Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қолданылуына қарай пайдалы қазбалардың үш топқа бөлінетіндігі
жайлы түсінік беру. Әр топтың анықтамасы мен оған енетін
пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Тау жыныстары жинағы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Базалық білім: Жанғаш пайдалы қазбалар. Кен пайдалы қазбалары. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Олардың өндірілетін жерлері.
Тірек білім: Тау жыныстары. Пайдалы қазбалар жайлы білетіндері.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
А) мәтінді тұтас оқу.
ә) Мәтінді бөлімге бөліп оқу.
Пайдалы қазбалар | ||
Жанғаш пайдалы қазбалар | Кен пайдалы қазбалары | Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар |
Тас көмір Мұнай Газ |
Тұз, фосфорит, әктас Мәрмәр, гранит, Құм, саз |
Темір, мыс Қорғасын алюминий |
Сарамандық жұмыс.
Қазақстан картасынан Қарағанды, Екібастұз көмір бассейндерін, Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау мұнайлы ауданын, Жезқазған мен Қоңырат кен орындарын, Қаратау фосфорит кен орындарын т ап.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Жанғаш пайдалы қазбаларға не жатады?
- Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі?
- Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардан қандай өнімдер алынады?
- Дәптермен жұмыс. Жанғаш пайдалы қазбалар, кен пайдалы қазбалар, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деген сөздерді дәптерге жазу.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.