Кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (см)
Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (см)
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға сызғыш пен қарындаштың көмегімен кесінді салуға үйрету.
- Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Зейінділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: жалпы кластық топшама
Сабақтың барысы:
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ
- Сабаққа психологиялық дайындық
«Шаттық шеңбер»
Кел, бала, сабақ баста
Жаз, оқы, сөйле, тыңда
Айт, зертте, тексер, сұра
Шаршама да, дем алма
Математиканы үйренсең
Көп ұғарсың сен ертең
- Ауызша жаттығу
Математикалық диктант
- Менің төрт алмам болды, оның біреуін досыма бердім. Менде қанша алма қалды? – 3
- Ағашты 4 торғай отыр. Оған тағы үш торғай келіп қонды. Барлығы неше торғай отыр?– 7
- Саматтың 5 шары болды. 2-уі жарылып қалды. Нешеу қалды? – 3
- Қорада бір сиыр және бір тауық бар. Барлығы неше аяқ бар? – 6
ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ
1.Жаңа сабақ
№ 1. Кесінділердің ұзындықтарын өлше.
Көк кесінді – 4 см
Жасыл кесінді – 6 см
№ 2. Сен кесінділердің ұзындығын өлшеу үшін сызғышты қолдана аласың. Енді кесінділер сызуды үйренеміз. Суретке мұқият қара.
- Дәптермен жұмыс
№ 1. Қанша жүк және жеңіл машинасы болса, сонша дөңгелек сал. Барлығы неше машина?
4 жеңіл машина
3 жүк машина
3+4=7
№ 2.
1 | 4 | 4 | 1 | |||
7 | 2 | 2 | 7 | |||
3 | 5 | 5 | 3 | |||
№ 3. 2 см, 3 см, 5 см болатын кесінділер сал.
№ 4. Жазылмаған сандарды қойып жаз.
5+2>6 6-1>4 6-0>0
2+2<7 1+2<4 1-1<1
ІІІ. ТОЛҒАНЫС
- Шығармашылық тапсырма
- Үшбұрыштарға қарағанда қандай фигуралардың саны кем? Қандай фигуралар саны тең?
Бұрыштардың саны кем
Төртбұрыштардың саны кем
- Балалардың әрқайсысына өздерінің бас киімін табуға көмектес.
1 5+1
2 3+2
3 1+2
4 2-1
5 5-3
6 6-2
7 6+1
- Үйге тапсырма
2 см-ге тең қызыл кесінді, 3 см-ге тең көк кесінді және 4 см-ге тең жасыл кесінді сал.
- Бағалау, мадақтау
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Сызғыштың көмегімен кесінді салып, оларды өлшеуді біледі.
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!