Ою-өрнек. Оның шығу тарихы

Тақырыбы :   Ою-өрнек.  Оның  шығу  тарихы.

 

Сабақтың  мақсаты:        Оқушыларға  сабақты  түсіндіру.  Көне  заманнан  келе жатқан  ою-өрнектің  қыр-сырына    мән  беру.  Ұлт  өнерін, мәдениетін  түсінуге,  бағалауға  ,   үйрету.     Қызығушылықтарын  арттыру.

Білімділігі:                         Ұлттық  өнер  түрлерімен  таныстыру.

Тәрбиелік  мақсаты:        Ою-өрнек  оқушының  ой-өрісін  жан-жақты  дамуына,   халқымыздың  асыл     мұрасын,  салт- дәстүрімен  өнерін

құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:                Аралас  сабақ.

Пәнаралық байланыс :   Тарих, биология, астрономия.

Көрнекіліктер:                  Ою-өрнек  түрлері,  қолөнер  бұйымдары.

Сабақ барысы :               

  1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу.  Сабаққа  дайындықтарын  тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты  түсіндіру:

Ою-өрнек  өте  ежелгі  өнер. Тарихи-ғылыми деректерге  жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек  өнері  ежелгі  замандардан  бастау алып келе  жатыр.  Ою-өрнектің  атауы  мен  түрлері өте  көп. Көп ғалымдар  бүгінге  дейін 200-дей  түрін   анықтаған. Соның ішінде  мүйіз тектес  ою  көп тараған.  Бұған елімізде  ұзақ жылдар  жүргізілген  археологиялық  зерттеулердің   нәтижесінде   анықталған ежелгі  мәдениеттің  үлгілері дәлел бола  алады. Архиологиялық  қазба жұмыстарында  табылған керамикалық  ыдыстардың  біразы геометриялық  ою-өрнектермен, яғни  ирек қалыппен  өрнектелген. Ою-өрнектің  мазмұндық  ерекшелігі  бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік , қошқар мүйіз  оюы-молшылық , байлық  — мазмұнын  берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу  болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа , сүйекке  сала бастаған.  Заман ағымына қарай  ою-өрнектер де дами  түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.

  1. Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы, сабағы , дәні/
  2. Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/
  3. Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.

Төл өнерімізді зерттеуге  Европа  ғалымдары еөп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін  ғылыми  тұрғыда  талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанмен , олардың жасаған  тұжырымының  бәрі  де қазақ ою-өрнектерінің  ішкі  ұлшттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді.

Кезінде  белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 – дей оюдың атауы мен 50-ге жуық  ою-өрнектің  мазмұнын ашты..

Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын  қағазға  түсірген. Ал  бүгінгі  таңда  суретші – шебер, оюшы  көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып,  жаңа ою-өрнек  түрлерін   дамытып  келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі  таңда арта  түсуде

Ендігі  міндет – ұлттық дүниетаным  ерекшелігін  танытатын  осы  өнер саласын  заман  талабына   сай   жетілдіріп көркем, рухани  қазына  ретінде  пайдалана  білу.

ІІІ. Жаңа  сабақты  бекіту:

  1. Ою-өрнек қалай пайда  болды?
  2. Ою-өрнек қанша топқа  бөлінеді?
  3. Дөңгелек нені білдіреді?
  4. Бейбітшілік, байлық, молшылық қай оюға мағына  береді?
  5. Үйге тапсырма:

Табиғаттан  /аң-құс/  алынған  өрнектердің  суретін  дәптерге орындап келу.