Кембридж жобасының оқыту әдісімен

Кембридж  жобасының оқыту әдісімен

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр»  деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пəнінің терең білгірі болу емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, жан-жақты тарихи таным, саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заманына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат  негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат — ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Ендеше, бүгінгі  біздің  алдымызда  тұрған  келелі  міндет-оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдана  отырып, саналы, рухани  бай, салауатты, жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  даярлау. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі  болашағымыздың  сапалы  білім, саналы  тәрбие  алуы-қазіргі  қоғамдағы  ұстаздарға  байланысты.

Оның  ішінде   маған  да байланысты  деп  ойлаймын.  Олай  болса,  өзімді  -өзім  танып, үздіксіз  ізденіп, тынымсыз  еңбектенуім  керек   деген  мақсатпен    бүгінде    танысып, үйреніп  жатқан   Кембриждік  жоба  үлгісіндегі  ұстаздар  біліктілігін  арттыру  курсында  тыңдаушының  бірі  болып, үйрендім. Кембридж  университетінің жобасы бойынша бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс- әрекетті үйретеді.  Алғашқы  күндері   бәрімізге  беймәлім  сияқты  көрінген    жоба, күн  сайын    ұстаздар  арасында  өзіндік  қолдауын  тауып  келеді. Міне,  «Бетпе-бет»  кезеңінің  1-ші  кезеңін аяқтап, осы   үйренгенімізді    мектепте  өз  іс-тәжірибемізде   байқаудан   өткіздік. Әріптестер  арасына  келгенде біз  нені үйренгенімізді олармен  ынтымақтастықпен  жүзеге  асыруға  тырыстық.  Ие,  әркімнің   санасында   өткен  күндер  бізге  не берді,   алдағы  күндерден  не  күтемін  деген  ойлар  мазалары  сөзсіз. Міне, біз  осының  барлығына  сыни  көзқараспен  қарауды  үйрендік. Біздің   басты  көңілге  түйгеніміз-сабақты  оқушының қызығушылығын  оятатындай  етіп  ұйымдастыру. Яғни, сабақ  үстінде  оқушының  рөлін  көтеру  көзделіп   отырады, білімді  дайын  күйде  алмай, өзі  ізденіп  табуды  үйренеді.  Мұғалім  тек  оларға  бағыт  -бағдар  беріп, оқыту  барысын  ұйымдастырады.Оқушылардың  білімді  өзі  алуына  итермелейді.

Сабақтар  барысында  көптеген  сауалды  ойлар  да  туындағаны   жасырын  емес. Ауыл  мектебінде  осы  жобаны  жүзеге  асыруда  көптеген  қиындықтар  кездесті. Оның  бір себебі, ақпарат  көздерінің  қолжетімсіздігі, кітапханадағы  кітап  қорларының  аздығы, интернет желісінің дұрыс істемеуі.

Дегенмен, әр  ұстаздың  шеберлігі, шығармашылық  ізденісі  бұл  тығырықтан  шығуына  да   қол  жеткізеді екен. Біздің  мақсатымыз-  өзімізде  бар   бұрынғы  педагогикалық  құндылықтарымызды, жаңамен  толықтыра  отырып,   жаңа  белестерге  көтерілу. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай:  «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет»

Сонымен  бірге,  курста  алған  «Оқытуда   кездесетін  кедергілер, оны жою  жолдары»,  «Мұғалім  мен  оқушы   қарым-қатынасы»,  «Білім беру  үшін  бағалау  және  оқуды бағалау», «Сыныптағы   оқушылар  үшін  оқу  үдерісін  жақсарту  жолдары», «Сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегиялары», «Көшбасшылық» және  тағы  басқа   тақырыптағы   алған  білімдеріміз-келешек  жұмысымыздың   басты   көмекшісі  болды  десек  артық  айтпаған болар  едік.Ұлыларымыздың  бірі    Ж.Аймауытов «Сабақ  беру-үйреншікті  жай  шеберлік  емес,ол-үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»-деп  айтқандай, үйренген   жаңалығымызды  қолдана  білуіміз –ол  әр  ұстаздың өз  еншісінде.

Дәстүрлі  оқытуда   мұғалім  оқушыға  дайын, дұрыс  ақпар  береміз.  Ал  оқушы  сол  ақпаратты  қабылдап    отырады. Енді  жүзеге  асырып жатқан  технологияларымызда  оқушының  қызметі  көптеген  тұлғалық  қызметтеріне қарай бағаланады(ойдың  дамуы, тіл  мәдениеті, сабаққа деген ынталылығы, өз  ісіне  жауапкершілігі, дербестігі,т.б)  Әрбір  оқушының  дамуы  басқа  оқушымен  емес,  өзімен  салыстырылады,  оқушыға     өз  сыныптасын, өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  беріледі.

Кез-келген  ұстаз  алдымен  сабақ  жоспарын  құрарда  өздері  сабақ  беретін  сыныптардағы оқу  бағдарламасына сәйкес   білім  беру  мен    білім  алудағы әдіс-тәсілдерді таңдайды, яғни түрлі интерактивті оқыту  формаларын  қарастырады. Сабақтың  оқушыны  жалықтыратындай бір сарынды  болып кетпеуі  үшін  шағын  топтар   жұмыстарын, жұптық жұмыс,  жарыстарын,  тренингтер саяхат сабақтар  ұйымдастыруы керек.   Мұндай  әрекетте  жұмыссыз  отыратын  оқушы  аз  болады, тіпті  болмайды  да. Өз  тобындағы  балалармен  қарым-қатынасқа  түсе  отырып, өзіндік  пікірі  қалыптасады, даму  динамикасы жетіледі, құрдастарымен  ынтымақтастыққа, бірлесіп  жұмыс  істеуге  үйренеді. Сыни тұрғыдан  ойлау технологиясы бойынша  алдымен «ой қозғау» стратегиясы жүзеге асады. Оқушының зейінін сабақтың негізгі идеясын табуға  ұйымдастыруды шешетін  бұл стратегияның  дұрыс  қойыла  берілуі – ұстаз  еңбегінің шеберлігін көрсетеді. Немесе «миға шабуыл» деп жүрген  бұл тәсіл сабақтың кіріспе  бөліміне  сәйкес келеді. Көп жағдайда оны мұғалім мен оқушы  арасындағы қолданылатын диалог түрінде  көреміз. Сабақтағы оқушының келесі  іс-әрекетке көшуіне дұрыс қойылған  сұрақтар өте  ықпал етеді.СТО  технологиясының  «кубизм», «сен-маған, мен-саған», «сұқ-саусақ» стратегиялары арқылы оқушылардың сұрақтар қойып, оған мағыналы жауаптар қайтаруына жол ашамыз. Бір қарағанда, ойын түрінде  көрінген бұл әдістер жалпы оқушының  сөйлеу мәдениетін , өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасып, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуына белсенді  ықпал етті. Сабақтардағы топтық жұмыстарда  балалардың қызығушылығының, пәнге деген ынтасының  артқанын  сабақ соңында смаиликтер арқылы, басқа да сұрақ-жауап әдістері  арқылы байқадым. Жалпы, алғанда  сұрақ – ол  білімді тексеру құралы емес, тереңдету құралы екенін  ойға түйдім.  Пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайына,  оқушылардың білім  деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне,  оқу материалдарының  жоспарына қарай  іс-әрекеттер  ұйымдастыруды жоспарладым. Қайталау, жинақтау сабақтары болғандықтан, оқушылардың өзін бағалай білуіне ықпал ететін «Семантикалық карта» бойынша  жұмыстарды орындаттым.  Топтық, жұптық, сыныптық жұмыс ретінде өткілген  тақырыптарға ассоциация құру, сызбалар сызу, Венн диаграммасын салу сияқты тапсырмаларды  оқушылар қызыға  орындады.  Тапсырмаларды орындау   барысында міндеттерді  шешуге, игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, басқалармен  өзін салыстыру арқылы өзін-өзі  реттей білуге  машықтанады, белсенділік  ұстанымының  пайда болуына жәрдемдеседі. Бұдан әр оқушының  дербестілігі, яғни  ынталықпен, бастамашылықпен кейбір мәселелерді үлкендердің (мұғалімдердің) көмегінсіз шешудің  жолдарын ісдестірумен  тікелей  байланыстылығы  шығады. Оқушы өзінің  мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне  тәуелді деп есептеймін. Талданып отырған  сұраққа , мәселеге , есепке белсенді  пікір білдіру,  жолдастарының жауабын толықтыруға  бағытталған ұмтылыс,  қателіктерді жөндеу- осының бәрі белсенділік пен дербестіктің  айқын көрсеткіші. Осыдан топ ішінде  пікірі құнды, алға ұмтылған, көшбасшы ретінде жан-жақты жетілген, озық ойлы оқушының дараланып шығары сөзсіз. Мысалы, математика  сабағында есептерді шешудің басқа, оңай жолдарын іздестіреді немесе  табылған  шешімді есептің нақты шешімі ме, әлде басқа  да  шешімдері болуы мүмкін бе?- деген сұрақтар төңірегінде  зерттеу жүргізуі мүмкін. Бұдан оқушының  дарындылығы қалыптасуына  жол ашылады деп ойлаймын.

Бұрынғы қалыптасқан әдет немесе іс- тәжірибеге байланысты көптеген мұғалімдер, ата- аналар, оқушылар бағалауды оқыту және білім беруден кейінгі болатын нәрсе  ретінде түсінеді. Бағалау білім беру мен оқытудың тығыз байланыста  болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді.

Оқыту үшін бағалау дегенді былай түсіндім. Яғни, білім алып отырған оқушы, білім беруші мұғалім,  өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын білсе, сол бойынша қажетті деңгейге жету үшін тырысу керек, іздену керек,соның нәтижесі бойынша   жұмыс істейді. Бұл үшін мұғалім бағалаушы қызметін жалғыз атқармайды.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға үйренсе, өз білімін арттыра алады.Сонымен қатар мұғалім мен оқушылар арасындағы түсінушілікті, қызығушылықты, ықыласпен әрекет ету үшін, оқушыларға өзінің оқуын жақсартуы үшін, кері байланысты да қолдану қажет.

Ал оқытуды бағалаудың мақсаты, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау. Бұл кезде жекеленген оқушының  немесе бір жас мөлшеріндегі оқушылардың жетістіктерінің деңгейін салыстырмалы түрде қорытынды жасауы, мониторинг, есеп беру үшін қолайлы .Қорыта келе, бұл білім берудегі барлық тәсілдермен байланысты. Оқушылардың әр нәрсеге өзіндік түсініктері қалыптасқан болса, онда оңайға түседі. Бұл баланың бойында жан- жақтылықты қалыптастырады.

Критериалды бағалау жүйесін пайдалану арқылы, оқушының белсенділігі артып, өз сыныптастары арасында ерекшеленуге ықпал етеді.

Оқушы нақты қиындық тудырған сұрақтарды біледі және оны жоюдың жолдарын іздестіреді.

Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар.Осы артықшылықтарды мектепте сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де  көруге болады.

1.Керекті ақпаратты дәл мезетінде алуға мүмкіншілік бар.

2.Оқытудың тиімділігі жоғарылайды, оқу материалын оқушы өздігінен

іздеп табуына мүмкіндік бар.

3.Оқушылардың білуге құштарлығын арттырады, табиғи сұранысын

қанағаттандырады.

4.Оқытудың көркемдігі артады, яғни берілетін материалдарды жинақы

түрде беруге болады.

5.Уақыт үнемделеді, үнемделген уақыт қосымша тапсырмаларды

орындауға жағдай жасайды.

6.Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Осы айтылған мәселелердің нақты орындалуын өткізген сабақтар барысында байқадым.Соның ішінде мысалға келтіре кетсем, 4- сыныптағы математика сабағынан «Өрнектерді ықшамдау» , «Есепті теңдеу құру  арқылы шығару », ана тілінде «Д. Родаридің «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол», «Алисаның арманы», Э.Распенің «Құмырадағы балақан», қазақ тілінен «Етістіктің шақтары», «Шылаулар», дүниетану сабағынан «Невада- Семей» азаматтық қозғалысы», «Қазақстанның ғарышжайы» т. б.  сабақтарымда  пайдаландым.

