Жатыс септік

Сабақтың   тақырыбы:  Жатыс  септік

Білімділік                                 Оқушыларды  жатыс  септігінің  жалғауларын‚  оларға  қойылатын  сұрақтарды  меңгерту. Септік   туралы  алған  білімдерін  пысықтау.

Дамытушылық:                       Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөздік  қорын  дамыту,  сөйлеу,  әңгімелеу  дағдысын  жетілдіре  отырып,  мәнерлеп  сөйлеуге,  әдемі  жазуға,  өз  бетінше  жұмыс  орындауға  дағдыландыру.

Тәрбиелік:                      Ұжымда  өзін-өзі  ізгілікке  тәрбиелеуге  дағдыландыру.Зеректікке,  ұқыптылыққа, адалдыққа  баулу. Көркем  жазу  арқылы  әсемдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:            Пысықтау   сабағы.

Сабақтың  түрі:              Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:            Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:                   Сөйлем  ,  суреттер,  қи мақағазар‚ «Септіктер»  кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өтілген  сабақты пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.     Үйге  тапсырма.

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

Жатыс  септігі                                 Барыс  септігі

 

ҚАЙДА?

 

 

–да‚  –де‚  –та‚  –те                                    –қа‚  –ке‚  –ға‚  –ге

 

  1. Б. с. кімге? неге?  қайда?                               –қа‚ –ке‚– ға‚ –ге.
  2. Ж. с. кімде? неде?  қайда?                             –да‚ –де‚ –та‚ –те

 

Жатыс  септік.

Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

Септіктер

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

  1. Жатыс  септіктегі  сөздерге  қандай  сұрақтар  қойылады?
  2. Жатыс  септіктің  жалғаулары  қандай?
  3. Жатыс  септіктегі  сөздер  сөйлемде  қандай  мүше  болады?

Жаңа  сабақ.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

 

———————————————————————

(Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі.

61–жаттығу.  Өлеңді  жатқа  жаз.

 

Гүл  ектік  аулаға‚

Көктемде  көңілді.

Бақта  да,  бауда  да,

Ақ  гүлдер  өрілді.

Жатыс  септіктегі  сөздердің  астын  сыз.  Оларға  сұрақ  қой.

 

62-жаттығу.

Тиісті сөздерді  қойып,  сөз  тіркестерін  құра.

Бірнеше  сөйлемдер  құра.

 

Үлгі:  түйеде  мүйіз  жоқ.

 

 

Сергіту  сәті.

63-жаттығумен  жұмыс.

 

64–жаттығу.  Қала   сөзін  барыс  және  жатыс  септіктеріне  қойып  екі  сөйлем  жаз.  Екі  сөйлемде  де  ауыл  сөзі  қайда?  сұрағына  жауап  беретін  болсын.

 

Пысықтауға  арналған  жаттығу  жұмыстары.

 

Мәтінді  түсініп  оқы.

Шөл  далада  не  түрлі  мақұлық  тіршілік  етпейді  десейші!  Құмда  селтиіп  өскен

Бұталардың  бұтақтарына  жабысып  агама  кесірткелері  тұрады.  Мұнда  жұмырбас  кесіртке

де  тіршілік  етеді.  Мұнда  жұмырбас  кесіртке  де  тіршілік  етеді.  Ыстықтаса  немесе

қауіп–қатер  төнген  кезде  құмға  батып‚  көзден  ғайып  болады.  Ол  құйрығын  иіріп‚  аузын

арандай  аша  айбат шегіп‚  жауларын  қорқытады. Бірақ‚ шын  мәнінде‚ оның  еш  зияны жоқ.

Қарамен  жазылған  сөздер  қай  септіккте  тұрғанын  айтып‚  септік  жалғауларын  ата.

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау

Үйге  тапсырма: Ереже  жаттау . 65, 66-жаттығу.