Қош бол, бастауыш!

Қош  бол, бастауыш!

Кештің мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің   кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді  болуға шақыру.Мектепті яғни,білім ортасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай  білуге тәрбиелеу.Ата-анасын,Отанының  адал  ұл-қызы  болуға  жетелеу,тәрбиелеу.Ақыл,ой  өрісін  дамыту.Бастауыш сыныбымен,білімнің  алғаш  есігін  ашқан  ұстаздарымен  қоштастыра  отырып,жоғарғы  сынып  мұғалімдеріне  әр  баланы  өз  ерекшелігімен  таныта  отырып,сәт  сапар  тілеп  табыстау.

Бастаушы:кіріспе сөз:Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбаты әрәптестер,оқушылар!Бүгінгі  күн  осында  отырған  бәріміз  үшін  ерекше  күн.Оның  ерекшелігі  сол,осыдан  4жыл  бұрын  мектеп  табалдырығын   жүрексіне   аттаған  балаларыңыз  білімнің  негізі  болып  саналатын  бастауыштан білім  алып,қанаттарын  қатайтып  енді  бастауыш  сыныпбен қоштасқалы отыр.

Толқимыз,толқып  тұрсыз  баршаңыз  да

Мұндай  күй  болған  сірә қаншаңызда.

Қол  соғып,қошеметтеп  шақырайық

4 А гимназия  сынып  оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен   бастауыш   сынып  оқушылары  ортаға келеді.

ҚР-гимн  орындалады.

Бастаушы:Ертеңгілікті  ашу үшін  мектеп  басшысы  Құсайнова  Зәуре Әбдікәрімқызына сөз кезегі беріледі. Cынып  оқушыларын  марапаттау.

1-жүргізуші:Бала  шаққа  болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге  ой  түзеткен  сымбатты.

Күн  нұрындай  сәуле  құйған  көңілге,

Армысыздар,ұстаздарым  қымбатты!

2-жүргізуші:Армасыздыр   әжелер мен  аналар

Ұрпағыңыз  күнде  өзіңнен  бата  алар .

Ел  дәстүрін  мәңгі  сыйлап  оқы  деп,

Үйреткен  ғой  Абай,Ыбырай  аталар

1-жүргізуші:

Қош  келіпсіз,өр тұлғалы  әкелер,

Қыран  құстай  болашағын мәпелер.

Бүгін  міне,бастауышпен  қоштасады

Азамат  боп,кешегі сәби-еркелер.

 

 

2-жүргізуші

Қош  келіпсіздер,құрметті  қонақтар

Хормен:Мектеп-кеме,Білім-теңіз,

Барар  жолға  тез  жетеміз,

Адаспаймыз  ұлы  жолда

Ұзтаз  берген  білім  қолда

1-ші  жүргізіуші:

Мектеп-білім  бастауы

Тәрбие  беріп  оқытқан

Ұзтаздың  зор  ғой  еңбегі

Оқытқандарын  тоқытқан

1-ші  оқушы:

Мектеп,мектеп – ашық  жарқын  көңілім,

Мектеп,мектеп – шаттық  толы  өмірім,

Мектеп,мекеп – әнім  болып  төгілдің,

Мектеп,мектеп – жан анам  болып  көріндің.

2 – оқушы

Мектебім  жылы  ұям,бесігім

Күнде  ашық  мен  үшін  есігің

Білімнің  шуағын  мол  сепкен

Ұстазым,қымбат  қой  есімің.

3-ші  оқушы

Мектебім,сүйікті   мектебім

Бауырыңда  түлеймін,жетемін

Сен  бұлақ,мен  қайың  бүр  ашқан

Өзіңнен  нәр  алып  көктемін.

Ән:Аяулы  мектебім.

2-ші жүргізуші:

Бастауышым-бал  бұлағым,

Алдым  сенен  балдың  дәмін,

Әріп  танып,білім  алдып,

Алғысымды   жаудырамын.

4-ші  оқушы

Ұстазым-ұлағатым,сая  бағым,

Шәкіртті  өз  балаңдай  аяладың

Қолыма  әліппенің  кілтін  берген

Адалдық ақ  жолыңды  бағаладым.

5-ші  оқушы

Балғын  шақта келіпедім

Бал  қызыққа  еніп  едім

Тағдырымның   билігінде

Сізге   сеніп беріп едім.