Қазіргі таңда 1 – сыныпқа сабақ беріп жүрмін. Осы аталған жеті модульді сабақтарымда толық қамти алмасам да , оқушылардың шамаларына қарай ұйымдастырып, сабақтың әрбір этаптарына кейбір элементтерін енгізудемін.

Жалпы алғанда, заман талабына сай білім беруде маңызды жақтары өте көп. Білім-теңіз,  оның тереңін   жетік білетін,  қыр-сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді  оқушы санасына  сабақ арқылы жеткізеді,  ал сабақ сапасын  арттыру – барлық мұғалімдерді  толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін  жаттанды кезеңдерден тұратын  дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері  сөзсіз. Сондықтан өзімнің алдағы  педагогикалық жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді өз бетімен  ізденіп  жұмыстануын ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым.

Төменде осы жоба негізінде өткізілген сабақ жоспарларымды ұсынамын.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық .
  • Сборник материалов региональной конференций (2011жыл,87 – б.)
  • «Бастауыш мектеп»2009 №2
  • « Бастауыш сыныпта оқыту.» 2011 , №3
  • «Қазақстан мектебі» №8 , 2012ж.

 

 

 

Сабақ жоспарлары:

 

Күні14  мамыр
ПәніАна  тілі           4-сынып
Сабақтың тақырыбыД.Родари «Ғажайып жаңбыр»

«Шоколадтан салынған жол»

Дерек көзіОқулық, слайд.
Жалпы мақсатТоптық әрекетте диалогтық тәсілді пайдалана отырып,мәтіннің мазмұнын ашу.Ой өрістерін , сөйлеу дағдыларын дамыту. Өз беттерімен мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтар қоя білу дағдыларын, өз көзқарастарын айту, қорғау дағдыларын жетілдіру
Оқыту нәтижесі·        Мәтін мазмұнына сай   сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады.

·        Өз пікірін қорғайды, көзқарасын білдіреді.

·         Өз өзін бағалауға үйренеді.

Негізгі идеяларОйлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар1.      Ассоцация құру

2.      Топтық тапсырмалар.

3.      Шығармашылық тапсырмалар.

Кейінгі тапсырмаОқулықпен жұмыс.

 

 

 

 

 

Мұғалімнің жазбасы:

Әдіс тәсілдер: СТО, топтық жұмыс, ойын, диалог,сұрақ жауап, шығармашылық жұмыс,АКТ  өзін өзі бағалау, ЖИГСО стратегиясы.

I.Ұйымдастыру.

Күлімдеп күн бүгін ,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін ,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін ,

Қарады баршаға.

  1. Үй тапсырмасы:
  2. Мазмұнын айту.
  3. «Жұлдызды сәт» ойыны. /тақырып бойынша сұрақтар қою/

дұрыс жауап берген оқушыға жұлдыз беріліп отырады.

Сұрақтары:

  1. Бір апта өткен соң қайда келіп жетті?/Италияға/
  2. Қай теңізде шомылды?/Жерорта/
  3. Не үшін балықтың аузына еркімен кіруге тырысты?/айырдай тісіне ілікпеу үшін/
  4. Ол өзін өандаймын деп санады?/ ақылдымын/
  5. Балық іші қандай екен?/тастай қараңғы/
  6. Балықтың ішінде неістеді?/қыдырды/
  7. Бұл жүріс балыққа қалай әсер етті?/ұнамады/
  8. Бұл жағдай болған соң, ол не істеді?/аттай тулап, есектей мөңкіді/
  9. Балық не істеді?/ойбай салып, астаудай басын судан шығарды/
  10. Бұл жағдайды кімдер көрді?/Италия кемесінің адамдары/
  11. Матростар не істеді?/балықты атып алып кемеге шығарды/
  12. Балықтың ішінде ол қалай отырды?/зәресі ұшып/
  13. Не деп ойлады?/балықпен бірге бөліп тастамас па екен?/
  14. Балтамен бөліп жатқанда ол не деді?/Италянша рахмет деп айтып жатты/
  15. Матростар адам дауысын естігенде неістеді?/состиып тұрып ұалды/
  16. Ол балықтан шыққан соң, не істеді?/ ілтипатпен иіліп сәлем берді/
  17. Бұл оқиға кімнің басынан өткен?/Мюнхаузеннің/

