Қазақ халқының қолөнері
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының қолөнері,қазақ шеберлігін сұлулықты қабылдауға үйрету. Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін,сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектерді ретімен орналастырып үйрету,сабаққа деген қызығушылығын,шеберлігін дамыту. Тәрбиелік мақсаты:Ұлттық өнерді қастерлеуге,дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа ,сұлулықты түсіне білуге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:интерактивті тақта,ою-өрнек суреттері.
Сабақ кезеңдері | Мазмұны | Ж Жеті модульдің қолданылуы | |
1. Білу «Жылы сөз» тренингін өткізу | Оқушылар бір-біріне жақсылық,сәттілік тілейді. Жұмбақтар шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашады. Қанатын қазша жаяды, Үйрекше мойнын созады, Далаға құсша қонады.(Киіз үй) | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. | |
Жаңа сабақты ашу | Болжау стратегиясы -Балалар мына бейнеде не көріп тұрсыңдар?(киіз үйдің есігі) -Бұл үйдің артында не болуы мүмкін? (оқушылардың жауаптары) –Бұл бұйымдарды кім жасауы мүмкін? (оқушылардың болжамдары)Қолөнер | Диалогтік оқыту. | |
2. Түсіну | 1.Ұсталар 2.Зергерлер 3.Шеберлер 4.Ісмерлер Әр топ түсінектеме береді | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. | |
3.Қолдану
| Оюларға сүйсініп, Қайран қалып тұрасың. Көре білсең түсініп, Одан көп сыр ұғасың-демекші қазақтың тарихын,өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.(Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі) Әр топ бір ою үлгісін қию. | Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, | |
4. Талдау | Оюдың түрлері бар,ассосация құрып топтастыру. қосмүйіз
сыңарөркеш арқармүйіз
қошқармүйіз түйетабан | Диалогтік оқыту,дарынды және талантты балаларды оқыту | |
Сергіту сәті. | Оқушылармен сергіту сәтін өткіздім | Ақпаратты-коммуникациялық технология | |
5. Жинақтау | Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Айырмашылықтары Өркеш мүйіз Құстұмсық Түйенің қос өркешін Құстың тұмсығын бейнелейді тұспалдаудан туған Ұқсастықтары Ою. Қазақтың ұлттық оюы.
| Дарынды және талантты балаларды оқыту. | |
6. Бағалау | «Менің өмірімдегі ою-өрнектің маңызы» туралы эссе жазу | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |