Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты:1.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын  салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

2.Оқушылардың танымдық белсенділігін, оқушылардың

тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға,

салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.

  1. Табиғатты аялауға тәрбиелеу,ел байлығын үнемдеп

пайдалануға үйрету.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ой толғау, суреттер сөз жұмбақ семантикалық карта, тәжірибе жасау.

Күтілетін нәтиже: Алға қойған мақсатқа жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, ескерлігін, біліп қана қоймай, оны дамытады. Оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттері шындалады.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

                                 2.Үй тапсырмасын сұрау  (2-3) сұралады

                               3.Үй тапсырмасын қорытындылау

                               4.Жаңа сабақты түсіндіру

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

Жоспар:

 

 

Кіріспе     

Психологиялық дайындық                               

Оқулықпен жұмыс                                          

Сергіту сәті                                                         

Тәжірибе жасау

Сызба-кесте толтыру

Өзіңді тексер

Үйге тапсырма

 

 

Пайдалы қазбалар

  жанғыш                                        кенді                                   кенсіз

Көмір,шымтезек,                       Темір кені      Гранит, әктас, құм, саз,      мұнай,табиғи газ                                                                  ас тұзы

 

Тәжірибе

  • Стақандағы суға тұз салып,қасықпен араластыру дәмін татып  көру,оның түсін және судағы еру деңгейін анықтау.
  • Бір ыдысқа таза су,ал екінші ыдысқа тұзды су құйылған.Екі шикі жұмыртқаны алып ыдыстарға салу.Тұздалған судағы жұмыртқа қалқып тұрады ал таза судағы жұмыртқа батып кетеді.

Нәтиже: тұзды суға ештеңе батпайды.

Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.

Тас көмір, құм                                                        Мұнай, саз

  1. Жанғыш 9. Су өткізгіш
  2. Қатты          10. Сусыма
  3. Сұйық        11. Судан жеңіл
  4. Судан ауыр      12. Газтәріздес
  5. Қара түсті     13. Ақ түсті
  6. Сары түсті                       14. Ериді
  7. Морт сынғыш    15. Созылмалы
  8. Иісі бар   16. Су өткізбейді
  9.                                 Қоңыр түсті

 

Қорытынды:          -Сабақ саған ұнады ма?
— Несімен ұнады?
— Саған жаңалық болған не?
— Сабақта кім жақсы жауап берді деп ойлайсың?
— Өзіңді бағала.