 

III. Жаңа сабаққа дайындық./Қызығушылықтарын ояту/

      Сөзжұмбақ сұрақтары:/автордың аты жөнін шығару, таныстыру./

  1. Аттың жартысы қай жерде жайылып жүр?/көгалда/
  2. «Балама хат» өлеңін жазған кім?/Жамбыл/
  3. «Жарты ат», «Балық құрсағында» деп аталатынәзілкеш оқиғаларды кім жазған?/Энрих Распе/
  4. Ол қай халықтың жазушысы?/неміс/
  5. «Үш жігіт туралы хикая» атты шығарманы жазған жазушы./Назым Хикмет/
  6. «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі Әлеубектің шешесінің аты кім?/Жиһангүл/
  7. «Жарты ат» ертегісіндегі  соғыс кімдермен болды?/түріктермен/
  8. «Акула» әңгімесін жазған жазушы кім?/Л.Толстой/
  9. «Ісініп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?/домбығып/
  10. Артиллерист, зеңбірек, қайық деген сөздер қай мәтінде кездеседі?/Акула/
  11. Кемені суда ұстап тұратын тетік./зәкір/
  12. «Шығыс шынары» кімне арналған мәтін?/Әлия/

 

  1. Ой қозғау.

Түстерге байланысты екі топқа бөліну. Топ бойынша тапсырма беру.

1 – топ: Ғажайып жаңбыр қандай болады?

Ғажайып жаңбыр жауса не істер едің?

2 – топ: Жол неден салынады?

Шоколадтан салынса не істер едің?

Топпен жұмыс істеу./ассосация құру, сурет салу/

Топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.

  1. Мағынаны тану.

«Оқы , оқығанды көңілге тоқы!» ЖИГСО стр. бойынша  оқушылар өз бетімен оқып, бір біріне түсіндіреді.

«Жүйрік болсаң шауып көр»
Топ ішінен екі оқушы шығып. Мәтінді талдайды. Басқа оқушылар сұрақ қояды.

  1. Сергіту сәті: «Кім шапшаң?»

Кітапханада 3  бөлме,

Әр бөлмеде 10  шкаф.

Әр шкафта 5  сөре,

Санай алсаң егерде

Айтып берші анықтап. /105/  Сәйкес қимыл жасау.

YII.Сабақты қорытындылау.

«Ойлы болсаң, озып көр» Дебат әңгіме.

  1. – топ: Ғажайып жаңбыр жаууы мүмкін.
  2. — топ: Ғажайып жаңбыр жаууы мүмкін емес.

«Ой қорыту»

  • Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу/
  • Неге жақсы өтті?
  • Неге жақсы өтпеді?

YIII. Үйге:Ертегіні оқу, мазмұны

Мәтін соңындағы шығармашылық тапсырма.

  1. IX. Бағалау.

Бағалау парағы бойынша өз- өздерін бағалайды.

 

 

КүніАқпан
ПәніАна тілі                 1-сынып
Сабақтың тақырыбы 

«Құстарым, келіңдер!»

Дерек көзіОқулық, суреттер, дидактикалық материалдар, буклеттер, кітаптар.
Жалпы мақсатЗаттың атын білдіретінсөздер туралы түсініктерінжетілдіру, сөздерге сұрақ қойып, сөздерден сөйлем құрап жазуға үйрету. Құстар туралы білімдерін кеңейту.Ой -өрістерін, ойлау және сөйлеу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.Құстарды қорғауға,танып білуге деген қызығушылықтарын ояту.  
Оқыту нәтижесі·        Заттың атынбілдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіреді.

·        Оқу  барысында  сұрақтар қоюға, ойланып жауап беруге дағдыланады.

·        Өз ойын айта білуге үйренеді.

·         Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру;

·        Құстар туралы танымдық қабілеттері арта түседі.

·        Бір- бірін бағалап үйренеді.

Негізгі идеяларЗаттың атын білдіретін сөздер, оларға қойылатын сұрақтарды еске сақтау.  Құстарды қорғауды түсіну.
Тапсырма

лар

1.     «Ойлан ,тап»/жұптық  тапсырмалар/

2.      Суретпен жұмыс;

3.     «Кім жалғастырады?»

