Жылқы
Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: С.Мұқановтың «Жылқы» мәтінінің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
- Дамытушылық: С.Мұқанов жайлы мағлұмат беру. Мәтін бойынша таным-дық тапсырмалар беру арқылы, өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Төрт түлікті күтіп, баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұқановтың портреті, жылқының суреттері, жыл-қының мүсіні.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, эвристика-лық.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ә) Серпіту сәті.
Көктем келді, еліме
Көктем келді, жеріме
Бақыт, байлық тілейміз
Бүкіл қазақ еліне
- Бір-біріне тілек айту.
- Үй жұмысын сұрау.
«Ара мен шыбын» мәтінін ролге бөліп оқыту.
- Шыбын араға қандай өтініш айтты?
- Ара неліктен бірден келісе алмады?
- Қонақ күтуге шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
- Қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу
- Төрт түлік малға нелер жатады?
Топтық тапсырма
1-топ: Төрт түліктің пірлерін ата?
2-топ: Төрт түліктің төлдерін ата?
3-топ: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.
- Жаңа сабақ
— Бүгінгі сабақта қазақ халқының жанына жақын саналатын қасиетті түлігі жылқымен толық танысамыз.
І Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
— Жылқы жайлы не білеміз: Оқушылар ойы?
— Жылқының жасына байланысты атаулар?
— Жылқының түсіне байланысты атаулар?
ІІ Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
Оқулықпен жұмыс
С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесімен таныстыру.
С.Мұқанов туралы мағлұмат беру.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге бүгінгі күнді, тақырып жазу
Тірек сөздер ілемін
- бақташы
- қайраттысы
- аттауға
- қос
- түндік
- күштілігі
- асыл
есте сақтау қабілетін тексеру
тірек сөздермен жұмыс.
Оқушылар тірек сөздерді әңгімеден тауып оқып береді.
Әңгімені талдау.
Авторы: С.Мұқанов
Жанры: әңгіме
Азат жол 8.
Жаңа сөз: Қос – шөп, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы атарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Топтық жұмыс: «Теңге алу ойыны»
1-топ: Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
Жылқының аналық мейірімі жөнінде не айтылған?
2-топ: Қос деген не?
Жылқы етінің қасиеті қандай?
3-топ: Жылқының терісі жөнінде не айтылған?
Мақан жылқышының сөзі.
Кубизм стратегиясы бойынша тапсырмалар.
1-топ: Қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?
Жылқы жөнінде қандай әңгіме не өлең білесіңдер?
2-топ: Жылқының адамға пайдасы қандай?
Батырлар жырындағы суреттелген аттарды есіңе түсір?
3-топ: Жылқы малына қатысы бар қандай спорттық ойындарды білесіңдер?
Үлкендер неліктен «құлыным», «ботам», «құлыншағым» дейді.
ІІІ. Ой қорыту: Нені білдік?
Бекіту.
«Бәйге ойынын» топ бойынша ойнату.
- Бүгінгі сабақта танысқан жеті қазынаның бірі —?
- Жылқы атасы –
- Жылқының сүті –
- Жылқының төлі –
- Алпамыстың жылқысы –
- Ақанның жылқысы –
- Жылқыны кім бағады?
- Жылқышының үйі қалай аталады?
- Жылқышы адамның несі –
Бағалау. Үйге тапсырма.
Жылқы мәтінін оқу. Жылқы малы туралы әңгіме жазу