Ара мен шыбын

Тақырыбы: Ара мен шыбын

Мақсаты: Өлең түрінде берілген шағын шығарманың маз- мұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың  рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу.

2.Қазақ жастарының рухани көсемі болған, ел тағдырына алаңдап, көп қыр- лы ісімен, даналық саясатымен көзге түскен А.Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру.

3.Оқушылардың көркем сөзді,салихалы ойды өз сөздік қорларына қабылдай алуы,соның нәтижесінде ауызша,жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру,  эс- тетикалық талғамын арттыру,еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері:                      Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Венн диаграмма — 

сы,Тәуелсіздіктің 20 жылдығына карта,ой қозғау ,5жолды өлең,сахналық қой-ылым, зертханалық жұмыс, тест.

Сабақтың типі:                               Аралас

,Көрнекілік:                                    Слайдтар, микроскоп, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:                       Ұйымдастыру.

1.Кластың сырт бейнесіне көңіл бөлу.

2.Психологиялық ахуал.

3.Амандасу.  Слайд №1.                                Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз.

Қайырлы күн! Амандасып аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру:                               Слайд №2.

-А.Байтұрсынұлы кім?

-Аудармашы, ақын, ғалым, ағартушы.

-И.Крылов қандай мысалдар жазған?

-Ащы шындыққа толы, күлдіргі пьесалар жазған.

-А.Байтұрсынұлының шығарған кітабы қалай аталады?

-«Қырық мысал» 1909 жылы шыққан.

Жаңа сабақты меңгерту.                                 Слайд №3.

1.Сөзжұмбақ  шешу.                                           Слайд №4.

2.Ой қозғау.                                                          Слайд №5.

-Қонақ деген кім?

-Арнайы шақырумен немесе шақырусыз келген адам.

-«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

-Келген қонаққа қуанып, жылы жүзбен дастархан жаятын адам.

-Қонақтың қандай түрлері бар?

-Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ.

Автор өмірбаяны.                                              Слайд №6.

 

 

Оспанхан Әубәкіров 1934-1986 ж.ж.  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үшбұлақ ауылында дүниеге келген.Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Консерваториясының театр факультетінде оқыған. Мамандығы актер болған- дықтан өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Республикалық «Ара» газетінде қызмет істеген. 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан жазушылар одағының сыйлығы- мен марапатталған.

 

                            Инсерт әдісі.                  Слайд №7.

Не білесің?   «Ара мен шыбын».

  Ара.

-Аралар сары ала болып киінген жауынгерлерге ұқсайды.

-Демтүтік арқылы ауамен демалады.

-Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына  бұтақтарға салады.

-Құйрығының ұшында өткір шаншары бар.

-Шаққан жері қатты ісіп кетеді.

Шыбын.

-Ауада ұшады, жерде жорғалайды.

-6 аяғы, 2 қанаты бар.

-Ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған.                                 

          

 

  Сергіту сәті .                           Слайд №8.

                      

 

Оқулықпен жұмыс:

  1. Мәтінмен таныстыру.
  2. Тізбектей оқу.
  3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсініктерін толықтыру.

Қазақстан картасымен жұмыс.    «Тұғырлы Тәуелсіздігімізге 20 жыл»

Слайд    №9.

 

Егемендігімізге 20 жыл толды.Осы жылдарда тарихи есте қалатын жағ- дайлар болды .Өткен жылдар жемісіне тоқтала отырып,оқулықтағы тапсыр- маны  орындайық. Біз Қазақстанның барлық қалаларымен интернет жүйесі арқылы тікелей  байланысқа шығамыз .Егер сұрақтарға дұрыс жауап берсек, онда факстегі тапсырманы орындау мәртебесіне ие боламыз.

Астана. Астана қаласының тұсаукесері қай жылы болды?

-Шыбын араға не деді?

Алматы. 1992 ж елімізде қандай жарқын істер болды?

-Шыбынның қонақ күтуге дайын еместігі жайлы не делінген?

Семей. 1995 ж Семей қаласында қандай тарихи оқиға болды?

-Неліктен ара қонақ болып баруға келіспеді?

Қарағанды. Ата заң қай жылы қабылданды?

-Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?

Ақтөбе.Қ.Р. валютасы «теңге» қай жылы айналымға енді?

-Мысалда адамның қандай іс-әрекеті байқалады?

Сахналық көрініс.             «Бал араны соттау»                              Слайд №10.

 Топпен жұмыс.                  1-топ     Венн диаграммасы.

2-топ     5 жолды өлең.

3-топ     «Ара, шыбын»   эссе жазу.

Зертханалық жұмыс.                            Тест.                                  Слайд №11.

 

      «Егер мен……….болсам»                           Слайд №12.

 

 

                                 Сабақты қорыту.                               Слайд №13.

                        Ара мен шыбынның пайдасы мен зияны.

-Араның уынан дәрі-дәрмек жасалады.

-Ревматизм, радикулит, бронхит ауруларына ем.

-Улы безінен «Апитоксин» деген түссіз, сұйық ереітінді бөлінеді.

-Шыбынның бір қанатында індет болса, екінші қанатында шипа болады.

-Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс жолдары арқылы сыртқа шығады.

 

Үйге тапсырма:        1.Мысалды рөлге бөліп оқу.

2.Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме беру.

 Бағалау.