Болымды және болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: а/ Етістіктің ережесін еске түсіре отырып, болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінетінін түсіндіру.
ә/ Ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді біліп үйренуге тәрбиелеу
б/ Ауылдарға бөлініп байланыстырып сөйлесуді, салауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл аттары, үй жануарлары, мазмұнды суреттер, макет.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасы: Негізгі және туынды етістік./ қорытындылау/
Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз. Мысал келтіру.
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістікті туынды етістік
дейміз: шегеле, ақылдас.
ІІІ.Жаңа сабақ. Етістік
Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістіктің сұрақтары: Не істеді? Неғылды? Қайтті? дейміз.
Қосымшалы етістіктерді көшіріп жаз.
Түбір мен жұрнақты тиісті белгімен белгіле. Жазба,ойнама,күлме,айтпа, барма,келме.
Балалар, біз бүгін ата-баба еліне саяхатқа шығамыз. Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен,жерімен танысады.Жақсы нәрселер болса көріп,үйренеді.Біздің ата-бабамыздың болашақ үрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары бар. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болғанын армандаған.
Осы саяхатқа біздің халықтың қамын ойлаған, елге жақсылық жасап, ақ батасын беріп жүрген Қызыр бабамызды қарсы алайық;
Қызыр баба: Оқусыз білім жоқ,
Біліміз күнін жоқ.
Ақыл тозбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен
Ендеше, балаларым, білімімізді ортаға салайық.
Топпен жұмыс:
1.Білім ауылы. Жеті қазына, сат-дәстүрлерді айту.
348-жаттығу. Берілген етістіктерге –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғап, болымсыз етістік жаса.Болымсыз етістіктерді көшіріп жаз.
Жонба, үрлеме, кеспе, тартпа, тастама, сұрама, отырма, үзбе.
2.Өнер ауылы.Ұлттық киімдер, зергілік бұйымдар, ою-өрнектер.
349-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Болымсыз етістіктерді тап. 1.Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. 2.Білгеніңді білгеннен сұрауға арланба.3.Еріншектің ертеңі таусылмайды.4.Ешқашан өтірік айтпа.
Келесі ауылға қарай жол тартайық.
3.Төрт түлік мал ауылы.
Ата-бабамыз ежелден мал бағуды кәсіп еткен. Себебі малдың еті, жүні,сүт пайдалы. Ішсең-тамақ, кисе-киім,жүрсе-көлігі болған.
–Балалар,қазір үй жануарларына байланысты ойын ойнаймыз. Тақтаға үй жануарларының суреті салынған плкат ілінеді.
Мұғалім көрсетіп тұрады, оқушы сұрақ жауап береді.
-Не? Жылқы. –Не? Сиыр. –Не? Қой. –Не? Түйе.
-Қай сөз табы -Зат есім
-Малдың төлдеуіне байланысты қимыл іс-әрекетті білдіретін етістіктерді ойлаңдар.
-Жылқы не істейді?
— Құлындайды.Сиыр бұзаулайды.Түйе боталайды.Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.Ит
күшіктейді.Мысық балалайды.Тауық жұмыртқалайды.
Дидактикалық материалдармен жұмыс.
Болымды етістіктен болымсыз етістік жасаңдар.
Жаз, ойла,күл,отыр,қара,өт,айт,кел,бар,тұр, жүр,күрес,біл,оқы, т.б.
4.Қонақкәде ауылы.ән-күй аспаптары, ұлттық ойындар.
Қонақтар тек ішіп-жеп кетпей, ән айтып,жыр жырлап отырған.
Ендеше біз де бұл ауылда жұмбақ шешіп, мақал-мәтел жаттайық.
1.Көзге көрінбейді, Өзіңді-өзің силамасаң,
Қолға ілінбейді. Өзгеден сый дәметпе.
Кейде сипап өтер, Атаңның баласы болма,адамның
Кейде ұйпап кетер баласы бол.
/ Жел/ Болымсыз етістіктің астын сыз.
351-жаттығу
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
Қорытынды: Сұрақ-жауаптар. Шеңбер ойыны.
Болымды Етістік Болымсыз
Бағалау:Өз-өздеріңді тексеріңдер / тест/
Қолдарыңдағы әріптерін көтеріп, жауап беру.