысқасы
Қыс, қас, қысқа, ас, сасық, ақ, асық, қасық, сақ, ақы.
Қазақстан қазір, қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болады.
3.Көру диктанты.
Болашақта, бәлкім, сен дәрігер боларсың.
Байқаймын, сен кітап оқығаңды жақсы көретін сияқтысың.
Әрине, оқуымды жалғастырамын.
Мені танымай тұрсың-ау, сірә.
Шынымды айтсам, өзің, бір қызық жан екенсің!
/бір-бірін тексеріп бағалайды./
- «Сәйкестендір» ойыны.
- Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.
- Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.
- Сен, әуелі, есебіңді шығар.
- Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.
- Бүгін жаңбыр жауады-ау, шамасы.
- Сергіту сәті. «Қазақ тілі» әнін орындау.
- Оқулықпен жұмыс.
66-жаттығу. Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
- «Сөз маржан »
Қатар бойынша тапсырмалар орындаймыз.
І-қатар. «Бес жолды өлең»
ІІ-қатар. «Сонымен» қыстырма сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
ІІІ-қатар. Қыстырма сөздермен сөйлем құру.
Әрине, шынында, айтпақшы, мүмкін, сонымен, шамасы.
- Шығармашылық жұмыс
«Тәуелсіздікке – 20 жыл» тақырыбында 1 шумақты өлең шығару.
/ өлең ішінде қыстырма сөз болу керек /
ІІІ.Қорытындылау.
Тест.
- Бағалау.
Бағалау парағымыздың қорытындысы бойынша кім қандай баға алды?
- V. Үй тапсырмасы: 68-бет, 68- жаттығу