Ұ дыбысы мен әріпі

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Жусандыой ауылы

Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Бастауыш сынып мұғалімі: І санаты Казбек Касимов Рыскалиұлы

Сабақтың тақырыбы: Ұ  дыбысы мен әріпі

Мақсаты :  Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен   таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу

арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату

Тәрбиелілігі:  сауаттылыққа, үйрету, сөйлем

құрау, сурет бойынша әңгіме құрау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін

дамыту

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

 

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау

 

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер,буындар,  ребустар, сөзжұмбақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың назарын сабаққа

аудару.

ә)  Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

      Құрметпенен біз.

тапсырмасы:

 

ІІ. Өтілген  әріпті пысықтау

а) З дыбысынан келетін сөздер айту:

ә) З дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Ұ-зақ, қа-зы, ө — зен, қо-зы, қа-зақ-стан

б) Өлеңдерді жатқа сұрау

в) Фонетика әлеміне саяхат

А,С,Е,Р;О;Т; Ш;Л; Ы; И; Б; Й; Д; З: У;Ж; Г; К;Қ;Ғ;Ң;І;Ә;Ө;

С Т               Й

 

М         Н                 Ң К

 

Д З       Ш               Г Ж

А                                   Е

Ы

О            Ө          І

И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ребустар шешу

ІІІ. Жаңа сабақ

Электронды оқулықтан Ұ дыбысын тыңдату.

Ұ-шақ     үш-қыш   ұ-я   ұ-зарт-қыш  ұ-лу   ұн  ұ-лар  ұл-та-рақ.

Ұ дыбысының таспаша,жазбаша түрлерімен таныстыру.

 

 

 

Ұр-шық

Дыбыстық талдау жасау.

 

Жұлдыздар        ұшақ           тікұшақ

Ұшқыш              ғарыш          ғарышкер

 

Жазу дәптерінің 6 бетіндегі Ұ ұ дыбысының жазу еркешелігімен таныстырып, жазуға жаттықтыру жұмысын жүргізу.

Оқулықтағы «Ұшқыш» мәтінін талдап, оқушыларды өз сөздерімен әңгімелету.

Төмендегі сызба бойынша  сөздерді оқыту.

Бұ                                            дұ                                  ұ

лақ                                           рыс                                   шақ

Құ                                            бұ                                 құ

 

Ран                                  лын                                         дас

Ұ                                        құ                                        құр

Лан                                  рық                                          бақа

 

«Шөлдеген  ұзақ»  сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ұ дыбысына сөздер оқыту.

Ұн           ұт            ұс           ұр

Ұнтақ      ұтқыр      ұстаз     ұра

Дәптермен жұмыс

Ұ дыбысының бас әріпін жаздыру.

Сематикалық картамен жұмыс  7 оқушы сөздердің жуан,жіңішке айтылып тұрғанын ажыратып  кестеге қосу белгісін қояды.

7 оқушы сөздердің дыбыс,әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. ( слайдта көрсетілген)

Сурет  бойынша сөздерді құрап ауызша оқыту.

Сандық ребустарды шешу.

Қорытынды: