Күн көзін бұлт баспасын

Тақырыбы: Күн көзін бұлт баспасын

Мақсаты: 1) Өтілген материалдар бойынша оқушылардың білімін жинақтау.

2) Сөйлеу тілдерін дамыту.

3) Сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: суреттер, сандар, кесте.

Әдісі: сұрақ- жауап, ойын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақ:

  1. Өткенді қайталау. Әр қатардан бір оқушыға «Әскердегі ағама» өлеңін мәнерлеп оқыту.
  2. Заттың атын, түсін, қимылын, санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоятындығын қайталау.
  3. Оқулық бойынша жұмыс.

-Бас әріппен жазылатын сөздерді қайталау. (Кестемен жұмыс)

182 – жаттығу дәптерде орындалады.

Ойын: «Мен қандаймын?»

184 – жаттығу ойын түрінде орындалады. «Сыңарын тап»

қиын – оңай                қымбат – арзан

ауыр – жеңіл              жалпақ – жіңішке

терең – таяз                толық – арық

Ойлану: — Бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады?

«Көршісін ата» ойыны.

185 – жаттығу (математика пәнімен байланыстыру). Оқушы тақтаға шығып өзі қалаған ойыншығын алады. Сол ойыншықта берілген санды, оның көршілерін атайды. Суреттерді іледі.

-Балалар, жаңа біз математика пәніне байланысты ойнадық. Енді ойланайық.

Ол үшін 186 – жаттығуға қарап, тапсырмаларын жазайық.

аман

бақытты

Елім            тату            болсын

тыныш

берекелі

Сергіту сәті: Жұмбақ шешу.

Күн шапағын ілу.

Бұлттарды орналастыру. Осы суретке байланысты

«Күн көзін бұлт баспасын» өлеңімен таныстыру.

-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

-Үш қатардан үш оқушыға оқыту.

-Кезектесе оқыту.

ІІІ. Бекіту. Бір заттың атын, сынын, қимылын, санын атату.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Ойнап та, ойлап та отырған балалардың білімдерін бағалау, қажетіне қарай мадақтау.

Ү.Үйге тапсырма беру.

«Күн көзін бұлт баспасын» өлеңін жаттау, 187- жаттығуды дәптерге орындау.