Б.Майлин Күлпаш

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин    Күлпаш

Сабақтың мақсаты: Б.Майлин туралы түсінік беру. «Күлпаш» мәтінін талдап,   идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже:: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, оқыған мәтін туралы өз пікірін, ойын айта алады.

СілтемеАна тілі оқулығы,  интернет материалдары, слайд, фишкалар, кинофильм
Тапсырмалар1.     Кесте тотыру

2.     Азат жолдап оқу

3.     Үзінді бойынша сұраққа жауап беру

4.     Күлпаш бейнесін ашу

5.     Кейіпкерге хат

6.     Эссе жазу

Қосымша тапсырмаларАшаршылық дегеніміз не? Постер жасау
 

 

Жүргізетін жұмысым

УақытыМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті
 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

12 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

6минут

 

 

9минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (Үшбұрыштар, шаршылар, дөңгелектер).

ІІ Топ ережесін еске түсіру.

ІІІ. Сабақтың жүру барысы Блум таксономиясы бойынша 

І: БІЛУ Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Топтармен жұмыс.

Күрес атауыСол кезеңде болған батырлар мен хандар

1 топ: Жоңғарлармен күрес

2 топ: Кеңес үкіметіне қарсы күрес

3 топ: 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

 

ІІ. ТҮСІНУ: 

—         Балалар, ал бүгінгі сабақта не туралы оқитынымызды мына бейнефильмнен біле аламыз, ол үшін назарымызды тақтаға аударайық. (Фильмді қою )

—         Не туралы оқимыз? Оны неден аңғардыңдар?  (Б.Майлин туралы слайд көрсету. Ашаршылыққа арналған ескерткіш туралы айтып өту)

—         «Күлпаш» мәтінін бөліктерге бөліп топтарға беру. Сол бойынша сұрақ қойылады.

1-топқа : Мықтым мен Күлпаш неге жылады?

2-топқа: Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпаты қандай?

3-топқа: «Бәрі де шықпа жаным шықпа» деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?»

 

ІІІ. ҚОЛДАНУ: 

1топ: «Кедейдің өмірі» эссе жазу

2топ: «Кейіпкерге хат»

3топ: «Қали мен қазіргі балалар»

 

ІV. Талдау

V. ЖИНАҚТАУ: 

Ашарылық дегеніміз не?

VІ. Бағалау. 

Түстер бойынша өздерін бағалау

Үй тапсырмасы 

Мазмұндау

Рефлексия Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерге жазып тақтаға ілейік.

 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!

Мұғаліммен сәлемдесу.Оқушылар топқа бө-лініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

Өткен сабақта құрған сыныптың ережесін еске түсіреді. Рөлдерін бөліседі.

Оқушы өздері білетін мәліметтер бойынша ойланып кестені толтырады, жауап береді.

 

 

 

 

 

Көргендері бойынша қорытынды жасап, ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

Мәтінді оқиды, өзара талдайды. Соңында бір бала шығып мазмұндайды.

Оқушылар берілген үзіндіні топта талқылап, ойлана отырып, берілген сұраққа топтың ортақ жауабын айтып, жауап береді. Жағдаятқа байланысты ұтымды ойларын ортаға салады. Сыни ойлайды. Нақты жауап берге тырысады.

 

Бір-бірімен ақылдасады. Топпен жұмыс жасайды, сыни  ойланады, постер жазады.

Бүгінгі сабақта не үйренгенін, не білгенін жазады. Балалар парақшадағы бағалар бойынша өздерінің қорытынды бағаларын біліп отырады.

Әңгіменің аяқталуын өз қиялдары бойынша жазады.

Сабақтан алған әсерін парақшаға жазып,жапсырады.