Ұсақ моншақтардан гүл жасау
Сабақтың тақырыбы : Ұсақ моншақтардан гүл жасау
Сабақтың мақсаты : Бисердің түрлері мен тоқу әдістерін меңгерту
Білімділік: Оқушыларға бисердің тоқу әдісін үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға сәндік қол өнерге қызығушылығын арттыру және
ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзбетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға,
ұқыптылыққа және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика
Көрнекілік: моншақтан жасалған панно, схемалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды тексеру.
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ Сарамандық жұмыс
ІV Алған білімін тексеру.
V Үйге тапсырма
VІ Бағалау.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
- Ғылым
- Шебер
- Өнер
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сөз жұмбақты шешу.
- Ұлттық бас киім (бөрік)
- Тігуге арналған құрал (ине)
- Түсіп қалған сөзді тап Техника …………… ережесі
- Ең жақсы баға
- Жүнді иіретін құрал
Бисер сөзі шықты.
Бисермен тоқу ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің түрі. Ежелгі египет, Үнді елінен шығып, кеңінен қолданылған.
Бисермен тоқу ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің түрі. Ежелгі египет, Үнді елінен шығып, кеңінен қолданылған. Бисер сөзінің түп төркіні «Бусра» «Жалған маржан» сөзінен шыққан. Египеттіктер «Бусра» деп атап, бізге келіп, «бисер» — ұсақ моншақ болып айтылған. Сондай-ақ біздің ата-бабаларымыз да киімдерді әсемдеуде қолданып отырған
(Интерактивті тақтада ұлттық киім түрлері )
Тек қана ұлттық киімдерде ғана емес түрлі әшекей бұйымдарда да кеңінен қолданылып
келеді. Бисер тоқу шеберлері дайындаған мына суреттерді қарап өтейік.
(Интерактивті тақтада бисерден жасалған бұйым түрлері)
Балалар, мына суреттерді қарап отырып, керемет өнердің куәсі болып отырмыз. Бұл деген қандай еңбек, шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Балалар еңбекке, өнерге, шыдамдылық қасиетке байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз? Ендеше, балалар осы өнерді біз де үйреніп көрейік.
Бисер түріне қарай былай бөлінеді
- Ұсақ, түрлі-түсті моншақтар
- Стеклярус
- Рубка
Бисер тоқудың әдістері:
- Параллель тоқу
- Тігінен тоқу
- Айналдыра тоқу
Бүгінгі сабағымызда ұсақ, түрлі-түсті моншақтармен және сымның көмегімен гүл күлтесін жасауды үйренеміз.
Гүлдер 3 түрге бөлінесді
- Өсімдіктер гүлдері
- Дала гүлдері
- Бөлме гүлдері
Дала гүлдері Бөлме гүлдері Жеміс ағаштарының
гүлдеуі
Осы гүлдердің ішінде дала гүлі інжу маржан гүлін ұсақ моншақтарда жасап үйренеміз. Бұл гүлдің күлтесі, жапырақтары үшкіл түсі қызғылт сары, алқызыл т.б болып келеді. Бұл гүлдердің күлтелері бес-бестен. Осындай гүл жасап үйренейік.
Ол үшін бізге мыналар қажет:
1 Түрлі – түсті ұсақ моншақтар
- Жіптің жуандығындай мыс сым.
- Қайшы және безендіруге байланысты құралдар.
Қолданылатын әдісіміз параллель тоқу. Алдымен қауіпсіздік ережесін қайталап аламыз. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Техника қауіпсіздік ережесі
1.Қайшыны ұшымен беруге болмайды.
- Қайшыны қайшылауға, лақтыруға болмайды.
- Қайшыны ауызға салуға болмайды.
- Қайшыны жерге тастауға болмайды.
- Қайшымен ойнауға болмайды.
6.Майысқан, тот басқан,сынған қайшымен
жұмыс істеуге болмайды.
- Қайшыны сөмкеге салар алдында аузын бекітіп,
ұшын төменге қаратып салу керек
- Сымды ауызға салуға болмайды.
- Сымды лақтыруға болмайды.
10.Сымды қайшымен қию керек.
11.Бисерді ауызға салуға болмайды.
12.Бисерді лақтыруға болмайды.
Бисермен гүл тоқуды түсіндіру.
Әр оқушы бір күлтеден жасап, 1-топ 1 гүл жасау.
Тест
- Бисер неден жасалған?
Ағаш
Шыны
- Бисер түрін тап
Ағаш
Стеклярус
- Бисерді алғашқыда қалай атаған?
Бусра
Бисер
- Қайшымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?
Қайшымен ойнайды
Қайшымен ойнауға болмайды
- Сыммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?
Сымды қайшымен қияды
Сымды тіспен қырқады
- Желіммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады?
Желімді ауызға салуға болмайды
Желімді төгу керек
Бекіту сұрақтарын қою.
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау