Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
- Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін кеңейту. Негізгі және туынды сын есімдерді ажырату.
- Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекіліктер: Электрондық оқулық, тірек-сызба, интерактивті тақта, кесте
Түрі: интенсивті-кешенді сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Қабат, қабат қапталған,
Ақыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
(Кітап)
Кітаптарың дайын ба?
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)
Дәптерлерің дайын ба?
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан.
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі.
(Қалам)
Қаламдарың дайын ба?
Білім мен тәлім,
Парақтап ашқанда
Беттерінен мәлім.
(Күнделік)
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау. (Интерактивтік тақтада арқылы сызба толтыру)
Етістік шақтары
Өткен шақ Осы шақ Келер шақ
сұрақтары
мысалдар
келтіру
ІІІ. Жаңа сабақ: Сын есім түрлерін электрондық оқулықта берілген сызба, тапсырмалар үлгісімен түсіндіру
Сын есім
Мағынасына қарай Тұлғасына қарай Құрамына қарай
|
|
|
|
|
|
|
Оқулықтағы 130-жаттығуды ауызша орындау.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңнен сын есімдерді табу, сұрақ қою
- Алғашқы шумақтағы сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету
Дәптермен жұмыс
431-жаттығуды жазу. Сын есімдердің астын сызу, негізгі және туынды сын есімдерді ажырату
ІV. Танымдық сұрақтар (Мәтін мазмұнына байланысты)
А) Геолог дегеніміз кім?
Ә) Қаныш туралы не білеміз?
Б) «Қаныш аға – 110 жаста» өздері шығарған өлең шумақтарын айту
(Қ.И. Сәтбаевтың өмір жолы туралы интерактивті тақтадан фотомонтаж көрсетіледі)
- Өздік жұмыс
- Тапсырма: Төмендегі сөздер қай сөз табына жататынын анықтап, туынды сын есімдер жасау, сөйлем құрау.
І нұсқа: Ақыл, ой, білім, өнер
ІІ нұсқа: Біл, жүз, тап, тер
Жұмбақ шешу:
Сырты жасыл қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.
(Қарбыз)
- Сындық ерекшеліктеріне кесте толтыру
Не? | Түсі | Көлемі | Дәмі | Иісі | Сапасы |
қарбыз | |||||
жуа | |||||
құрт |
VІ. Танымдық тапсырма:
Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгіліне қатыстырып жаз:
Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.
Қыс Көктем Жаз Күз
… … … …
VІІ. Шығармашылық жұмыс: «Менің досым» тақырыбына туынды сын есімдерді қатыстырып әңгіме жазу.
VІІІ. Бағалау: Төмендегі кесте бойынша бағаланады.
№ | Оқушының аты-жөні | Өткенді қайталау | Танымдық сұрақ | Өздік жұмыс | Танымдық тапсырма | Шығармашылық жұмыс | Қорытынды баға |
ІХ. Қорытындылау:
- Сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- Сабақтан не білдің?
Х. Үйге тапсырма: 435-жаттығу