Аяласаң, табиғатты аяла!

Тақырыбы: «Аяласаң, табиғатты аяла!»

Мақсаты:Оқушыларға жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, табиғатты сүйюге және қамқор болуға, жанашырлық сезімге баулу.

Түрі: сайыс

Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, ойын

 

Көрнекілігі: мультемедия, табиғат туралы даналық сөздер, көріністерге байланысты                                                          безендірулер.

 

Жоспары: І бөлім: Ұйымдастыру

ІІ бөлім: Табиғатқа серуенге шығу

ІІІ бөлім: Сайыс

ІҮ бөлім.Қорытындылау.Жүректен-жүрекке

 

 

Жүру барысы:

 

І.Ұйымдастыру

 

Мұғалім:  Табиғат, Жер – Ана, Отан, туған жер , атамекен деген сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер.Адамның өзі сол Табиғат пен Жер –Ананың перзенті.Табиғатпен Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау әр адамның азаматтық борышы екенін айта отырып, «Аяласаң, табиғатты аяла!» атты ашық өнеге сағатымызды бастаймыз.

 

Психологиялық дайындық.

Армысың аспан әлемі,

Мейірімді Жер –Ана .

Армысың менің ұстазым

Армысың менің достарым.

 

ІІ.Табиғатқа серуенге шығу

 

Оқушылар қазір біз табиғатқа серуенге шығамыз.Айналаға қараңыздаршы табиғат қандай тамаша!Табиғатсыз өмір жоқ.Ол – байлықтың көзі, адам өмірінің негізі.

Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз.Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жеріміз сортаңдап қалды.Табиғат — әділ сыншы.

Енді, оқушылар  табиғат туралы өлең-тақпақтар білеміз бе?Табиғат туралы білетінімізді ортаға салайық.

1-о                                                                                   2-о

Егемендік нышаны жарқын жастық,                      Табиғат алтын күнім, асыл айым,

Көркейтейік туған жер табиғатын,                         Шашылған жұлдыз мерует жастанайын,

Кең даламда жайқалсын алтын астық.                   Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Кең даламда жайқалсын алтын астық.                   Ашық па, жабық па деп қас-қабағың.

3-о                                                                                  4-о

Табиғат әсемдіктің төркінісің,                               Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.                        Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,                            Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Сенен алып тұрғандай  бар тынысын.                  Тіліңді түсінуге тырысайын

 

ІІІ.Сайыс

Сыныпты екі топқа бөлу  І топ: «Күн»

                                            ІІ топ «Түн»

Ортаға екі топты  ата-аналарымен бірге шақыру

 

Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық.

 

Ал, құрметті халайық

Жарысты енді көрелік

Әділқазы алқасы

Әділ баға берейік.

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

 

Жүргізуші:          Гүл көңілің қуаныштан өрілді

Жанарыңнан жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді

 

1)Сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру.

Екі топ өздерін ата-аналарымен бірге таныстырып өтеді.

 

Жүргізуші:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламыз бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай  бар тынысын.

 

2)Келесі кезекте «Сен білесің бе? кезеңі

 

Бұл бөлімде екі топ бір біріне жұмбақ жасырды,ал,ата-аналар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

 

Ән: «Болайықшы осындай

 

Жүргізуші:

Табиғат-көркем жырым, асқақ әнім,

.    Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп

Т іліңді түсінуге тырысайын

 

3)Келесі бөліміміз «Сандар сыр шертеді».

Экранға назар аударайық.Бұл бөлімімізде көк түсті және қызыл түсті сандар жазылған.Көк түс оқушылардың тапсырмасы, ал қызыл түс ата-аналарлың тапсырмасы.осы сандардың ішінде берілген тапсырмаларды орындаймыз.

 

Ән: «Саржайлау»

 

Жүргізуші:

Кел, бабалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

4) Келесі бөліміміз ата-аналармен бірігіп, сөзжұмбақ шешу

Жүргізуші:

Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған.

Табиғатты ана деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

 

5) Соңғы бөліміміз «Табиғат –алтын бесігім»

.Бұл бөлімде табиғатты қорғау, аялау бағытында топ мүшелері ата-аналарымен бірігіп көрініс көрсету.

 

Ән: «Ертегілер елінде»

 

ІҮ. Қорытындылау

 

Сөз кезегін әділқазыларға береміз.Сайысты қорытындылап, жеңген топты анықтау, марапаттау.

 

Жүректен – жүрекке

 

Ал,қанекей оқушылар, ортаға шеңбер құрып тұрайық.Есіміміздің бірінші әріпінен басталатын жүрегімізден шыққан жылы сөзімізді, тілегімізді осы гүлді беру арқылы айтайық.

Хормен:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.