Жаңбыр. Б. Майлин. Бұлбұлдың әні М. Төрежанов

Сабақтың   тақырыбы: Жаңбыр. Б. Майлин. Бұлбұлдың  әні М. Төрежанов

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                          .Оқушыларды   «Жаңбыр »  өлеңі  мен  «Бұлбұлдың  әні  »  әңгімесімен    таныстыру.  Әңгіменің      мазмұны  мен  идеясын  меңгерту. Жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктері  мен  сұлулығы  жайлы  әңгімелеу.

Дамытушылық:        Оқушыларды  сауатты,  мәнерлі,  әсерлі  оқуға  баулу.  Шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  ықпал  ету,  ойлау  шеберлігі  мен  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.

Тәрбиелік:                                Оқушылардың  өнерге,  білімге  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  тәрбиелеу. Адамгершілік,  ізгілік  қасиеттерін  бала  бойына  ұялату.Табиғатты  аялау,  табиғатқа  жанашырлықпен  қарауға  баулу.

Сабақтың   типі:                         Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы..

Сабақтың  түрі:             Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                    Суреттері.  Бүктемелер.  «Жыл  мезгілдері», «Көктем»  тақырыбындағы  суреттер.

Сабақтың   барысы:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Жаңа  сабақ.

ІҮ.     Жаңа  сабақты  бекіту.

Ү.      Қорытындылау, бағалау.

ҮІ.     Үйге  тапсырма.

Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)    Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

 

Жаңа  сабақ.

Сабақ  тақырыбы  мен  мақсатымен  таныстыру

  1. Оқушыларды   «Жаңбыр »  өлеңі  мен  «Бұлбұлдың  әні  »  әңгімесімен    таныстыру
  2. Әңгіменің      мазмұны  мен  идеясын  меңгерту.
  3. Жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктері  мен  сұлулығы  жайлы  әңгімелеу.

 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жаңбыр  түрлері

 

 

 

 

 

Жаңылтпашты  жаңылмай  айт.

Көктем   жауын-шашынсыз  болмас,

Жауын-шашынсыз  болмаса,

Жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктері

                                                               Жасынсыз  болмас.

Оқулықпен  жұмыс.

Өлеңді        мәнерлеп    оқу.

— Мәнерлеп  оқып  беру.

— Мазмұнын  түсіндіру.

— Өлеңді  оқушыларға  тізбектей  оқыту

Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау:

 

  1. Осының алдында  оқылған өлеңдерде жаңбыр туралы  не айтылып  еді? Мына  өлеңде ше?
  2. Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек  жауады?  Неліктен?
  3. Жаңбыр жауғанда  көл  неге  көбейеді?
  4. «Шалғынға»  мағыналас  сөздер  тауып  көр.
  5. Өлеңде  қайталанып  тұрған  сөзді  тап.  Өлеңді  жаттап  ал.

 

Сергіту  сәті.     Жаңылтпашты  жаңылмай  айт.

Тамшылар  тамшы  тамса,

Тағылар  таса  тапса.

 

 

 

М. Төрежановтың  «Бұлбұлдың  әні»     әңгімесін       мәнерлеп    оқу.

— Мәнерлеп  оқып  беру.

— Мазмұнын  түсіндіру.

— Мәтінді  оқушыларға  тізбектей  оқыту.   

Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау. 

 

  1. Мәтіннен Әбдеш  пен  жолдасының  қайсысының  көп  білетінін  байқадың?
  2. Әбдешті жолдасы  не  мақсатпен  ызаландырды?
  3. Әбдештер тоғай аралап жүріп нені көрді? Көрген құстың даусы., түрі қандай еді?
  4. Ол қандай  құс  еді‚  неге  даусы  жағымсыз  болып  шықты?
  5. Бұлбұл балалар  ұзаған  соң  неліктен  сайрай  жөнелді?
  6. Мәтінге  сүйеніп  балалардың  әңгіме-дүкен  құрып  отырған жерін суретте.
  7. Әңгімені рөлге  бөліп  оқыңдар.  Мәтінді  бөліктерге бөл‚  ат қой.

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:  Әңгімені  түсініп  оқу,  мазмұндауға  дайындалу.