Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Сабақтың мақсаты: Квадраттық теңдеуді шешуде формулаларды
тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру
Дискриминант арқылы квадрат теңдеулерді
шешу
Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда
қолдана білуге дағдыландыру.
- Белсенділігін көтеруге, ойлау
қабілетін арттыруға, өз ойын
жүйелеуге, тез шешім
қабылдауға ұқсастықты, қарама-
қайшылықты байқауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын
арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін,
шығармашылық қабілеті дамыған тұлға
тәрбиелеу. Алған білімдеріне
жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне
сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Білімді бекіту
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Түгендеу.
Әрбір балаға нәтижелік карта үлестіріледі.Оны бала толтырады.
Аты-жөні
| Анаграмма Сергіту | Тест | Теориядан сұрақ | Теңдеу шешу | Өздік жұмыс | Қорытынды |
Ұпай саны | ||||||
Ұпай саны | 3 | 9 | 6 | 7 | 2 | 27 |
15-27 ұпайға дейін «5» баға, 9-14 ұпайға дейін «4» бағасы ,5-8 дейін «3» бағасы қойылады
І кезең: «Қызығушылықты ояту»
1.Анаграмма ( теңдеу, коэффициент, түбір)
- Ңеетду
- Фэкоцинетиф
- Үртіб
- Ой қозғау . Теориялық материалды қайталау:
Әрбір жауапқа бір ұпай қойылады.
Сұрақ – жауап
- Қандай теңдеуді квадраттық теңдеу дейміз?
- Толымсыз квадраттық теңдеулер дегеніміз не?
- Келтірілген квадраттық теңдеу дегеніміз не?
- Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
- Теңдеуді шешу дегеніміз не?
- Тест «Квадрат теңдеудің түрлері
Семантикалық карта
Теңдеу | Толымды | Толымсыз | Келтірілген | Келтірілмеген | Толық балл |
x2 + 5x – 3 =0 | |||||
6x2 + 5 =0 | |||||
2x2 – 4x =0 | |||||
5x – 7x2 + 2 =0 | |||||
2x2 =0 |
Тексеру
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды, бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Теңдеу | Толымды | Толымсыз | Келтірілген | Келтірілмеген | Толық балл
|
x2 + 5x – 3 =0 | |||||
6x2 + 5 =0 | |||||
2x2 – 4x =0 | |||||
5x – 7x2 + 2 =0 | |||||
2x2 =0 |
Бағалау: Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен қойылады.
Оқушылар кілт бойынша бір –бірін тексереді.
ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру ( электрондық оқулық бойынша түсіндіріледі.
1.Квадраттық теңдеуді шешу алгоритмі
2.Дискриминанттың 3 жағдайы
- а+в+с, а-в+с арқылы теңдеу түбірлерін табу
Егер,а+в+с=0, болса, онда х1=1 х2= с∕а
Егер,а-в+с=0, болса, онда х1=-1 х2= — с∕а
ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
№128 Квадрат теңдеудің дискриминантын есептеп, қанша түбірі болатынын көрсетіңдер.
1) х2 – 5х – 8 = 0
a = 1, b = – 5, c = – 8
D = b2 – 4ac = (– 5)2 – 4(– 8) = 25+32 = 57>0
екі түбірі бар.
3) х2 – 14х + 49 = 0
бір түбірі бар.
5) – 0,5х2 + 6х — 7 = 0
a = – 0.5, b = 6, c = – 7
екі түбірі бар.
№129 Теңдеуді шешіңдер:
1) х2 + 3х + 2 = 0
a = 1, b = 3, c = 2
; ,
3) х2 + 7х + 12 = 0
a = 1, b = – 7 , c = 12
; ,
В деңгейі №134
3) 2х(5х-7) = 2x2 – 7
10x2 – 14x – 2x2 + 7 = 0
8x2 – 14x + 7 = 0
түбірі жоқ.
3) (х – 5)2 = 3х2 – x + 14 = 0
x2 – 10x + 5 – 3x2 + x – 14 = 0
– 2x2 – 9x – 9 = 0
; , ;
- Өзіндік жұмыс
Тиімді тәсілмен теңдеулерді шешіңдер:
І нұсқа І нұсқа
а) 2х2-5х+3=0 а) х2-2х-3=0
ә)5х2-8х+3=0 ә) х2+3х+2=0
Жауаптары: І нұсқа ІІ нұсқа
А)-1;1,5 а)1;-3
Ә) 1;0,6 ә) -1;-2
ІV. Қорытынды. Үйге тапсырма беру.
Кез-келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:
- Жалпы жағдайда ДИСКРИМИНАНТТЫ табу формуласын, оның үш жағдайын білуіміз керек.
- Дербес жағдайларды мұқият ескеру:
- Егер,а+в+с=0, болса, онда х1=1 х2= с∕а
- Егер,а-в+с=0, болса, онда х1=-1 х2= — с∕а
- Рефлексия
Оқушылардың ойларын білу:
—Мен білдім…
-Қызықтандым…
-Қиын болды…
-Мен түсіндім…
-Мен үйрендім…
Мен шығара алдым…
Мен өзім шығарып көрдім…
Рахмет, сау болыңыздар!