Көпбұрыш.Көпбұрыштардың элементтері ,периметрі
Сабақтың тақырыбы:Көпбұрыш.Көпбұрыштардың элементтері ,периметрі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:бұрыш түрлерімен таныстыру; көпбұрыштардың элементтері,
олардың атауларын окып-үйрену.екі таңбалы сандарды оқи, жаза,
салыстыра білуге үйрету.
2.Дамытушылық:санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын
дамыту,шапшаң есептеу дағдысын,математикалық тіл
байлығын дамыту; санның құрамын қайталау,логика-
лық ойлауқабілетін,зейінін дамыту;есепті шығара алу
дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік: тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың жабдықталуы,көрнекілігі: тақта,плакаттар
«Үйшік » ертегісінің кейіпкерлері
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Хормен:Сәлем саған алтын күн.
Шуағыңды төге бер
Сәлем саған қара жер,
Байлығыңды бере бер.
Сәлем саған мектебім
Біліміңді бізге құя бер.
Ал олай болса білімімізге білім,ойымызға ой қосуға дайынбыз ба? Сабағымызды бастаймыз.
2.Ұй жұмысын тексеру
1м= 10дм
1м = 100см
3.Бірде тышқан келе жатып , даладағы бір үйге кез болды. Тышқан;» Бұл үйде кім тұрады»– деп сұрайды.Ешкім жауап бермеді. Сонда тышқан үйге кірейін деп есігіне жақындады.Ал үйшік өз тапсымасын көрсетті.
— Балалар,егерде тышқан үйшіктің тапсырмасын орындаса, сол үйшікте тұратын болады. Тышқанға көмектесеміз бе?
1.23 — 3 + 40 + 8 + 10 – 70 – 6 + 30
7 + 9 – 10 – 2 + 80 – 4 – 20 + 5 – 60
13 – 8 +50 – 5 – 40 – 7 + 60 – 3 + 7
Үйшікке Әтеш келеді. Есігін қағады. Тышқан Әтешке тапсырма
береді.
2.Математикалык диктант.
Есептерді оку, оқушылар тек жауаптарын жазады.
-Тосап кайнату үшін жеміс-жидектер сатып алынды. 6 кгжеміс қайнатылды. 8 кг қалды. Неше килограмм жеміс сатыпалынды? 14
-11 пиязды аршу керек. 3 пияз аршылды. Аршылмағаннеше пияз калды? 8
—Картоп пен пияз бірге 15 кг тартады. Картоптың массасы -7 кг. Пияз неше килограмм тартады? 8
—Саматта бірнеше төсбелгі бар. 9 төсбелгіні өзіне қалдырып, 5-еуін досына сыйлады. Саматта неше төсбелгі болды? 14
—Бірінші бидонда 12 л сүт, ал екіншісінде одан 4 л сүт кем болды. Екінші бидонда неше литр сүт бар? 8
Қаскыр даланы кезіп келеді. Үйшікті көріп есігін қақты.Қасқыр тышқан мен әтештен;- Бірге тұруға бола ма?,- деп сұрайды. Тышқан мен әтеш тапсырма береді.
3.Геометриялық фигуралар атау.
№2. Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін, оның барлық кесінділерінің ұзындығын қосу керек.
Жаңа материалды оқып-үйрену.
Ауызша жаттығулар орындалады. Тақтада әртүрлі геометриялық фигуралар бейнеленген. Мұғалім оқушылардан оларды топқа бөліп, жауабын түсіндіруді сұрайды.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Көпбұрыш- бұл тұйықталған сынық сызықтан құралған фигура.
Көпбұрыш элементтері: төбесі,қабырғасы,бұрышы.
Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы оның периметрі деп аталады.
Периметр (Р)
Р=а+в+с
Оқулықпен жұмыс
- Үйшікке қоян келеді. Жануарлар тапсырма береді.
№3.Көпбұрыштың периметрін тап.
Р=3см+3см+6см = 12см
Р = 3см+3см+2см+6см =14см
Сергіту сәті.
Жел уледі, уледі у-у-у
Құйын келіп биледі,зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты,гу-гу,
Жапырақтар қол соқты,ду-ду,
5.Үйшікке түлкі келеді. Жануарлар түлкіге тапсырма береді.
№4 Қызыл сынық-15см Шешуі:
Көк сынық-8см ? см қысқа. 15-8=7
Жауабы: 7см қысқа.
- Қарбан-қорбан-қорбандап аю кезіп келеді.
Тук! Тук! Тук! Үйшікте кім тұрады?
Үйшікке кіруге бола ма? Сендермен туруға бола ма?
Жануарлар аюға тапсырма береді.
№5. Салыстыр.
9+8 > 6+5 5+9< 9+9 59-9> 14-9+5
7+8= 6+9 3+9< 8+9 99-90 >18-9+80
Бұрыш түрлерін атап өту
Үйге 6-тапсырма
Қорыту: Мақтау,мадақтау. Бағалау.