Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) қос сөздердің күшейткіш буын арқылы жасалуы туралы
түсінік беру;
ә) зейінділікке, ұжымшылдыққа, мәдениетті сөйлеуге
тәрбиелеу;
б) ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын
дамыту;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар
Көрнекілігі: тапсырмалар, топшамалар, кесте, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже:
қос сөздерді ажырата білу, күшейткіш буын арқылы қос сөздер
жасай білу
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушылар:
- Әрбір адам? — Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? — Үйрену, оқу, іздену
- Әрбір ісің?- Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық.
Сыныпты топқа бөлу.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
4-жаттығуды тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып, көшіріп жазу. (оқу, түсіндіру)
Қос сөздер |
Кестемен жұмыс
Қосарлама қос сөздер |
Қайталама қос сөздер |
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер |
түрлі-түрлі киім-кешек жап-жасыл
шөре-шөре жауын-шашын үп-үлкен
ІІІ Жаңа сабақ
- Күннің жады
- Мысалдар:
Үлкен үп-үлкен
Сары сап-сары
Нәзік нәп-нәзік
- Ереже шығару.
- Жеті түс көрсетіліп өз бетінше қос сөз жасау, сөздік жұмысы.
Жасыл – жап-жасыл
Қара – қап-қара
Қызыл – қып-қызыл
Қоңыр – қоп-қоңыр
Ақ – аппақ
Көк – көкпеңбек
Аппақ, көкпеңбек сөздерінің жазылуы.
І тур «Қос сөздерді тап»
1-жаттығу.
Сөйлемдерді оқы, қос сөздерді тап.
Өзі нәп-нәзік. Өзінің қияңқылығы да жоқ, моп-момақан, жұп-жуас.
«Шеп-шеп» десең болды, қасыңа қанатын қағып жүгіріп келеді.
ІІ тур «Қос сөз жаса, тез жаса»
Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөз жасау.
І топ ІІ топ
Қызыл Сары
Тәуір Ашық
Дұрыс Терең
Қысқа Ұзын
Жуан Таза
Әдемі Қара
Ақ Көк
ІІІ тур «Жаттығуды орында»
3-жаттығу
Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.
- Көлдің таза, тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.
- Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.
- Күн ашық болғанымен, ызғар бетті қарып барады.
- Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.
Күшейткіш буын қалай жасалады?
ІҮ тур «Сипатта»
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздермен сипаттаңыз.
І топ ІІ топ
Алма Пияз
тәп-тәтті ап-ащы
Ү тур «Жалғастыр»
І топ ІІ топ
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ап- жап-
ҮІ тур «Қайратқа көмек»
Қайратқа шашылып жатқан қос сөздерді жасалуына қарай үш қалташаға бөліп салуға көмектес
темір-терсек жора-жолдас қып-қызыл үп-үлкен
дұп-дұрыс кезек-кезек үйрек-қаз топ-топ
сөйлей-сөйлей киім-кешек ап-анық талай-талай
Қайталама қос сөздер |
Қосарлы қос сөздер |
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер |
ІҮ Қорытындылау
ҮІІ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Ережелер сайысы
Ү Үйге тапсырма
Ережелерді қайталау.
4-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойыңыздар.
ҮІ Бағалау
Бағалау парағы арқылы жинаған ұпай сандарын есептеу, бағалау