Қош келдің , Наурыз !

Тақырыбы : Қош келдің , Наурыз !

Мақсаты : Жыл мезгілдеріне тоқтала отырып , көктем мезгіліндегі наурыз

мерекесін балаларға толық меңгерту.

Оқығаннан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу.

Ізгілікті – елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту техналогиясы

 

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, көрнекілік.

 

Көрнекілігі:   Автордың суреті, кластер мерекелерге, «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдары

 

Өту барысы :

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа әзірленулерін қадағалау. Келген қонақтарға орындарынан тұрып амандасу.

 

  1. Өткенді қайталау, тексеру, үй жұмысын сұрау.

а) – Бір жылда қанша мезгіл болады ?

— 4

— Қандай ?

— Қыс, көктем, жаз, күз.

— Қазір жылдың қай мезгілі ?

— Көктем

— Үйге қандай тапсырма берілді ?

— Қабыкен Мұқышевтың «Көктем» өлеңін жатқа айту.

ә)- Осы көктемнің қандай мерекелрін білесіңдер ?

— 8 наурыз, 22 наурыз

— Тағы осы екі мерекелерден басқа тағы қандай мерекелерді білесіңдер ? (гүл түрінде кластер құрастыру)

1 – 2 қаңтар                  Жаңа жыл

8 наурыз                       Халықаралық әйелдер күні

22 наурыз                     Наурыз мерекесі

1 мамыр                        Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

9 мамыр                        Жеңіс күні

30 тамыз                        Конституция күні

16 – 17 желтоқсан        Тәуелсіздік күні

 

  1. Жаңа сабақ.

а)  Осы мерекенің ішіндегі біздің өтетініміз  М. Дулатовтың «Хош келдің , Наурыз !» тақырыбын өтеміз.

ә)  Мақсатын айту

б)  М. Дулатов кім ?

( Өткен сабақты еске түсіре отырып , автордың өмірбаянына тоқталу.)

в)   М. Дулатовтың  «Қош келдің , Наурыз !» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізбекпіз сондықтан сендер наурыз жайлы не білесіңдер?

г)   Бізде бүгін  «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдарынан кішкентай жазушы , журналистер келіп отыр.

Сендер наурыз мерекесі жайлы қандай ой , мысалдар білесіңдер ?  (Әр журналдың атынан үш оқушы қысқаша наурыз туралы үзінді оқиды .)

д) – Ал , балалар енді мәтінді абзацқа бөліп дауыстап оқимыз , тізбектей . (әр абзацты талдау)

— Оқи отырып «түртіп алу» тапсырмасы бойынша сөздік жұмысын жүргіземіз. Қарындашты алып оқулыққа белгілейміз

—    мен үшін түсініксіз

+    мен үшін жаңа ақпарат

?     мені таң қалдырды

V    білмеймін

е) Мәтін оқылып қортындыланған соң. «түртіп алу» тапсырмасын талдау және дәптерге жазу.

ж)  — Сонымен , балалар наурыз жыл басы екенін білеміз. Біз тағы қандай мерекені жыл басы етіп тойлаймыз ?

—  Наурыз мейрамы және Жаңа жыл мерекесі

Екі мерекені вендиограммасы бойынша салыстыру.

 

Жаңа жыл                                                                                 Наурыз мерекесі

мерекесі

 

 

 

 

з) Салыстыру бойынша кішкене журналистерге сөз беріу

 

  1. Қорыту , пысықтау.

а)   Карточка тарату.

Бес жол өлең жазу.

1 Не?

2 Қандай ?

3 Не істеді?

4 Синонимі

5 Қорытатын бір сөйлем жазу.

ә) Бата айту

  1. Үйге тапсырма.

«Қазақ халқының табиғат құбылысына зор мән беретіні» жайлы ата – анадан сұрап білу.

  1. Бағалау