Шылаулар емлесін меңгеру

Білімділік мақсаты: оқушыларға шылаулар емлесін меңгерту.

Тәрбиелік мақсаты: сауаттылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:танымдық,шығармашылық қабілетін,

ой- белсенділігін дамыту.

түрі:дәстүрлі     Сабақтың  тақырыбы :қой  -ғой,-қана,-ғана,-ақ шылаулары.

 

типі:аралас

Принциптері:біртұтастық,жүйелілік,ғылымилық.

Көрнекілігі:слайдтар,интерактивті тақта,тірек-сызба                                               Сабақтың барысы:

1.Бағдарлау-мотивациялық кезең

а)сәлемдесу

ә)оқушы қызығушылығын ояту

2.Өткен сабақты пысықтау

-Шылау деген не?

-мен,-бен,-пен,және шылаулары

-да,-де,-та,-те шылаулары

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе шылаулары

-үшін,-туралы,-дейін,-шейін шылаулары.

Төменде берілген сөздердің әрқайсысы не алдынан,не соңынан, не ортасынан бір әріптен қосып жаңа сөз жасау керек.

1)қалақ-қалпақ    5)мен-

6тұман-                                     9)бұйық-

2)ық-                    7)ара-                                        10)сама-

3)зат-                    8)шаш-

11)қаз-

4)құла-                                                                12) азық-

 

 

Осы құрастырған сөздерге шылау қосып , айтып көр.

  1. Операциялық-орындаушылық кезең.

Көрші үйге барып келе ғой.

Тапсырма: сөйлем мүшесіне талдау жаса,шылауды тап.

Шылаудың мағыналары: өтініш, шектеу,даралау.

Жазылу ережесін түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

548-жаттығу.

Шылауларды тауып,өздері тіркескен сөзге үстеп тұрған мағынасын түсіндіру.

549- жаттығу.

Сөздерге -қана (-ғана) шылауларының тиістісін қосып сөйлем құрап жаз.

550-жаттығу.

Сөздерге  -ақ шылауын қосып ,сөйлем құрап жаз.

Сәйкестендіру тесті

Зат есім                                    жырла,келді,сызды

Есімдік                                     отыз алты,қырық,бес жүз

Сын есім                                   мен,әркім,ешқашан

Етістік                                       түнде,бүгін,жоғары

Шылау                                       қарлығаш,ағаш,азық

Сан есім                                     мен,бен,үшін,және

Үстеу                                          қара ала,биік,қорқақ

Слайд

Сөйлемді жалғастыр.

1.Кім не айтса,соған нанып,сөзге (ергіш-ақ)

2.Менің жыраулығым осы арада бір кәдеге (асты ғой)

3.Бар болғаны (осы ғана)

4.Алғашқы он күн ұдайы қонақ күтумен (өтті ғой)

5.Ерте кеткен (сен ғана)

Слайд. Топтық жұмыс.

1-топ

Тапсырма: Менің досым» тақырыбына әңгіме жаз,шылаулардың астын сыз.

2-топ

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

3-топ

Қарлығаш» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастыр,шылаулардың астын сыз.

Слайд

Жатқа жаз.

Қош-қош дейін келе ғой,

.            Қошақаным еме ғой.

Ақ ешкінің бөпесі-ай,

Шөке-шөке шөкетай !

Ұнамайды ұзауың,

Шәуім-шәуім,бұзауым!       (Е. Дүйсенбай)

Тапсырма:шылаулардың астын сыз.

Слайд

Топтық жұмыс «Содан кейін не болды?» Мәтінді өз ойларынша аяқтау.

Түлкі мен қоян.

Бір күні болдырып келе жатқан түлкі  жортып жүрген қоянды көріп,өтірік ауырған болып оның жанына сұлай кетеді де,қоянды шақыртады. . .

(Жануарлар туралы ертегілер)

  1. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

1.Бес жол өлең.

Бағалау.

Үйге тапсырма  551-жаттығу.