Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Сабақтың тақырыбы: Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру, «Көрші атам» өлеңімен таныстырып, «сәлем — сөздің анасы» туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, үлкендерді көргенде амандасуға, көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: М. Жаманбалинов суреті, суреттер, кестелер, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды сабаққа дайындау
ә) психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасы:
а) «О, қорқайын мен неге?» өлеңін мәнерлеп және рөлге бөліп оқу
Өткенді қорыту.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
— Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан және жіңішке
— Жуан дауыстыларды ата. А, о, ы, ұ
— Жіңішке дауыстыларды ата. Ә, ө, і, ү, е
Ойын «Кім жылдам?».
Суретке қарап сөзді табу, дыбыстық талдау жасау.
Үйрек, бұзау.
Күрек, ұлу.
Үйрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Бұзау – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Күрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.
Ұлу – 3 әріп, 2 дауысты, 1 дауыссыз, 2 буын
— Жұп дауысты дыбыстарды ата? Ұ-ү
ІІІ. Жаңа сабақ. Ү-ұ жұп дауыстылар
— Көркем жазу
— Күннің жадын жазу
— Дәптермен жұмыс
«Нағашы ата» туралы әңгіме жазыңдар.
55-жаттығу.
1.Сөздерді салыстырып оқу.
Ұн-үн
Ұш-үш
Ұю-үю
Тұс-түс
Сұр-сүр
Ұғу-үгу
Құз-күз
Тұр-түр
Құн-күн
- ұ-ү дыбыстарының ұқсас дыбысталуын байқа.
- Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.
56-жаттығу.
- Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
— Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.
— Сөздік жұмыс.
Көбелек – гүлден-гүлге қонып жүретін жәндік.
Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү.Оқулықпен жұмыс
«Сәлем –сөздің анасы»
«Көрші атам» мәнерлеп оқу.
— Көрші ата бізге кім?
— Үлкен адамдарды көргенде ең алғаш не істеуіміз керек?
— М.Жаманбалинов туралы мәлімет беру.
— Әр елдің сәлемдесу салттары.
Қазақ және Өзбек халқы Асалаумағалайкум! Уағалейкүмассалам!
Жапон халқы және қытай халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.
Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады.
Тапсырма.
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
— Сәлем, қалайсын, сәлембердік т.б. Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне қарай «Қайырлы таң»,»Қайырлы күн»,»Кеш жарық» деп те амандасады.
— Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?
— Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.
— Оқулықпен жұмыс.
«Біздер сәлем береміз» өлеңін мәнерлеп оқу.
— Е.Өтетілеуұлы туралы мәлімет беру.
ҮІ. Сабақты бекіту. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, мақалдарды айту.
— Сәлемдесуге қатысты мақал, нақыл сөздер:
..депті елдің б..ласы
Алыстан с..лем бер..ді
(қазақ мақалы).
С…лем беру де – парыз,
С..лем алу да – парыз
(өзбек мақалы).
…дептілік белг..сі – иіліп сәлем б..ргені,
Жақындықтың б..лгісі – к..ліп-кетіп ж…ргені
(Мақсұд Шайхзада).
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін не үйрендік?
Жұп дауыстыларды ата?
Әр ұлттың сәлемдесу салты қандай болады?
ҮІІ. Үйге тапсырма . «Көрші атам» өлеңін жатқа айту. 57-жаттығу.
ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.