Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың орман–тоғай өсімдіктері мен жануарларының көп
түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін
қалыптастыру. Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру. Алған
түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір
алуға баулу.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Жануарлар әлемін қолдауға‚ қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жануарлар мен өсімдіктер және олардың алуан түрлілігі» суреттер жиынтығы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Базалық білім:
Орман–тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Оқушылардың орман–тоғай өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігі туралы қарапайым ғылыми негізі бар түсініктерін қалыптастыру.
- Оларды қорғаудың маңызын ұғындыру.
- Алған түсінік ұғымдарын сабақтастырып қисынды ой–пікір алуға баулу.
Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.
— Мәтінді тұтас оқу.
— Мәтінді тұтас оқып, түсінігін айту.
— Мұғалімнің тапсырмасы бойынша керек жерін теріп оқу
Картамен жұмыс. Оңт. Орал мен Алтай арасында шағын ормандар өседі.
Жануарлар тіршілігіне қолайлы. Жануарлар одан өздеріне мол азық, баспана таба алады. |
Қайыңдар, көктеректер, шыршалар, жемісті бұталар, дәрілік қасиеттері мол шөптер бар |
Топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста қатпайды |
Орман жануарларының көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, т.б. болып келеді. Орман құстары да сан алуан. Тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ т.б. |
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу