Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов

Сабақтың   тақырыбы:     Тұңғыш  ғарышкер Олжас  Сүлейменов

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                          Оқушыларды   тұңғыш  ғарышкер  туралы  мәліметпен   таныстыру. О.Сүлейменовтың  «Тұңғыш  ғарышкер»   өлеңімен  таныстыру.   Өлеңнің    мазмұны  мен  идеясын  меңгерту.

Дамытушылық:        Оқушыларды  сауатты,  мәнерлі,  әсерлі  оқуға  баулу.  Шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  ықпал  ету,  ойлау  шеберлігі  мен  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.

Тәрбиелік:                                Оқушылардың  өнерге,  білімге  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  тәрбиелеу. Адамгершілік,  ізгілік  қасиеттерін  бала  бойына  ұялату.Өнерді  құрметтеуге,   өнер  адамдарын   тани  білуге,   өнерлі  болуға  баулу. Оқушыларды  ерлікке  ,  батылдыққа,  отансүйгіштікке   баулу.

Сабақтың   типі:                         Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы..

Сабақтың  түрі:             Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                    Суреттері.  Бүктемелер.

Сабақтың   барысы:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Жаңа  сабақ.

ІҮ.     Жаңа  сабақты  бекіту.

Ү.      Қорытындылау, бағалау.

ҮІ.     Үйге  тапсырма.

Ұйымдастыру  кезеңі:  а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктері  туралы  әңгімелеу.

Көктем  мезгілінде  12  сәуір   –    ғарышкерлер   күні

Жаңа  сабақ.

Сабақ  тақырыбы  мен  мақсатымен  таныстыру

ҒАРЫШ.  ҒАРЫШКЕРЛЕР   (суреттермен  жұмыс)

Оқулықпен  жұмыс.

Өлеңді        мәнерлеп    оқу.

— Мәнерлеп  оқып  беру.

— Мазмұнын  түсіндіру.

Оқушыларға  тізбектей  оқыту,  мазмұнын  сұрау.

 

Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау:

  1. Тұңғыш космонавт  кім?
  2. Ақын Гагариннің  ақ  жолын  неліктен  «ала  бөтен»  дейді?
  3. Неліктен ақын  ел‚  тарих‚  өлең‚  байтақ  даланы  және  табиғатты  анаға  теңейді?
  4. Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін  ақын  қалай  суреттеген?
  5. Ақын Гагариннің  жерді  сүйетіндігін‚ қадірлейтінін  қалай  бейнелеген?
  6. Дүние жүзіне әйгілі  тұңғыш  ғарышкер  Гагарин  болса‚ егеменді  еліміздің  тұңғыш

ғарышкері  кім‚  ол  жайында  не  білесің?

  1. Космосқа Гагарин  қашан  ұшты?  Тоқтар  Әубәкіров  ше?
  2. Өлеңді дұрыс‚ мәнерлеп‚ нақышына келтіріп оқы.
  3. Өлеңде қайталанған сөзді тауып‚ оның әрбір жолдағы мәнісін түсіндір.

 

Оқушыларды Тұңғыш  қазақ  ғарышкері  туралы  мәліметпен   таныстыру.

Т.  Әубәкіров —  ғарыш  әлеміне  ұшқан  тұңғыш  қазақ  ғарышкері,  сынақшы-ұшқыш.  Ол 1946 жылы Қарағанды  облысы Қарқаралы ауданы «1 Май» колхозында темір ұстасының әулетінде туған. Тоқтар ата- анасынан жастай жетім қалып, апасының тәрбиесінде болған. 1991 жылы қазан айында ғарышқабірінші рет көтерілген қазақ азаматы.Осы ерлігі үшін оған Халық Қаһарманы атағы берілді.

 

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Үйге  тапсырма:  Әңгімені  мәнерлеп  оқу,   түсінік  айтуға  дайындалу.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.