«Көктем» Қабыкен Мұқышев
Тақырыбы: «Көктем» Қабыкен Мұқышев
Мақсаты: 1)Білімділігі: Қ.Мұқышев өмірі мен шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Көктем мезгілінің көрікті келбеті туралы ұғым беру.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой — өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жер табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем суреті
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Психологиялық дайындық
- Үй тапсырмасын сұрау
«Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын сұрау
«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту
- Қасым Аманжолов кім?
- Қасым Аманжоловтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
III. Жаңа сабақ түсіндіру
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
- Сарғыш түсті дөңгелек
Ортасында дәні бар
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. (Өрік)
- Екі бала қатар тұрса да,
Бірін – бірі көрмейді. (Көз)
- Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
- Басында таяға бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
- От басына құмған,
Екі көзін жұмған. (Мысық)
- Көктем
- Көктем сөзіне топтастыру жүргізу.
Күн ұзарады түн қысқарады
Бүгін біз Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін оқып, танысамыз.
Қабыкен Мұқышев 1920 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Ұзтаздық қызмет атқарған. Шығармалары: «Алтын алқа», «Жақанның арманы», «Орман » кітаптары бар.
- IY. Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау
- Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Біз ортаға шығамыз
Күн боламыз ашыламыз
Гүл боламыз жайқаламыз,
Құс боламыз, ұшамыз.
Ұшып, ұшып аламыз,
Орнымызға қонамыз.
I қатарға.
«Бес жолды» өлең.
- Көктем
- шуақты, жаңбырлы
- ериді, жылынады, жауады
- Көктемде ағаштар бүршік жарады
- Мезгіл
II қатар.
«Көктем» тақырыбына мәтін құрастыру.
III қатар. «Көктем» мезгіліне сурет салу
- Сабақты бекіту
- Бүгін сабақта не үйрендік?
- Қ. Мұқышев кім?
- Көктем өлеңінде не туралы айтылған?
- көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап ал
YII. Оқушыларды бағалау