6-шы  оқушы

Әліппе  мен  аштым  өмір  есігін

Тербетемін   білім  бөбек  бесігін

Өмір  деген  өрлі-өзенге  шомылып

Жаттап  өстім ұстазымның  есімін

7-ші  оқушы

Әлі  есімде мектепке  алғаш  барғаным

Өз  қолыммен  әліппені  алғаным

Санай  ашып  Әліппенің  парағын

Әріптерге  үнсіз  ұзақ  қарадым

8-ші оқушы

Есімде  ұстаздың  алғаш  қарсы  алғаны

Айқара  есік ашып  тастағаны

Бір мереке  думан  боп  осы  маңда

Жетелеп  бір  сыныпқа  алып барғаны.

Енді  міне,сағымдай  боп  өте  шықты

4 жыл  уақыт  аз  ба екен,кім  біліпті,

Ұстаз  ана  жасады  мына  бізден

Ел  таңғалар  азамат  бір-бір  мықты

9-шы  оқушы

Үйретіп  бізге  алғаш  әліппені,

Ұстазым  ғылымға жол  салып  берді,

Адамның  ой-арманы  мақсаттары,

Оқудың  сәулесімен  жарық көрді.

10-шы  оқушы

Өмірге  жол  бір  өзіңнен  бастадым,

Алфавитті  алғаш  сенен  жаттадым.

Ұстаз-ана  естен  кетпес  мәңгілік,

Мейіріммен  жаурынымнан  қаққаның.

11-ші  оқушы

Жүзің  жылы,құшағың  кең

Сенен  түлеп  ұшамын  мен.

Өзің  берген  біліміңмен

Биіктерге  шығамын  мен.

12-ші  оқушы

Ақылшы  асыл  ұстазым

Өзіңе  мен  де  ұқсармын.

Жеткенше  қайрат  күш-әлім

Биікке  самғап  ұшармын.

13-ші  оқушы

Сіз  менің әкемдейсіз,анамдайсыз,

Мен  үшін армандайсыз,алаңдайсыз

Ұстазым  сізден  артық  ақылшым  жоқ

Адалдық  пен  парасаттан  жаралғансыз

Көңілін  бар  шәкірттің  таба  алатын

Кеудеге  намыс  отын  жағалатын

Өзіндей  болса,шіркін  барлық  ұстаз

Жез  таңдай,күміс  көмей,сөзі  алтын.

14-ші  оқушы

Ұстаз  жолы  қиынырақ  басқадан

Сырлары  мол  әлі  сыртқа  шашпаған

Шаршаса  да  осы  жолдың  бойында

Қандай  жақсы  шын  бақытын  тапса  адам

15-ші  оқушы

Өзгеріп  жатыр  бүгін  қала  қырым

Құп  алып  аналардың  даналығын

Бет  алып  бара  жатыр  болашаққа

Аяулы 10-ақ  жасар  балалығым

16-шы  оқушы

Өткенде  бізден  ағаттық

Байсалдылықпен тағат  қып

Балалық  болса  кешірген,

Байыппен  баурап  өсірген

Үлгілі  әр  кез  ұстамды

Анадай  көріп  сыйлаймыз

Мейірімге  толы  құшағың

Көрсеткен сара  жолыңмен

Биікке самғап ұшамын.

1-жүгізуші

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден  балаға –деп Абай  атамыз  айтқандай,ұстазымыз  жыл  бойы  білім  нәрімен  сусындатты,хат  танытты,еңбек  ете  білуге  үйретті,білімге жетеледі,  әдептілікке  үйретті.Сондықтан  да  алғашқы  ұстазымызға  мың  алғыс  айтып,басымызды  иеміз.

Ән  —  Ұстазым.

1-ші жүргізуші

Құрметті  ұстаздар!

Біз  сіздер  оқытып  жүрген  барлық пәндерді  ардақтаймыз.Сөздеріңізге   ықылас  қоя  тыңдап,зер  салып  оқып,үйреніп  жүрміз.Әр  бір  пән  мұғаліміне  біздерге   жан-жақты  білім   берген  үшін  алғысымыз  шексіз.

 

17-ші  оқушы

Анашымдай  сыр  шерткен

Ақыл  білім  үйреткен

Ана  тілін  оқимын

Ерекше  зор  құрметтеп.

18-ші  оқушы

Математика  сабағын

Жақсылап   ұғып  аламын

Сәулесі  деп  сананың

Мәнінен   ой  табамын

19-шы оқушы

Ой  жіберсем   мәніне

Дүниетану пәніне

Өмір  сырын  үйретер

Пәннің  жақсы бәріде

2-ші  жүргізуші

Ақыл,сана,берген  білім тереңін

Алғысы  көп мектебіне  өреннің

Ұлағатты  ұстаздарға  сол  үшін

Айтады  арнау  сөздерімен  көрсетеді  өнерін.

