«Көкпар» зерделілер сайысы

5 сынып

«Көкпар» зерделілер сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейтін, қабілеттерін ерекшелеу, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа, ширақтыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты:

  1. “Шапшандық ” сайысы
  2. “Көңілді санау”
  3. Ақ серек, көк серек
  4. “Сыр сандық құпиясы”

 

Жарыс заңы ежелден ,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріне,

Сайысты біздер бастайық !

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Сыр сандық құпиясын

Анықтап бір тастайық !

«Шапшандық»

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0
  2. 7 санына байланысты не білесіз? 7 күн, 7 қазына, 7 мүше, 7 жұт, 7 нан …
  3. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда
    қанша тартады?
    Бір пұт
  4. Ең кіші натурал сан? 1
  5. Жазыңқы бұрыштың шамасы қанша? 180
  6. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? 6
  7. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалындығындай үш көйлек жылы ма? Бірдей
  8. Жоқты білдіретін сан? 0
  9. Қабырғасы 13 см квадраттың периметрі? 52
  10. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
  11. 100 жылдың басқа атауы? 1 ғасыр
  12. 5 пілте жанып тұр, 3- еуі өшіп қалды. Неше пілте қалды? 3
  13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш

«Көңілді санау»

Әр топтан 1 сайысқа аз қатысқан оқушы шақырылады. Сайыс шарты бойынша екі топтың оқушылары 6 және 7 сандары кездесетін және осы сандарға еселік болатын сандардың орнына «жаңылмаймын» сөзін қолданып 1 ден 100 дейін санау, бірінші болып қателескен оқушының тобй жеңіледі.

Егер түнгі сағат 12- де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді
көруге бола ма?

Сергіту сәті:

оқушылар орындарынан тұрады.

  1. алақандарымен беттерін жабады
  2. қолдарын жлғары кетеріп керіледі

5 қайтара жаттығуды орындайды

Жеңіс таяу, қозғалма баяу

«Ақ серек, көк серек»

О, формула, фантастика секілді

Білесің бе, қызықтарды не түрлі

Сиқырланған формулалар қараңдар,

Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді

Сайыс шарты бойынша әр топ қарама-қарсы топтан 1 оқушы таңдайды да оған қандайда бір формуланы айтуды сұрайды. Оқушы формуланы дұрыс айтса ұпай сол топқа бұйырады, айта алмаса ұпай алдыңғы топ қоржынына кетеді, және басқа оқушыдан сол формуланы тағы сұрайды, жауап бергенде кезек ауысады.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену,жалықпау

«Сыр сандық»  құпиясы

Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не? Калькулятор

Оны сіріңкеден немесе ұқсас таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт қабырғасы бар фигура.Бұлай санның дәрежесі де аталады.Бұл не? Квадрат

Бұл — басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не? Шеңбер немесе дөңгелек

Жұмбақтар сайысы

  1. Түзудің бір бөлігі
    Екі шеткі нүкте көрігі
    Ұзындығы және бар
    Айтшы білсең кәнекей кесінді
  2. Нүкте мен екі сәуледен
    Құрылған айтшы бұл не екен? Бұрыш
  3. Айқасқан екі таяқ
    Тұрады жоқты сұрап Х

 

«Жаңылтпаштар» сайысы

  1. Шеңбер,шеңбер доп емес
    Доп сияқты,доп емес
    Доп деп, доп деп шеңберді
    Ойлама шеңбер ол емес
  2. Бес түп алма,”бестік” алғандікі

Төрт түп алма,”төрттік” алғандікі

“Төрттік” алған бес түп алма алмайды

“Бестік” алған төрт түп алма алмайды

Мақал — мәтелдер айту

1.Алтау ала болса ауыздағы кетеді.

… түгел болса төбедегі кетеді

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

… түрлі білім біл.

  1. Бір тал кессең

… тал ек.

4.Білікті бірді жығады

Білімді … жығады.

  1. 1000 теңген болғанша … досын болсын.

 

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.

Тамашалағандарыңызға  рахмет!