Хат жазып үйренеміз
Пәні: Қазақ тілі.
Сыныбы: 3 «ә» сыныбы.
Уақыты: 2 кезең, сағ:14:15
Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз.
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
1.Ақпараттық құзіреттілік: Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларға өз бетімен қосымша ақпарат жинауға мүмкіндік беру.
- Коммуникативтік: Жинақталған ақпараттар бойынша тақырып ашда тиімді әдістер іздей отырып, оны ашу жолдарын жан-жақты қарастыру.
3.Проблеманы шешу: Сабақта алған білімдерін, ақпараттарды іріктеп «хат жазып үйренудің» жолдарын іс-жүзінде дәлелдей білуге мүмкіндік беру.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлар дамыту.
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,тренинг.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Оқыту құралдары: интерактивті тақта, жүрекшелер, хатқалталар.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар!
-Оқушылардың тыныштығын сақтап отырғызу.
-қанеки балалар ойлау қабілеттерімізді дамытып алуымыз үшін «Есімдер» атты психологиялық тренингімізді өткізіп жіберейік.
Шарты: кез-келген есім айтып сол есімнің қай әріптен аяқталатынын аңғарып, аяқталған әріптен басталатын есімдер айту.
-Енді сабаққа қатысуға дайынбызба оқушылар!
-Олай болса сабағымыздыбастайық!
- Үй тапсырмасын тексеру:
-Оқушылардың алыстағы ағайын-туыстарына жазған хаттарын тексеру.
3.Өткен материялды қайталау арқылы жаңа материялды қабылдауға дайындық:
-Мына барлығымыздың парталарымыздың үстінде жатқан не балалар!
Ж : хат.
-Кімге жаздыңдар!
Ж: туыстарымызға, жақындарымызға т.б.
-Олай болса, мен сіздердің хаттарыңызды тыңдағым келеді!
Ж: барлық оқушыларға оқытамын.
-Сіздердің жақынндарыңыз сендердің хаттарыңызды асыға күтіп отырған болар. Мен бүгінгі сабақта мұғалім емес, пошташы қызметін атқарамын. Мен сендердің хаттарыңызды міндетті түрде жақындарыңызға жеткізуге уәде беремін.
4.Жаңа материялды түсіндіру.
1-жаттығу.
-слайдпен пошташының суретін көрсетемін.
-Көріп тұрғандарыңыз кім балалар!
-пошташы.
-пошташы дегеніміз кім!
Ж:әр оқушы өз ойларын айтады.
-өлеңді слайдпен шығарып қоямын да оқушыоарға хормен оқытамын.
-өлеңнен қандай қосымша мәлімет алдыңыздар балалар!
2-жаттығу.
-оқушылар мен сіздердің хаттарыңызды сөмкеме саоып жатқанымда кейбіреуіңіздің хатқалтаның сыртын дұрыс толтырмағандарыңызды байқадым.
-сондықтан да балалар мен сіздерге хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйретемін.
-слайдпен шығарып таныстырамын.
Ж: хатқалтаның сол жақ бөлігіне кімге жаздың, сол кісінің толық мекен-жайы жазылады.Ал, оң жақ бөлігіне өздеріңіздің толық мекен жайларыңызды жазуларыңыз қажет.
-қазір оқушылар хатқалтаның оң жағын өзіміз жазып көрелік.
0903010
Ақсай қаласы
Теміржол көшесі, 25 үй, 11пәтер.
Даиров Тілектен .
Сергіту сәті.
Көшеменен келе жатыр пошташы
)олында бар өте ауыр сумкасы
Қане достар бәріміз көмектесейік
Ап-ауыр сумкасын көтерісейік.
Рахмет,балалар өте жақсы балалар екенсіңдер!
-Көмектеріңізге көп рахмет!
3-жаттығу.
Мен аздап демала тұрайын, ал сіздер 3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындаңыздаршы, жарайма.
Жанар сүйікті ағасына хат жазған екен. Сол хаттың иесіне жежету ретін анықтап , дәптерлеріңізге жазыңыздар.
5.Жаңа материялды бекіту.
Оқушылар менің пошташы қызметінен мұғалім қызметіме ауысатын уақытым таяп қалды. -Менің сіздерге үлкен жүрек хатқалта сылағым келіп тұр.
Ал,мына кішкенежүрекшелерді барлығыңызға таратып беремін, сіздер қасыңыздағы отырған көршілеріңізге арнап хат жазыңыздар!
6.Қорытынды.
-Оқушыларды бағалап. Әр бағларына пікір айтамын.
7.Үйге тапсырма.
4-жаттығу. 60- бет.