1-ші  жүргізуші

4  жыл  бойы  білім  берген,нәрімен сусындатқан Набира апайды ортаға шақырамыз.

Альмира:

Қолыма  алғаш  қалам  ұстатқызған

Апайым   Набира  қымбат  маған.

Сабырлы да  салмақты қалпыменен

Қажымай  үйретуден  бір  танбаған.

Көреміз  көзіңізден  мейірімді,

Сеземіз  анамыздың   алақанын.

Қыран  ана секілді  күтіп баптап,

Ұшырған  ұясынан  балапанын.

Айтамыз,апай,сізге  көп-көп  алғыс,

Қашанда  қасыңыздан  табылармыз,

Бастауыш-бар  білімнің  негізі деп

Біз  сізді  әрқашан  сағынамыз.

2-ші  жүргізуші

Мектеп  табалдырығын  аттаған  күннен  бастап  бізді  алғаш  рет   орыс  тілі,ағылшын  тілімен  таныстырған  Ақмарал  апайымыз.Ендеше  ортаға  Ақмарал    апайды  шақырып, сөз кезегін береміз.

Арайлым:

Здравствуйте! Деп  бүгін

Амандасар  бәріңмен.

Орыс  тілі  мен  болам,

Достастырар өзге  ұлтпен.

Елге  қосам ырыс-құт,

Достасады  халықтар,

Достар  сәні-туыстық!

Орыс  тілі және ағылшын пәнінің  мұғалімі Ақмарал апайға арнау.

Үш  тұғырлы  тіл –біздің  ұранымыз,

Ақмарал апайдан көп сұрармыз.

Орыс  тілі мемлекеттік  тілден  кейін

Керек  болар  тіліміз,құмарымыз

Бүгінде  тілді  білсек  қор  болмаймыз,

Шүлдіреп   тұрсақ  егер  зор  болмаймыз

Тілейміз  Ақмаралдай   апайларға

Болашаққа  сілтейтін  жол   болғайсыз.

Гүлзинат

Үш  тұғырлы  тілдің  бірі-ағылшын

Гуд  мони деп  амандасып  мен  тұрмын

Ағылшынша  сайрап,бүкіл  әлеммен

Ұғыстырар,достастырар  мен  тілмін

 

1-ші жүгізуші:

ЭВМ мен компьютер

Есеп-оның  анасы.

ақыл-ойға  тетемін,

Ақиқатқа   жетемін.

Есептесе   дұрыстап,

Елге  қызмет етемін.

Ортаға   информатика  мұғалімін Назгүл  апайды  шақырып, сөз кезегін береміз.

Назгүл  апайға  арнау.  Жанерке

Монитор,пернетақта-сөздің  басы,

Өрлейді   компьютермен  өрге  тасың.

Бүгінгі  жаһандану  заманында

Назгүл  апайымның  зор  ғой  бәсі.

Күтеміз  ықыласпен  әр  сабағын,

Оқимыз   жіберместен  бір  парағын.

Барынша  игеруге   тырысамыз,

Осы  деп  бұл  заманның  зор  талабы.

2-ші  жүргізуші:

Қызыққа  жұрт  кенелді,

Қуанышқа  бөленді.

Шынығуды   бастаушы-

Шынықтырғыш  кел  енді!

Ортаға  дене  шынықтыру пәнінің  мұғалімі  Гүлзада   апайды  шақырып, сөз кезегін береміз.

Айтолқын:

Сәлем  достар,білімдар!

Қане  түзу  тұрыңдар

Мәнді  қимыл  жасаймыз

Маған  назар  бұрыңдар

Демалыңдар  бір-екі

Үш,төрт,бес  деп  біз  енді

Бүгейік  қос тізені

Көтер  ал   да  қолға  гир

Көтер  оңға,солға  бір

Терең  демал,бір,екі,үш

Терең  дем ал,жүре  түс

Жаттығулар  не  түрлі

Денсаулықтың  кепілі.\

Гүлзада  апайға  арнау.  Мақсат

Кім  білмейді    Гүлзада  апайды

Спорт  десе  жоқтан  ол  бар  жасайды

Қашанда  спортзалдан  табылады

Жұрт  оны  денсаулыққа жаршы атайды

Гүлзада  ұл – қызың  жүлдегер боп

Түсінші  алшасынан  асығыңыз

Қашанда  биіктерден  қол бұлғасын

Азаматқа  лайық  кәсібіңіз.

