10 саны және цифры.Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры.Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Сабақтың мақсаты:
а)сандар қатары турулы түсінік беру,оңға дейінгі
сандарды оңға және кері қарай ауызша және
жазбаша орындауды дамыту.
ә)Оқушылардың ой-өрістерін,есте сақтау қабілетте-
рін дамыту.
б)Шапшаңдыққа,әсемдікке,ұйымшылдыққа,әдептілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта(слайд),жеке суреттер,
ойыншықтар,карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
- Қызығушылықты ояту.
-тренинг
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(балалар жауабы)
-қандай ай?
-қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі
бар?
-Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?(балалар жауабы)
-Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз.
II.Өткенді пысықтау.
Ауызша он құрамындағы сандарды қосу,азайтуды есептеу.
III.Жаңа сабақ.
- ой қозғау.
-Енді шыршаны безендірейік.
-Шыршаға он жалауша ілу.Жалаушадағы сандар жасырын тұрады,соны
өздері шығарып алады.
-жалауша ілінді.
Жалаушадағы сандарды аттап ашу.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-сандар құрамы.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9-бір таңбалы сандар.
10-екі таңбалы сан.
Ережені қорытындылап айтқан балаға жұлдыз беріледі,ол жұлдызды шыршаның басына іледі.
- Оқулықпен жұмыс.
1- тапсырма.10-ға дейін толықтырып, өрнекті жазу.
Тапсырманы оқушылар орындап,шыршаға ойыншықтар іледі.
2- тапсырма.Дәптермен жұмыс.
-кесінділерді өлшеу және қосындысына,айырмасына тең кесінділер
сызу.
3- тапсырма.Тақтамен жұмыс.
-бос әйнекшелерге сандарды ретімен қою.
.1.. ..5. .8.. ..9.
Сергіту сәті.
«Шырша әнін айту»
Шығармашылық тапсырма.
-Оқушыларға суреттер таратылады,сол суреттерге есеп құрастырып,өздері шығарады.
-балалар біздің әсем шыршамызға аяз аталар келуге асығуда,ендеше есептерімізді шығарып,ортаға аяз-атамызды шақырайық.
-тапсырмаларбы орындап,шыршаға аяз-аталарды орналастыру.
Логикалық тапсырмалар.
-теңсіздіктер құрастыру.
-бірдей карточканы тап.
Сергіту сәті.
Өз беттерімен жұмыс.
Жазу үлгі дәптерлеріне орындау.
1,2,4-тапсырмалар.(бірінші болған оқушыларды аяз-ата сыйлықтарымен марапаттау.)
IV.Бекіту.
- Сонымен бүгін не құрап шығардық?(оқушылар жауабы.)
- 1-ден 9-ға дейінгі сандарды қандай сандар деп атаймыз?
оқушылар жауабы:бір таңбалы сандар,10-екі таңбалы сан.
0-10-ға дейінгі сандарды сандар қатары дейміз.
V.Қорытынды.
-балалар осы шыршамызға келген аяз-аталардың сыйлықтары бар екен,сол сыйлықтарды сабаққа қатысқан оқушыларға үлестіремін.
-бағалау.