Қайталау. Бірдей сандарды қосу және азайту
Тақырыбы : Қайталау. Бірдей сандарды қосу және азайту.
Мақсаты: Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтап қайталау.
Міндеті:
Бірдей сандарды қосу және азайту,бір амалды, екі амалды есептерді шығара білу, өрнектер құру,салыстыруда алған білімдерін бекіту.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту.
Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: СТО стратегиялары
Көрнекілігі : ойын элементтері, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
- Қызығушылықты ояту
1.Психологиялық дайындық
Математика сабағын ,
Жақсылап ұғып аламыз.
Сәулесі деп сананың
Мәнінен ой табамыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы.
(« Қайталау – білім анасы»)
Жұмбақ
Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. ( Мектеп)
-Дұрыс балалар біз білімді мектептен алатын болғандықтан мектеп-кеме, білім-теңіз,барар жерге тез жетерміз,-дегендей білімді теңізге теңей отырып, білім теңізіне саяхатқа шығамыз. Жол-жөнекей аралдарға тоқтаймыз.
Ой шақыру
1-арал « Кім жылдам?»
1- тапсырма:12 -3- 3-3-3
12 алманы үш-үштен бөліп салды . Сонда неше тәрелке қажет болды?
2- тапсырма :
12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Әр тәрелкеге неше алмадан салды?
3 -тапсырма : Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр кесеге неше литр қымыз құйды?
2-арал «Кім зерек?»
II Мағынаны тану
14,15,16,18 санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.
Үлгі : 15-5-5-5=0 15-3-3-3-3-3=0
14-7-7=0 14=2-2-2-2-2-2-2=0
3-арал «Есеп аралы »
Әнші — 20 Шешуі: 60- (20+6) =34 (д)
Биші -6 60 Жауабы:
Домбырашы-?
Байқауға қатысты-42 (а) Шешуі: 42-6= 36 (а)
Жүлде алды-6 ( а) Жауабы:
Жүлде ала алмады-? (а)
Венн диаграммасы Есептердің айырмашылығы неде?
-Қандай ұқсастығы бар?
Сергіту сәті
Жұмбақ есеп.
Кеше сабақ оқуға,
Келіп еді 5есек
1-еуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек.-?
4-арал «Ойлан, тап !»
- 1. Теңдеулерді шеш:
27+х=90 90-х=63
2.Мына суретте малшының үйі салынған. Ол үй қандай фигурадан тұрады?
-Шаршы 2см, тік төртбұрыш 4см, 3см, үшбұрыш3см,3см,3см..
Осы геометриялық фигуралардың периметрін тап.
3.Бақшаға 1 балық, 2есек, 3 үйрек, 4 түлкі, 2 бүркіт, 4 жарқанат әкелді.
Бақшаға ойыншық әкелді қаншама?
5-арал «Кім жылдам?» Семантикалық карта
мысал | 71 | 53 | 35 | 54 | 33 | 47 |
34+19 | ||||||
71-18 | ||||||
46+25 | ||||||
53-18 | ||||||
50-17 | ||||||
71-24 |
III Ой – қорыту аралы. «Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу
- Ондықтары әртүрлі,бірліктерінің цифры 2-ге тең барлық екі таңбалы санды ата.
- Нәтижесінде нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды10 санынан біртіндеп азайтуға болады?
- Ондықтарының цифры 1, бірліктерінің цифры әр түрлі барлық екі таңбалы санды ата.
- Нәтижесі нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды 12 санынан біртіндеп азайтуға болады?
Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау,мадақтау.
Үйге тапсырма: №6 №5 (б )