Қосарлама қос сөздер
Тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
білімділік —қос сөз,қосарлама қос сөз,қосарлама қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру,қазақтың ұлттық ойын түрлерімен таныстыру;
дамытушылық-ойын түрлері арқылы оқушылардың ой-өрісін,танымын,өз бетімен ізденуі арқылы қабілеттерін жетілдіру,сөзжасам туралы түсініктерін дамыту;
тәрбиелік-оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,Отанын,жерін сүюге,адамгершілік қасиеттерге,эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға,әділдікке,тапқырлыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы даярланған слайдтар, М.Әуезов шығармалары
Типі:жаңа білімді меңгерту.
Түрі: ойын сабақ.
Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,шығармашылық арқылы пікірін қорғау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Пайдаланылған әдебиеттер:
1«Сөзжасамды оқытуға қосымша» Б.Б.Жахина 2007жыл
2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2008жыл\
3 Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; оқушы зейінін сабаққа аудару; бүгінгі сабақтың мақсатын айту.
Үй тапсырмасын сұрау
1«Ақсүйек ойыны арқылы сыныптағы 22 оқушыға ішінде «ақсүйекгі» бар конверттер таратылады.Тек 6 оқушы ғана тапсырма жазылған (сүйектің суреті бар) конверт табады.
2 Тақтадағы түстерді таңдау арқылы жұмбақтардың шешуін табу (жұмбақтардың ішінен қос сөздерді айтып өту)
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қ О С А Р Л А М А
Жаңа сабақ.
1.Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Қосарлама қос сөздердің құрамына назар салайық
Мағынасы бір-біріне жақын сөздер және қарама-қарсы мағыналы сөздер қосарланады. | Құрт-құмырсқа,әке-шеше,ағайын-туыс,үлкен-кіші,іші-сырты,аға-іні |
Бір сыңары мағыналы,екінші сыңары мағынасыз | Келін-кепшік,бала-шаға. |
Екі сыңары да мағынасыз | Ығы-жығы,екен-саяқ |
Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер | Үгіт-насихат,оқу-ағарту,саяси-экономикалық,қазақша-орысша,ғылыми-танымдық. |
- Ойнайық та, ойлайық!
«Көкпар» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп,қос сөздердің сыңарларын тауып жазу
82-жаттығу
Дос- Жігіт- Әмпей-
Сана- Қыз- Тым-
Ат- Шал- Егжей-
Ас- Шапан- Бытықы-
Қару- Ақсақ- Атау-
Сән — Қора- Далдың-
Кескін- Арық- Алапай-
Қиын- Қант- Ымы-
Апалы- Әуре- Қылтың-
- Семантикалық картамен жұмыс
Түрлері
Мысалы | Мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздердің қосарлануы
| Бір сыңары мағыналы,екіншісі мағынасыз сөздердің қосарлануы
| Екі сыңары да мағынасыз сөздердің қосарлануы
| Кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер
| |
1 | Ығы-жығы | ||||
2 | Ыдыс-аяқ | ||||
3 | Бала-шаға | ||||
4 | Ғылыми-әдістемелік | ||||
5 | Ақ-қара | ||||
6 | Туыс-бауыр | ||||
7 | Мал-жан |
- Оқулықпен жұмыс
84-жаттығу.Сөйлемнен қосарлама қос сөздерді тауып,қосарлама қос сөздердің қай түріне жататынын анықтау
5.Шешендер сайысы
Алтын сандықтан шыққан мақал-мәтелдердегі қос сөздерді табу.
- …………. көсем боласың, ………….. шешен боласың.
- ………….ның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
- Әдептілік ………… –адамдықтың белгісі.
- Ақылды адам ……….. келеді, ………. байқай келеді
- Мен оқыған шығарма
М.Әуезов шығармасынан үзінді (мәтін ішінен қос сөздерді айтып өту)
- Жеке оқушымен жұмыс
86-жаттығу 1 Өлеңді түсініп оқу 2 Қарама-қарсы сөздер жасау
- Мен таңдаған мамандық (Бекіту)Оқушылар пікірі
Үй тапсырмасы 1. 87-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,қос сөздердің жасалуын түсіндіру.
2.Ережелерді жаттау
Оқушыларды бағалау
Қос сөздер, түрлері, емлесі
Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.
1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.
2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.
4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер:ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.
5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:
жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.
6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздердеп аталады.
Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б
Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.
2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.
3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.
4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.