Байқатпайтын және қорғанатын реңдер. Сақтандырғыш реңдер
Тақырыбы: Байқатпайтын және қорғанатын реңдер. Сақтандырғыш реңдер.
Мақсаты: 1. Оқушыларға жануарлардың байқатпайтын, қорғанатын және сақтандырғыш реңдері жайлы мағлұмат беру.
- Жануарлар әлемінің ерекшеліктерін, тобын еске түсіре отырып, жануарлар туралы алған білімдерін дамыту.
- Жануарлар өміріне терең бойлай білуге, қыр-сырын сезінуге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Дәстүрлі емес, саяхат сабағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Балалар, қазір бізде дүниетану сабағы.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.
29 қаңтар
Сынып жұмысы
ІІ.-Балалар, үйге не берілді?
-Жануарлар туралы қайталау, «Жануарлар жемін қалай аулайды?» оқу.
-Балалар, бүгін жануарлар туралы, олардың өмірі, олардың жемін қалай аулайтынын еске түсіре отырып, жануарлар әлеміне саяхат жасайық.
Баратын жерімізге тез жете алмайтындықтан көп жүруге тура келеді. Жолда үнсіз жүрмей жануарлар туралы еске түсіре жүрейік.
-Жануарларға не жатады? Олар қандай топтарға бөлінеді?
ІІ-тапсырма. Сызба сызу, топтастыру (Слайд1)
Жануарлар
Шөпқоректі жыртқыш
Қасқыр арқар арыстан
Бұғы түлкі аю
Жолбарыс қоян
І-тапсырма. Мына сөзжұмбақты шешейік. ( Слайд арқылы сөзжұмбақ шешкізу) (Слайд 2-10)
1 1. Бұлар балаларын емізіп қоректендіреді.
- Тек суда ғана тіршілік ететін жануарлар.
2 3. Бауырымен жорғалайтын жануарлар.
5 3 4. Біздің қанатты достарымыз.
4 5. Суда да, құрылықта да тіршілік ететін
жануарлар.
- –О, балалар, мұнда жануарлар көп екен. Қайда келдік, балалар?
— Бұл дала.
-Далада қандай жануар болады екен?
—Ақбөкен, түлкі, қарақұйрық, борсық, қасқыр, кірпі, қоян, суыр.
-Бұлар қандай жануарлар?
-Сүтқоректі.
-Ал осы жануарлар өз жемдерін қалай аулап жейді?
( Үй тапсырмасын айту.)
2.-Балалар, осы жем болған жануарлар да өмір сүргісі келеді емес пе? Ал олар жауларынан құтылу үшін не істеуі мүмкін?
( Керік қауіпті сезіп қалса, жүйтки жөнеледі. Жыртқыштың оған жетуі қиын. Ал жете қалса да бәрібір керік құтылып кете алады. Оған тегеурінді тұяғы тигенде жыртқыш жанымен әлек болып қала береді.т.б)
Ой шақыру.
-Ал басқа жануарлар не істеуі мүмкін?
(Оқушылардың ойларын білу)
— Онда бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыздың аты «Байқатпайтын және қорғанатын реңдер. Сақтандырғыш реңдер»
Дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
3.Түсіндіру.
Әр жануардың өзінің жауынан қорғанатын реңдері болады, яғни түстері болады. Жаулары келіп қалғанда, өздеріне қауіп төнгенде өзі тұрған жердің түсіне енеді.(Мысалы: көбелек) Не маусымның өзгеруіне қарай түстерін өзгертіп отырады. (Мысалы: қоян). Сақтандырғыш рең жырқыштарға қажет. Мысалы, орман іші ағаштардың жіңішке бұтақтарының көлеңкесі мен күннің сәулесімен жолақ-жолақ болатындықтан жолбарыстың да түсі жолақ-жолақ болады. Басқа жануарлар оны байқамайды.
Мәтінмен жұмыс.
- Ары қарай жылжиық.
Сен білесің бе? Бұл қызық!! (Слайд 15-21)
Керіктің тілі қап-қара, ұзын екен. Оның ұзындығы 50 см.
1кг бал жинау үшін ара 2 миллион гүлге қонады екен.
1 тәулікте шымшық балапандарын 1000 рет тамақтандырады.
Денесіне қарағанда миы үлкен жануар –құмырсқа.
Қолтырауын терең су түбіне жүзу үшін үлкен тас жұтады екен.
-Қызық па, балалар? Естеріңде сақтап жүріңдер.
-Біз қайда келдік?
—Орманға. (Слайд 22)
Сергіту сәті.
Кішкене демалып алайық.
Таңғажайып тамаша,
Орманға әсем қараса.
Оң жағыңда ақ қайың
Майысады жай ғана
Сол жағыңда шырша тұр
Құстар ұшты аспанға.
Қорқақ қоян қашады
Секіреді ордан орға
Сұр қасқырлар жем іздеп
Орман кезер тынбастан
Бізді көріп қалмасын
Тығылайық таласа.
-Нелердің дауысы шығады?
-Құстардың.
-Иә, орманда құстар көп. Олар- тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ,мысықторғай, жамансары. Ал қандай жануарлар тіршілік етеді екен?
-Сілеусін, бұлан, аю, тиін, жабайы тышқан.
5.Ары қарай жылжиық.
(Шалғынға саяхат.) (Слайд 23)
-Қайда келдік? Мұны, балалар, шалғын дейді. Қандай жануарлар бар екен?
-Бөдене, шыбын, көбелек,қоңыз, шегіртке.
-Қазір осы жәндіктердің «әңгімесін» оқиық.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Дәптермен жұмыс. (Берілген жануарларды реңдеріне қарай бөліп жазу)
Байқатпайтын және қорғанатын рең Сақтандырғыш рең
Көбелек жолбарыс
Шыбын ұшар
Шегіртке шегірткеші
Ойын ойнау.
-Балалар, қазір біз ойын ойнайық! Ойынның аты «Мені тап!» (Слайд 25-30)
(Слайдтан суреттер көрсету арқылы байқатпайтын және қорғанатын реңдер, сақтандырғыш реңдерді пайдаланатын жануарларды табайық)
ІІІ. Қорытынды.
Сұрақ-жауап
Ойын «Көбелек жасырайық!» Көбелек жасап,әр берілген суреттегі гүлге түсіне қарай жабыстыру. (Слайд 31)
ІV. Бағалау.
- Үйге тапсырма.