Х дыбысы мен әріпі

Сабақтың  тақырыбы:     Х   дыбысы  мен  әріпі

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі.Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру,дыбысты ести  бі-

луге, оны сөз ішінде басқа дыбыстан ажырату, әріптің баспа және жазба  түр-

лерін танытып , оны дұрыс дыбыстату.

2) Дамытушылығы. Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы ой-өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін, сөздік қорларын дамыту.

3)Тәрбиелілігі. Оқушылардың оқуға , білімге деген қызығушылығын қалыптасты-рып, ұқыптылыққа тәрбиелеу,сауатты,қатесіз таза каллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Қолданылған  әдістер : түсіндіру, топтастыру,сұрақ – жауап,ойын т.б.

Көрнекі-құралдар: әріптер , суреттер, кеспе әріптер т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Сабаққа сегізде келеміз.

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

Әліппені 4-5 ке оқып,

Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

(сабақтын мақсатын айту)

ІІ. Ой шақыру стратегиясы.

— Кеше қандай әріппен таныстық?

— Ю дыбысы мен әрпі

— Қане сол ю дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші?

— аю,ою,қою,сүю.

-Ю дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

— Дауысты

— Дыбыс дегеніміз не?

 — Дыбысты естиміз,айтамыз.

— Әріп дегеніміз не?

— Әріпті көреміз, оқимыз,жазамыз.

— Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

— Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

— Қазақ тілінеде қанша дыбыс ,қанша әріп бар?

— 42 әріп,40 дыбыс

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Жарыс» мәтінін рөлге бөліп оқыту.

ә) Сұрақ арқылы оқушылардың түсінігін тексеру.

— Мәтін не туралы?

— Жарыс туралы

— Жарысқа нелер қатысты?

-Аңдар

-Қасқыр аңдарға не айтты?

-Қатар тұрыңдар.

-Аю қалай жүгірді?

-Аю қорбандап жүгірді.

— Арадан қашқан аю мәреге нешінші болып келді?

— Бірінші болып мәреге келді.

ІV. Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс.Оқушылар суретті көре отырып,мәтін құрайды.Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау.

          Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады.

 Марат ауылда тұратын атасына хат жазды. Атасы хатын

 алып қуанды.

  1. Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.

Сөздің сыры – көп жұмбақ,

Шешуін кім табады?

Кімдер шешсе тез ойлап

Сол жеңімпаз болады.

 

 1) Аяғы жоқ жүреді,

    Аузы жоқ –сөйлейді.(хат)

2) Сәлем алып, алыстан,

  Туысыңнан , таныстан,

  Келетұғын ,хат-хабар

  Қай әріптен басталар? ( х әріпі)

 — Хат деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)

Хор деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)

-Олай болса,балаалр бүгін біз Х дыбысы мен әрпін өтеміз.

Х х – баспа түрі,             —  жазба түрі.

Х-тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.Қазақ тілінде байырғы сөздердің құрамында кездеспейді.Араб,парсы,орыс тілдерінен енген сөздер мен ха-лықаралық терминдерге тән.

 

Х –дыбысын хормен айту.

Хат-3 әріп, 3  дыбыс

 

Х-дауыссыз,қатаң

а-дауысты,жуан

т— дауыссыз,қатаң

 

Х-дан  басталатын  сөздер айту.

(хабар,хор халат)

VІ.Оқулықпен жұмыс.

Хат —  біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген текст.

Хор —  вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Хабар — болған іс,оқиға,сондай-ақ біреулердің хал-жайы жөнінде білдірілген ауызекі немесе жазбаша түріндегі қысқаша мәлімет.

Халат – жеңілдеу матадан тігілген,ұзынша сырт киім.

Дәріхана — дәрі –дәрмек даярлап және оны сататын орын.

Асхана – ас даярлап және оны ішетін орын

Шахмат – ақ және қара фигуралармен тақта бетіндегі алпыс төрт тор көзде

өзіне тән ережелері бойынша ойналатын ойын.

Саяхат – зерттеу не танысу мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға шыққан сапар.

