Бос тау жыныстары
Сабақтың тақырыбы: Бос тау жыныстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос
тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен
таныстыру.Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Тау жыныстары жинағы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Тау жыныстары |
гранит әктас
тұз тас көмір
мұнай газ
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру.
- Бос тау жыныстарымен таныстыру.
- Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру.Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Майда тау жыныстарымен таныстыру.
Құм және саз. ҚҰМ
Олардың түстері, пайдасы. Бос тау жыныстары
САЗ
ҚҰМ ─ Суға ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.Түйіршектердің құрамына қарай түстері де әр түрлі болады.Ақ, қара, сұрғылт, сарғыш. Таза құмнан әйнек дайындайды.
САЗ ─ өте майда тау жынысы. Саз құрғағанда тас сияқты қатып қалады. Суға салса, жібиді, илеуге келеді. Саздан кірпіш құяды, отқа төзімді заттар, бағалы ыдыс─аяқтар, құмыралар жасайды.
Құм | Су өткізеді |
Саз | Су өткізбейді. |
Тәжірибемен дәлелдеу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Құм мен саздың ұқсастығы неде?
- Қандай айырмашылықтары бар?
- Құм мен сазды неге қолданады?
- Су өткізгіштік қасиетіне мысал келтір.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу