Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»
Атырау қаласы.
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Айтмағамбетова Умитай Кенжегуловна
Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»
Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтпаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтпаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу, оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын елестету, сезіну қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: туған ел байлықтарын қорғауға үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Қ.Сәтпаевтың өміріне арналған слайд, видео. Фостермен жұмыс. Қазба байлықтар коллекциясы. Географиялық карта.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын тексеру
Т.Рысқұлбеков «Бала Тұрар» атты әңгімесін ақпараттық іздену әдіс-тәсілі бойынша сұрау. Тақтаға үш оқушы шығады. Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар қойып, екі оқушы бір-біріне жауап береді. Үшінші оқушы олардың жауабын тыңдап, әңгімені толық баяндайды. Келесі оқушы картадан әңгімедегі жер, су, ел аттарын көрсетеді.
3) Топтастыру
- Тұрар Рысқұлбеков кім?
- Мемлекет, қоғам қайраткері
- 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан
- 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезінде туды.
- 1938 жылы 10 ақпанда, 43 жасында, Мәскеу түрмесінде қайтыс болды.
- Алматы қаласында Басқару академиясы Рысқұлбеков есімімен аталады.
- Нұртаза Шерхан «Қызыл Жебе» атты 1,2 кітабында Рысқұлбеков келбетін сомдады.
- Сталинге Қазақстандағы ашаршылық жөнінде бірінші хат жолдаған қазақ.
- 1937 жылы 21 мамырда «Халық жауы» деген атпен тұтқындалды.
- Жамбыл облысының Тараз қаласында Рысқұлбеков атындағы парк, онда ескерткіш қойылған.
- Бағалау
- Бала – мына жерде бір үлкен қапшық тұр. Оны кім әкелді? Көрелік.
- Мынау не қағаздар?
- Ұстап көрші?
- Мынау тапсырма ғой
Қапшықтағы қағаздарды алып, тапсырмаларды орындау
- Топпен жұмыс
І топ қиылған суреттерді құрастыру
ІІ топ қаламызда қандай ескетркіштер бар?
ІІІ топ мынау не? Ол неге жатады? (мұнай бағаналарының суреті)
- Тапсырмалар тексеріледі
- Жер қойнауындағы тастарды зерттеген адам кім?
- Қ.Сәтпаев
Жаңа сабақ Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала» деп тақтаға жазу
Ә.Жапаров — ақын, жазушы. Оның бір ерекшелігі оның Қ. Сәтпаев жөніндегі осы «Қазына көтерген бала» атты шығарманы жазуы
Қ.Сәтпаев туралы видео-фильм
— Тізбектете оқыттыру
— Қаныш қандай сурет салған?
— Ол неге ынтық болған?
6) Ендеше қапшықты ашатын кез келді
(Тастарды қарап,аттарымен таныстыру )
-Қаныш осы тастарды зерттеген – геолог екен. Геолог – тау –тастарды зерттейтін ғалым.
7) Атырау қаласында Қ.Сәтпаев атындағы көше, даңғыл, ескерткіш, мектеп бар.
8) Фостермен жұмыс
-Көргенімізді, естігенімізді суретке салайық. Суреттер бағаланады.
9) «Алақан тренингісі»
а) Қызыл түс – қол алысу
ә) Сары түс – арқасынан қағу
б) жасыл түс – құшақтасу
10) Дәптермен жұмыс Қ. Сәтпаев кім?
— Қазақ ғалым академиясының тұңғыш президенті
— Геолог- ғалым
-Академик
— Ертіс-Қарағанды каналының аты Қ.Сәтпаев атымен аталады.
— Қ.Сәтпаев атын дағы даңғыл, көше, мектеп
— Қ. Сәтпаев атындағы ғаламшар бар
— 100 жылдыгына монета шыккан
— Жезқазған мыс Рудасын тапқан адам
-Ақсу,Атырау т.б. қалаларында ескерткіштері бар.
11) Әңгіме «Қазына көтерген бала» деп не себептен аталды?
12) Биыл 11 қараша 2014 жылы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы шықты. Мақсаты: Дүниенін әр түпкірінде белең алған тұрақсыздық, әлемдік экономиканың өзгеруі Қазақстанда да болуы мүмкін. Алға қойған өзекті мәселелерді жедел орындау халыққа тапсырылды . Ұлттық қордан әр түрлі салаларға қаржы бөлінді. Мысалы білім саласына 70 млрд. ақша бөлінді. Ол жаңа мектеп , бала-бақша салу, үш кезеңде мектептерді үлкейту, жою, мүгедек балалар үшін арнайы мектептер салу.
13) Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»
Н.Ә. Назарбаев
14) Ендеше елдің байлығы – ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек сонда ғана , еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады.
15) Бағалау
16) Үйге тапсырма
а) Ә.Жапаров туралы дерек жинау
ә) «Қазына көтерген бала» әңгімесін түсініп оқу
б) №3 сызбаны толтыру, дәлелдеу