4.     «Ғажайып құстар әлемі» саяхатындағы құстар тапсырмалары.

Кейінгі тапсырма1.     Оқулықпен жұмыс.

2.     Дәптермен жұмыс.

3.     Бірін- бірі бағалау.

 

 

 

Мұғалімнің жазбасы:

Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу ,шығармашылық тапсырма, топтастыру, топтық  тапсырмалар, жұптық тапсырмалар, бірін- бірі бағалау.

Түрі: саяхат сабақ.

Пәнаралық  байланыс:дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше баламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме  —  деп,

Сәлемдесіп аламыз.

 

-Балалар, қолымыздан ұстайық, шаттық шеңберін құрайық. /жақсы тілектер айту/

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Сабағымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, үйге не  берілді?

-«Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту.

ІІI. Өткенді пысықтау.

Өткен сабақты пысықтау арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

  1. «Ойлан, тап» ойыны арқылы жұппен жұмыс. /Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырып жазу, бір-бірін тексеру./

2.Сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

3.Ал, мына бір суретке қарайықшы.

-Қай мезгіл? Көктем  мезгілінің  ерекшеліктерін айту.

— Сабағымыз тағы не жайлы өтеді? Мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?

VII. Жаңа сабақ.

1) Оқулықпен жұмыс.

-Жаттығуларды орындау. Дәптермен жұмыс.

  • 85 – жаттығу. 1) тапсырмаларды  оқу

2) ауысқан сөздерден сөйлем құрау.

3) Не ? сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

  • 86 – жаттығу. 1) өлеңді оқу;

2) Мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қою.

3) «Кім жалғастырады?»  деп,  өлеңді ауызша жалғастырып айту.

  • Ережен құрастырып көру /жаттығулар негізінде/
  • Оқулықтағы берілген ережені оқып ,өздері алдын ала айтқан ережемен сәйкестігін салыстыру.
  • «Келіңдер, құстар!» атты өлеңді оқу.

1)Іштей оқу;

2)Дауыстап, тізбектей оқу.

3) талдау ./сұрақ-жауап арқылы/

— Неге өкпелеп кетті деп ойлайсыңдар?

-Жаңа «үйге» деп нені  айтып тұр?

-Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

4) Топпен жұмыс. «Отырықшы құстар», «Жыл құстары»  топтастыру. /құстар суреттері бойынша /Тақта алдына шығып қорғау.

ІІI. Сергіту сәті.

  1. Сабақты бекіту.

-Құстың қандай пайдасы бар?

-Ағаштарды  қорғайды, зиянды құрт -құмырсқаны , жәндіктерді құртады.

-Құстар туралы мақал мәтелдер, тыйым сөздер білесіңдер ме?

  1. Сабақты қорытындылау.

Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік.

-Рефлексия. «Менің  көңіл күйім» / Смайиликтер арқылы білдіру және не үшін көңілді немесе көңілсіз болған себептерін сұрау.2-3оқушыдан./

  1. Үйге тапсырма: «Келіңдер, құстар» мәнерлеп оқу.

                                     Ережені жаттау.

VII.Бағалау.   /бірін -бірі бағалау парағына қорытынды баға қойып, айту/

 

Күні27. 11. 13
Пәні     математика                  2-сынып
Сабақтың тақырыбыҚайталау.
Дерек көзіОқулық, суреттер,
Жалпы мақсатТоптық әрекетте сайыса отырып, шапшаң есептеу дағдыларын,  кестелік қосу мен азайтуды бекіту.Білуге , үйренуге, пәнге қызығушылықтарын арттыру, есте сақтауға  баулу.
Оқыту нәтижесі·        Ізденіс жұмыстарын топпен шешуге үйрену;

·        Бірін бірі қорғайды, көзқарасын білдіреді;

·        Топпен   бағалауға үйренеді;

·        Лидерлікке ұмтылады.

Негізгі идеяларОйлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен, топпен  жұмыс істеу дағдыларын  дамыту.
Тапсырмалар1.      топтық тапсырмалар

2.      Шығармашылық тапсырмалар

 

Кейінгі тапсырмаОқулықпен жұмыс.

