М. Төрежанов. Қолғабыс
Қысқы мерзімді жоспар. Бекітемін:…………………………………….
Мерзімі: 21.01.2015.
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 4 «Б»
Пән мұғалімі: Баймахан Қалампыр
Тақырыбы: М. Төрежанов. Қолғабыс.
Жалпы мақсаты
| Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт — дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. |
Оқу нәтижесі
| Сыни тұрғыдан ойлай алады. Қазақтың салт- дәстүрін жақсы меңгерген. Мәтінді өзіндік сыни көзқараспен талдай алады. Алған білімдерін өмірде пайдалана алады. |
Түйінді идеялар | Топпен жұмыс жасау, «ДЖИГСО»әдісі, «Сендер және мен» ойыны, |
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды таңдаған түстеріне орай топқа бөлемін. Сары – жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар. Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Бұл адамдар жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды. Көк – адамдар арасындағы қарым- қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар. 1. Үй тапсырмасын тексеру. І топ: Ғ.Мүсірепов кім? ІІ топ: Қайроштың анасын сипаттаңдар ІІІ топ: Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімі 2. Жаңа сабаққа кіріспе Жағдаят құрастыру І топ: Отбасындағы әдептілік ІІ топ: Сынып ішіндегі әдептілік ІІІ топ: Мектеп дәлізіндегі әдептілік 3. Жаңа сабақ.
1- топ Өз тобының түсіне берілген бөлігін оқиды. 2- топ Өз тобының түсіне берілген бөлігін оқиды. 3-топ Өз тобының түсіне берілген бөлігін оқиды. «ДЖИГСО» әдәсімен топтан бір оқушы шығып, келесі топқа өзінің оқыған бөлігін айтып, түсіндіреді. Үш топ бір-біріне түсіндіріп болғаннан кейін, әр топтан бір оқушыдан шығып мазмұндап береді. 5. Сөздік жұмысы Тоқым қағар Тоқым қағар — ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын тілейтін жақсы тілектер айтысқан. Бидайық-көп жылдық,астық тұқымдас өсімдік 6. Топпен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу І-топ 1.Атасы қымызды қандай ыдысқақұйып алды? 2.Арғын мен атасы қайда келді? 3.Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? 4.Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдады? 5. Арғын атасынан не сұрап ішті? ІІ -топ 1.Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? 2.Атасы Арғынға не ұстатты 3.Атасы шөпті немен шапты? 4.Шөпті неге тиеді 5.Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? ІІІ топ Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар 7. Сабақты қорытындылау. « » 7. Үйге тапсырма Мәтінді мазмұндау. 8. Бағалау. «Сендер және мен» ойыны арқылы сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау Рефлексия «Бес саусақ» арқылы өздеріне сабақтан алған әсерлерін жазып тақтаға жапсырады. |