Көктем
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды көктем мезгілімен таныстыру, көктем тақырыбы бойынша мәлімет беру, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру;
- Дамытушылық: есте сақтау, сөздік қорды молайту, қысқаша сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, сұраққа жауап беру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- Тәрбиелік: Сауатты әрі әдемі жазуға, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, қызығушылықтарын оятуға арналған сызба, сұрақ-жауап;
Көрнекіліктер: көктем көрнісі, жемістер мен көкөністердің суреттері, үлестірме қағаздар, сөзжұмбақ, интерактивті тақтадағы слайд, мысалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.( оқушыларды екі топқа бөлу)
- Кезекшімен сұхбат.
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін нешесі?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Қазір қандай сабақ болып жатыр?
Білімдерін тексеру.
Тән дыбыстардан құралған сөздер арқылы оқушылардың қаншалықты өткен тақырыпты меңгергендігін тексеру.Тақтадағы бірнеше сөздердің жоғалған әріптерін дұрыс табу.
Қаза… тіл… , сыз…ыш, д…птер, айда…р, к…тап. (қ, і, ғ, ә, һ, і)
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жеміс-жидектер туралы жаттап келген өлеңдерін айтады.
ІІ Жаңа сабақ:
а) Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру кезеңі.
Тақтадан көктем көрнісі, құстар, алма ағаштарының, гүлдердің суреттері көрсетіледі.
-Балалар мына суретте нелер көрсетілген? Қар ериді, құстар ұшып келеді, күн, гүлдер, алма ағаштары, жемістер-көкөністер деп жауап береді.
-Жақсы менің сұрағыма дұрыс жауап бердіңдер.
-Балалар ағаштар, гүлдер, жеміс-жидектер қайда өседі?
-Бақшада.
-Біз жеміс-жидектерді, көкөністерді жылдың қай мезгілінде егеміз?
-Көктемде.
-Жарайсыңдар балалар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көктем» осы көктем мезгілі, көктем айлары туралы айтып, жазып үйренетін боламыз.
Жаңа сөздермен танысу, дәптерлеріне жазу.
(Бүршік, ериді, жылынады, гүлдейді.)
Тақтаға бүршік атқан алма ағашының суреті ілінеді.
Балалар, мына алма ағашы бүршік атып та үлгеріпті. Енді біз бүршік орнына гүл шығуына көмектесуіміз керек. Менің қойған сұрақтарыма кім дұрыс жауап береді, сол оқушы келіп бір алма ағашының гүлін әкеліп іледі.
-Балалар, көктем деген сөзді естігенде, көз алдарыңа қандай іс-әрекеттер, қандай сөздер келеді? Оқушылар қолдарын көтеріп күн, наурыз,сәуір, мамыр, құс, жылы, бақша деп жауап беріп алма ағашының гүлденуіне көмек береді.
-Тамаша, өте керемет балалар сендердің білімдеріңнің, тапқырлықтарыңның арқасында алма ағашымыз гүлденіп шыға келді.
Мәтінмен жұмыс. Бірінші мен оқимын, хормен және жеке оқимыз.
Көктем келді. Көктем айлары:наурыз,сәуір, мамыр. 8 наурыз аналар мерекесі. Көктемде қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді. Көктемде бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.
—Балалар, орнымыздан тұрайық,
-Бір демалып алайық.
Сергіту сәтін өткізу
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Біздің үйге келе кет.
Көбелек-ау, көбелек,
Мені өзіңмен ала кет.
Енді дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Қарамен жазылған сөздерді дәптерге көшіріп жазу.
а) топпен жұмыс.1-ші топқа 4 бәйшешек
2-ші топқа 4 қызғалдақ таратып береміз. Көктемге байланысты гүлдердің жапырақтарында жазылған сөздермен сөз тіркестерін құрастырып жазу.
Ал енді балалар жаңа бізге, көктем айына құстар да ұшып келді деп айтқанбыз,осы құстар сендердің гүлдеріңді бақшаға апарып егуі керек. Тапсырманы орындап болған балалар гүлдерін құстардың ауызына апарып қыстырады.
ІІІ Қорытынды: Сөзжұмбақты шешу.
- 1. К Синии
- 2. Ө Стерка
- К 3. Книга
- Т 4. Лиса
- Е 5. Сапоги
- 6. М Праздник
-Балалар, міне бүгінгі сабағымызды қорытындылай келгенде көктемгі бақшамыз әдемі гүлге де, құсқа да, алма ағашына да толды. Бұл көрініс бүгінгі алған, берген, сабағымыздың әдемі көрінісі.
ІУ.Үй тапсырмасын беру. (орындалуын түсіндіру).
«Көктем көрінісі» тақырыбына сурет салып келу.
Ү. Бағалау.
Оқушыларды бағалау, мадақтау