1-ші  оқушы:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өн  бойыма тамырланып  тарады

Ұмытпаймын  салған жолын  ақылын

Хормен:мәңгі,мәңгі,мәңгі  есімде  қалады

45-минуттың  қызықтары!

Би: «Жұмыр  қылыш»

Құттықтау сөз  бастауыш   бірлестік  жетекшісі Смағұлова  Базаргүл   апайға  беріледі.

1-ші  жүргізуші:

Келбетінде  ұлылық,

Даладай  кең  пейілі.

Ана  деген-жылылық,

Ана  деген-мейірім.

Ақыл  құйған  санама

Күннен  де  артық  расында.

Күн   алыста,ал  анам

Ылғи  менің  класымда.

2-ші  жүргізуші:

Ардақты  анам,асылым,

Бүгін  сені  жырлаймын.

Жырымның  ең  асылын

Бір  өзіңе  арнаймын.

1-ші  жүргізуші:ата-анамызға   деген  біздің  көңіліміз,мейіріміз     ұшан-теңіз.Ата-аналарымызға  шат көңіл,мықты  денсаулық  тілей  отырып ән  арнаймыз.

Әкешім  тілеуімді  тілеп  жүрген,

Аумайсың  жарығы мол  ашық күннен.

Шаршамайсыз  жұмыс  істеп біздер  үшін.

Ақылды  балаларың  оны  білген.

Кеудемнен  сезім селі ақтарылсын,

Болармын  күні  ертең –ақ  мақтанышың.

Білім алып,тер төгем,еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.

Құттықтау сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Бақтыбаев Саяттың әжесі Ырысбибі апайға,  Сисенғалиев Саяттың анасы Айгүл апайға беріледі.

Ән:  «Мама»

Би: «Домбыра»

2-жүргізуші:

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандықты таңдап алған ұстаздар қауымы,егеменді еліміздің болашақ тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келеді.

1-жүргізуші:

Ел тізгінін ұстау үшін біздерді мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаздарымыз  еліміздің тыныс тіршілігі туралы білім беріп жаңалықтарымен таныстырып келеді.

2-жүргізуші:

Олай болса,еліміздегі жаңалықтарға тоқтала кетсек қайтеді.

 

1-жүргізуші:

Егеменді  еліміздің Тәуелсіздік алғанына  20-жылдық мерей тойын тойладық. Бұл біздің 10 жасымызбен және бастауышты бітіру мерекемізбен тұс па тұс келіп отырғаны  қуанышты жаңалық.

2-жүргізуші:

Ендеше, біздің білім алуымыз үшін бар жағдайды жасап отырған еліміз,Отанымыз туралы лебізімізді білдірейік.

Оқушы:

Бұл өмірде екі анам бар менің,

Бірінші анам-Отаным,

Екінші анам-өз анам.

Осы екеуі аман болса әр-қашан,

Жүзімізден күлкі кетпес ешқашан!

Оқушы:

О,менің қасиетті ұлы Отаным,

Атады арайланып құба таңың

Ерекше сезімменен ерте тұрып

Сергуді самалымен ұнатамын.

Оқушы:

О,менің қасиетті ұлы Отаным,

Жанымды жайлауыммен жұбатамын

Аралап аңызақты алқабында

Ағалар жайлап жайып жүр отарын.

Оқушы:

О,менің қасиетті ұлы Отаным

Қиямнан көз тартады құба таңың

Тәкәппар тауларыңа шығып тұрып,

Тоғанын  арманымның құлатамын.

Оқушы:

Отаным менің кең өлкем

Жатыр ол гүлге бөленіп

Жетілсем өсіп мен ертең

Жасасын жұртым төрелік

Досына ашып құшағын

Тартулы тәтті тағамы,

Ұл қызы көкті құшады

Қияда қанат қағады.

Оқушы:

Туған жерім Қазақстан Отаным,

Құшағыңда еркелеген ботамын

Бұзылмасын мәңгі берік қорғаның

Бар әлемді дүркіретсін атағың

Даңқыңды асыр қыран болып самға да,

Сүйіп өтер сені мендей бар бала,

Гүл жайнаса шам шырағым-Астанам,

Жүрегімен жыр толғайды бар бала.

Ән:  «Туған жер»

Хор: «Жаса,Қазақстан».

Би: «Брэк»  орындайтын ұлдар тобы

Хор: Бастауышым-балбұлағым