Логикалық ойындар
Логикалық ойындар
Құрметті әріптес, мектептерде бастауыш сыныптан ақпараттану сабақтары жүргізіле бастады. Көбінесе сынып жетекшілері береді. Ұстаздарға көмек болсын деп біраз ойын топтамасын жіберіп отырмын.
№1. Кубик жасау үшін неше шаршы керек?
№2 . Тіктөртбұрыштан қалай шаршы жасаймыз?
№3. Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады?
№4. Ат сиырдан қарарақ, сиыр иттен қара Ең қарасы қайсысы?
№5. 2 таяқшаның неше ұшы бар? 2,5 таяқшада ше?
№6. Қыздың 4 лентасы болды. 1-уін теңдей 2-ге бөлді. Қызда қанша лента болды?
№7. Аулада қаздар жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар?
№8. Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр. ?
№9. 2 бала 3 сағат шахмат ойнадлы. Әр бала неше сағат ойнады?
№10. 2 қатар полкада 3-тен кітап болды. Тағы кітап сатып алдынды да, әр полкаға бұрынғыдай кітап қойылды. 2 қатар полкіде неше кітап болды?
№11. Бауырсақ қонақ үйге келеді. 1 күнге 1 теңгеден төлеу керек. Бауырсақта 1 теңгелік және 3 теңгелік бар еді. 3 күн тұрса қалай есеп айырысыр еді?
№12. Әкесі мен баласына 40 жас. 3 жылдан соң оларддың жасы қанша болады?
№13. Дана 13 пен 18 жұлдыз аралығында туды. Туған күнін табу үшін неше сұрақ бересіз. «Ия», «Жоқ» деген жауап қана қабылданады. 1 ші сұрақ қандай болады?
№14. 1 ден 1000 –ға дейінгі сандар жазу үшін қанша цифр керек?
Алматы облысы. Райымбек ауданы. Сарыжаз орта мектебінің информатика пәні мұғалімі. Орманова Құралай.