«Қоңыр қозы» Тұрсын Жұртбай
Сабақтың тақырыбы: «Қоңыр қозы» Тұрсын Жұртбай
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру. Мұхтар Әуезовтың балалық шағынан мәлімет алу. Шығарманың құрлымын анықтай алуға.Топпен жұмыс жасау, болжау стратегиясын пайдаланып оқушыларға өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
- Ой қозғау стратегияны пайдалана отыра оқушылардың ойлау, қиялдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау икемдерін арттыру.
- Жақсыдан үлгі алуға, жамманнан алшақ жүруге тәрбиелеу.
Сұлулықты көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: интербелсенді тақтамен жұмыс,
ой қозғау,негізгі идеяны ашу, сұрақ-жауап, болжау стратегияларын пайдалану.
Қолданылатын құралдар:
Сөздік парағы, сұрақтар, житондар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру:
- Өткен тақырыпты қайталау
- Сабаққа мақсат қою.
- Жаңа сабаққа кіріспе
- Жаңа тақырып
- Шығармамен жұмыс
- Рефлексия
- Үйге тапсырма
- Бағалау
Ұйымдастыру:
Сабаққа даярлықты тексеру,ой ашар.
Өзімді жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын,
Бүгін-ертең жақсылық болсын.
Үй тапсырмасын тексеру:
Интербелсенді тақтада әр топқа сұрақ жазулы тұрады, сол сұрақтар арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Интербелсенді тақтадан тыңдау:
Кел,балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
3 шығармадан үзінді оқылады, авторын балалар атап беру керек.
І топқа
«Шаң- шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды.»
ІІ топ
«Қалмақтың жекпе-жекке бір қасқа атты батыры шығыпты. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты. Содан кейін Бөгенбай мынаған ешкім бармадыңдар ма деп, өзі белсеніп майданға шығуға айналады.»
ІІІ топ
«Е-Е, бұлдыр –бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен…»
Балалар шығарманың атын, авторын атайды, портрет ашылады.
Балалар автор туралы білгендерін ортаға салады.
Оқушылар сабаққа мақсат қояды:
Бүгін біз Мұхтар Әуезов туралы шығарма оқимыз. Оның балалық шағынан мәлімет аламыз.
Иә,бүгін біз сендермен тағы бір қазақтың ірі тұлғаларының бірі Мұхтар Әуезовтың бала кезінен үзінді оқимыз, ол кісінің мінез-құлқысы, адамгершілік қасиеті туралы оқып, білеміз.
Болжау стратегиясы арқылы үйде салған жұмыстары талданады.
Үйде балалар «қазақ даласы» тақырыбына сурет салып келеді (жазық дала, жасыл шөп, киіз үй, бұлақ, төлдер т.б.)
Дәптерлеріндегі суретерінде не бейнеленгенін айтады.
Шығармамен жұмыс :
Интербелсенді тақтадан:
Бүгін балалар Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» атты шығармасымен танысамыз.
- Сөздік жұмыс:
Түкті кілем- жаңа шыққан жасыл шөп,
Топырақтың сызы кеппесе де – жер кеппесе де,
Оқшау-алыстау,
Жасыл құрақ- жасыл шөп,
Самал жел – баяу, жылы жел
Шәкірт- оқушы,
Белдеу-киіз үйдің белбеуі.
Мініс ат – мініп, жүретін ат.
«Бауы берік болсын» — нәресте дүниеге келгенде айтылатын тілек.
Тал түс- шаңқай түс, дәл түс мезгілі.
Көзтаныс- бұрыннан танитын.
Кенет- ойламаған жерде.
Бірінші абзацты тыңдау, сұрақтарға жауап беру.
Әр топқа бір сұрақтан беріледі, дұрыс жауапқа житон беріп отыру.
Қай мезгілде болып жатқан оқиға?
Табиғатты қалай суреттейді?
Киіз үйді кім тіктірді? Не үшін?
- Екінші абзацты тыңдау.
Сұрақтар:
Мұхтар кімнің қолында өскен? аттарын атау.
Автор оны қалай бейнелейді?
Бүкіл ауыл Мұхтарды қалай атайды екен? Неліктен?
- Үшінші абзацты тыңдау.
Сұрақтар:
Әуез ата қайда жиналды?
Кімді ала бармақшы болды?
Олар немен барады екен?
Төртінші абзацты оқу.
Сұрақтар:
Абай ауылына қай мезгілде жетті?
Атасы кімдерге беттеді?
Мұхтар кімдерді көрді? Ол балалармен ойнады ма?
Соңғы бөлігін оқу.
Сұрақтар:
Кенет төбеден нелердің дауысы естілді?
Қаздар қайда қонды?
Мұхтардың іс – әрекеті.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
(ұзын құлақ сұр қоян)
Дәптермен жұмыс:
Дәптер бетін ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Әдемілеп жазайық
Шығарманы құрлымына талдау.
Шашыранқы тақырыпшаларды реттеп қою, дәлелдеу.
Шығарманың құрлымы:
- Басталуы: Мұхтар ауылының көрінісі
- Байланысы: Қоңыр қозы
- Дамуы: Қонаққа аттануы
- Шарықтау шегі: Достарын кездестіруі
- Шешімі: Ғажайып көрініс.
Рефлексия:
Мұхтар
Абай Шоқан
Бағалау: әр топбасшы бағалайды.
Ең белсенді топты житон санынан анықтау.
Үйге: № 4 тапсырмаға сүйене отырып «Көктем » атты шағын шығарма жазу. Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.
Сұрақтар:
Қай мезгілде болып жатқан оқиға?
Көктемгі табиғатты автор қалай суреттейді?
Киіз үйді кім тіктірді?Не үшін?
Мұхтар кімнің қолында өскен? аттарын атау.
Автор Мұхтардың бейнесін қалай суреттейді?
Бүкіл ауыл Мұхтарды қалай атайды екен? неліктен?
Әуез ата қайда жиналды?
Кімді ала бармақшы болды?
Олар немен барады екен?
Абай ауылына қай мезгілде жетті?
Атасы кімдерге беттеді?
Мұхтар кімдерді көрді? Ол балалармен ойнады ма?
Кенет төбеден нелердің дауысы естілді?
Қаздар қайда қонды?
Мұхтардың іс – әрекеті.
Сөздік
Түкті кілем- жаңа шыққан жасыл шөп,
Топырақтың сызы кеппесе де – жер кеппесе де,
Оқшау-алыстау,
Жасыл құрақ- жасыл шөп,
Самал жел – баяу, жылы жел
Шәкірт- оқушы,
Белдеу-киіз үйдің белбеуі.
Мініс ат – мініп, жүретін ат.
Тал түс- шаңқай түс, дәл түс мезгілі.
Көзтаныс- бұрынан танитын.
Кенет- ойламаған жерде.