«Көктем» Қасым Аманжолов
Тақырыбы: «Көктем» Қасым Аманжолов
Мақсаты: 1)Білімділігі: Қ.Аманжолов өмірі мен шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Көктем мезгілінің көрікті келбеті туралы ұғым беру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой — өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем суреті
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық дайындық
- Үй тапсырмасын сұрау
«Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын сұрау
«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту
- Ертегі дегеніміз не?
- Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?
III. Жаңа сабақ түсіндіру
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
- Сарғыш түсті дөңгелек
Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)
- Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
- Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
- Басында таяға бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
- От басына құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық)
- Көктем
- Көктем сөзіне топтастыру жүргізу.
Күн ұзарады түн қысқарады
Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып, танысамыз.
Қасым Аманжолов туралы мағлұмат беру.
- IY. Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау
- Оқушыларға тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Көркем сөздерді теріп жазу.
Бұйра бұлақ, асау өзен, асқар тау, қара бұйра кілем.
Сергіту сәті.
I қатарға.
«Бес жолды» өлең.
- Көктем
- шуақты, жаңбырлы
- ериді, жылынады, жауады
- Көктемде ағаштар бүршік жарады
- Мезгіл
II қатар.
«Көктем» тақырыбына мәтін құрастыру.
III қатар. «Ұйқасын тап»
Қары еріп даланың
Арықтардан . . . . . . .(су ақты)
Ақ жүзіндей . . . . . . . (ананың)
Көктем келді . . . . . . .(шуақты)
- Сабақты бекіту
- Бүгін сабақта не үйрендік?
«Венн диаграммасы»
Қыс Көктем
аяз, боран, аққала, күн жылиды, қар ериді,
жаңа жыл, сырғанайды. құстар қайтады, малдар төлдейді.
- Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап ал
YII. Оқушыларды бағалау