 

 

 

 

Мұғалімнің жазбалары:

 

Сабақтың көрнекілігі:бағалау парақтары,  қима қағаздар, суреттер

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Психологиялық дайындық, сұрақ-жауап, талқылау,топпен жұмыс,сайыс, ойын, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:
  2. Психологиялық дайындық сәті өткізіледі.

Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің

Жұмбақ сырын шешеміз.

 

 

  1. Оқушыларды топқа бөлу ./фигура арқылы/

Бағалау парағын тарату,түсіндіру.

Ұпайларын фигуралар арқылы жинау.

 

      II.Үй тапсырмасы:

  1. «Сұқ саусақ» стратегиясы бойынша № 6 тапсырманың  шешуін айтатын топты анықтау.

 

II.Жаңа сабаққа дайындық

«Гном» ойыны

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына алмастыр:

84= 80+4                  65=60+5          10=10+0

87=80+7                   54=50+4          99=90+9

27=20+7                   23=20+3          69=60+9

55=50+5                   12=10+2          36=30+5

 

III.Қайталау

  1. Оқулықпен жұмыс.

№1, 2 есептерді оқушылар топпен шығарып, өзара тексеріп, топ басшылары шешуін қорғайды. «Кім тапқыр?» тапсырмасы:

№1                                                        №2

Б-32                                               Қатысты- 16

Қ-10                                                  Қобыз-2

Ұ-20                                                Сырнай-4

Келмегені-?                                       Домбыра-?

Шешуі: 1) 32-( 10+20)=2                Шешуі: 1) 16-(2+4)=10

2)(32-10)-20=2                                   2)(16-2)-4=10

3)(32-20)-10=2                                   3)(16-4)-2=10

Жауабы: 2оқушы келмеді              Жауабы: домбыраға 10 оқушы қатысады.

 

«Кім жылдам?» тапсырмасы:

Тиісті жақшаны қой. /тақтада орындау/

 

13+6-2=17           17-2+3=18          19-9+2=8

17-2+3=12           16-2+2=12         15-1+1=13

 

50+40-20=70       96-40+6=50      75+4-30=49

30+3+60=93         20-10+80=90        78-50-10=18

 

 

        IV .Сергіту сәті.

Қағып қалып қолыңды,

Бір, екі, деп санайық.

 

       V.Сабақты бекіту.

«Тездет, бірақ қателеспе!» тапсырмасы:

№5

15                          15                         14                        13                      12

 

 

9                                8

Қосу  амалын құрып,  тиесінше азайту амалын құрастыру. Мәнін табу.

 

«Бәрімізге бір өрнек» тапсырмасы:

№5 Амалдардың  орындалу тәртібіне есептер шығару.

 

«Математикалық жекпе- жек» тапсырмасы:

Бұл кезеңде  топ басшылары сандармен берілген мақал -мәтелдер айтып жарысады.

 

  1. Қорытындылау.

Әр топ өз ұпайларын есептеп шығарады.

Жеңген топты анықтау.

  • Сонымен бүгін не істедік?
  • Нелерді қайталап, нелерді еске түсірдік?
  • Сабақ қалай өтті ?
  • Не ұнады?
  • Не ұнаған жоқ?

VII.Үйге тапсырма:

№6

YIII. Бағалау.

Топ басшылары  бағалау парағы бойынша  қорытындысын шығарады.

 

 

 

 

 

Құрметті «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» журналының редакторлары.

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аршаты деген қиыр шығыстағы ең шеткі ауылда тұратын тұрғын және осы ауылдың «Аршаты орта мектебінде» бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етемін. Сіздерге хатты алғаш жолдауым. Сіздердің журналдарыңызды асыға күтіп, жазылатын мұғалімдеріңіздің бірімін. Төмендегі түбіртек алты ай бойынша екі рет жазылатындықтан  екі көшірме берілді .Біз алты ай сайын жазыламыз. Бірден толық бір жылға жазылмаймыз. Менің сіздерге жіберген сабақ жоспарларым мен мақаламды журнал бетінен көремін деген үміттемін. Бұл мақала мен сабақ жоспарлары, қазір Қазақстан бойынша жаппай Кембридж жобасы бойынша үш айлық білім көтеруге байланысты. Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!