Ә. Табылды. Күздің кереметі
Сабақтың тақырыбы: Ә. Табылды. Күздің кереметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы өмірі мен шығармашылығын таныта отырып, оның әңгімесінің идеялық-мазмұнын ашу, шығармаға әдеби талдау жасау;
Тәрбиелік: Кейіпкерлер іс-әрекеттері мен сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу және жақсы істерді бағалай білуге ұмтылдыру;
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, мәтіндерді мәнерлеп оқуға машықтандырып, шығармашылық қабілеттерін молайту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік, талдау, ажырату, салыстыру, жинақтау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлембердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ. Сұрақ — жауап арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Кіріспе.
Олай болса, Күздің ерекше кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен танысамыз.
Әрі ақын, әрі жазушы Әдібай Табылдиев 1926 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
— Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы, мазмұндауы;
— Сөздік жұмысы жүргізіледі;
— Мәтін оқушыларға бөліп — бөліп оқытылады;
Оқушылармен бірлесе отырып, әңгімеге мазмұндық жоспар құрылды.
Мазмұндық жоспар:
- Күз кереметтері.
- Күз байлығы.
- Күзетші Омар атайдың қонақтары.
- Дастарханға қандай тамақтар қойылды.
- Неге күзді қауырт кез деп атайды.
- Құстар күзде қайда ұшып кетеді
- Ата әңгімесі:
а) Әртүрлі бейнедегі жемістер мен көкөністер.
ә) Күз –байлық пен береке бастауы.
б) “Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды”
- Ой тастау
Нені білдік?
Әңгімеге талдау жасау. Оқушыларға әңгімедегі мақалдарды, тұрақты сөз тіркестерді, антонимдерді, диалогтарды таптыртып, оқыту. Жауаптарын тапқызу.
Сергіту сәті
Жел бетке еседі,
Ағаштар тербелді.
Жел тыйышталды,
Ағаштар биіктеді.
- Ой — өрісін дамыту
Оқушыларға тапсырма беру.
1 — оқушы: Күз тақырыбына өлең шығару.
2 — оқушы: Күзгі дастарханға сипаттама беру. (әңгіме бойынша)
3 — оқушы: Күзге байланысты сурет салу.
- Ой қорыту.
- Жұмбақтар шешу.
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді. (Қауын)
Тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті. (Өрік)
Қабат — қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)
- Веен диаграммасы
ҮІІ. Қорытынды.
- Күзгі ағаш жапырақтарының түсі қандай?
- Жапырақтар жерге неге түсе бастайды?
- Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
VIІI. Үйге тапсырма
- Әңгімедегі көрініске сурет салу.
- Мәтінді мәнерлеп оқу мазмұндау.
ІХ.Бағалау.