Қайырымдылық
Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»
Сабақтың мақсаты: М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау СТО стратегиясын, топпен жұмыс
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: жазушы М.Сүндетовтың портрет, мақал,суреттер,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Психологиялық әзірлік:
Торғай, торғай, торайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын теріп ал
Сонда аязға тоңбайсың
Үй тапсырмасын тексеру:
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа
-Қыстап қалатын құстарға қалай қамқор боласыңдар?
-Қандай құстар біздің ауылымызға қыстап қалады?
Үйге «Торғай» мәтіні берілді.
Мәтін авторы кім? Ж.Аймауытов
Павлодар облысы 1889-1931
Әншілік өнері жазушы
Композиторлық қабілеті бар «Ақбілек» романы
Мәтінді 4 бөлікке бөліп, ат қою мазмұнын сұрау:
- Жыланның арбауы
- Құстарға қамқорлық
- Батыл торғай
- Аман қалған балапандар
Көрініс бойынша суреттерін әңгімелету.
Салған суреттерді тексеру.
Мағынаны тану:
а/Қызығушылықты ояту.
Тақтада цифрлармен әріптер шатастырылып берілген. Цифрларды өз орындарына қойсақ жаңа тақырып аты шығады. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық»
Авторы туралы мәлімет беру.
Мағзұм Сүндетов 1936 жылы Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкісіне дүниеге келген.
Еңбектері: «Жол айрығы», «Күтем сені Дидар», «Еліктің лағы», «Қызыл ай» т.б
б/Оқулыұпен жұмыс:
Мәтінді оқыту, ат қою, бөлімдерге бөлу.
а/Ұқыпты оқушы
ә/Мұхтардың күшікке көмегі
б/Мейрімді ана
1-2 оқушыдан мазмұнын сұрау.
Сұрақтар беру:
- Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
- Мектептен келе жатқанда қандай оқиғаға тап болды?
- Мұхтар не үшін қуанды?
- Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
- Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі неде?
Тапсырма:
- Мәтіннен күшіктің аянышты халін суреттейтін тұсты тауып оқы.
- Әңгімеден Мұхтардың ұқыптылығын көрсететін жолдарды тауып оқы.
Топтастыру стратегисы:
Мұхтар қандай оқушы?
Ұқыпты Қайырымды
Батыл Қ Мейрімді
Қорғау Ізгілікті іс
Жақсылық жасау Көмектесу
Ой толғау. Еркін жазу стратегисы:
- Топқа кейіпкерге хат
- Қайырымдылық
- Мұхтарға мінездеме
- Қайырымдылық туралы мақал-мәтел
Мұхтарға хат
Мұхтар, сен нағыз батыл баласың! Маған сенің сотқар балалардан қорықпай кішкентай күшікті құтқарғаның қатты ұнады. Киіміңнің лас болғанына қарамай, күшікке көрсеткен көмегің- нағыз қайырымдылық деп ойлаймын.
Қайырымдылық
Қайырымдылық- жақсы қасиет. Ол кішіге қамқор болу, үлкенге көмектесу, ізгілікті іс жасау. Қайырымды адамды туыстары жақсы көреді, мақтан тұтады.
Мұхтарға мінездеме
Мұхтар- ұқыпты оқушы. Үнемі таза жүреді. Ол күшікті құтқарып өзінің батыл, қайырымды екенін көрсетті.
Қайырымдылық туралы мақал-мәтел.
- Жақсығы жасаған жақсылық өмір бойы тозбайды.
- Мейрімділік жүректен
Мейрімсіздік білектен
- Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында
Бағалау
Үйге: мәтінді оқу.