VІІ.Пікір алысу стратегиясы.

— Балалар біздің мектепте кітапхана бар ма?

— Кітапханада нелер бар?

—  Кітапханада газет –журнал,қызықты кітаптар бар.

— Сенің үйінде кітап бар ма?

— Саған қандай кітап ұнайды ?

— Кітапханада кітапты кім береді?

— Ендеше, біз қазір «Кітапхана» мәтінін оқиық.

1) Мәтінді мәнерлеп оқу.

2) –Мәтінде неше сөйлем бар?

-Бірінші сөйлемде неше сөз бар?

-Екінші сөйлемде неше сөз бар?

-Соңғы сөйлемде неше сөз бар?

VІІ.Тірек-сызбадағы жазылған сөздерді оқытып ,мағыналарын сұрау.

Мына дәрі,ем, ас,дәм,шебер,кітап,ұста деген сөздерге  хана деген қосымшаны жалғап,сөздерді оқу

 

                     дәрі                         ем                           ас

 

 

      ұста                                 хана                                  дәм

 

 

                           кітап                             шебер  

 

VІІІ. 1)«Сиқырлы сандар» ойыны   

 

12345678910
Атхнмясирқ

 

 

 х а т     а с х а н а        қ и я р   т а қ и я     м а с а

 

2) Сөз жұмбақ шешу.

                   Ә    ж   е

                   Л     а      қ
І    
н
                   П   і    л
               а  П  т   а
              к   Е   с  е

1.Әкеңнің анасы.

2.Ешкінің төлі.

3.Тышқанның үйін ата.

4.Ірі жануарды ата

  1. «Жеті күн» тағы қалай аталады.
  2. Ыдыс түрі

ХІ. Дәптерімізді ашайық

     Қолға қалам , алайық

    Бүгінгі өтілген әріпті

   Әдемі етіп жазайық.

 

Кане бәріміз Х х әрпін әдемілеп дәптерімізге жазайық

Хх әріпінің жазылу ережесімен емлесімен таныстыру

 

 
 
 

  

 

1) Ауада жазу

2) Үзік сызықтарды басу

3) Х х әріптерін жазу.

(Оқушыларға жеке көмек көрсету)

Х.Суретті диктант

Оқушыларға 5-6 сурет көрсетіледі , олар солардың аттарын жазады.

 

ХІ. «Сөз құра» ойыны

  1. а, н , я, ш (шаян)
  2. а, з, я (аяз)
  3. ю. т, о (тою)
  4. т,а,п к,і (кітап)
  5. р,а,б,а,х (Хабар)
  6. м,а,т, х,а,ш (шахмат)

ХІІ. «Орнына қойып жаз» ойыны

Мақсаты: Оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

Ойын тәртібі: Плакатқа 2 қатар  сөздер дайындалады.

Әрқатардан шыққан  оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады.Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Құл ұ/ы н                                  түлк ү/і

Жұлд ұ/ы з                              гүл д/т ер    

Ше к/г  ара                             тақи а/я 

Шығармашылық жұмыс. Хат жазу үлгісі

— Хат алып көрдіңдер ме?

— Хат қалай басталады?

— Өз өмірің жайлы хатқа не жазар едің?

— Хатты қалай аяқтайсың?

ХІІІ. Қорытынды. «Аққала құрастыру» ойыны

— Бүгін қандай әріп өттік?

— Х  қандай дыбысы?

— Х әріпінен басталатын сөздерді  айт?

— Хат, хор, халат деген сөздер қандай әріптен басталып тұр?

— Кітапхана сөзінде неше буын бар?

—  Шахмат сөзіне дыбыстық талдау жаса?

-Хат сөзіне дыбыстық талдау жаса?

ХІV.Үйге тапсырма

99-беттегі сөздерді оқу . «Кітапхана» мәтінін оқып келу.

ХV. Бағалау

Мұғалімнің айтқаның,

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тындасақ,

Кілең 5-ке оқимыз,- сабаққа жақсы ,белсенді қатысқан оқушыларды бағалау