Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары
Сыныбы | 4-сынып | |
Пәні | Қазақ тілі | |
Сабақ тақырыбы | Ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары | |
Сабақ мақсаты | Ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру,жазылу емлесін меңгерту. | |
Күтілетін нәтиже | Ма,ме,ба,бе,па,пе шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінеді,жазылу емлесін меңгереді. | |
Әдіс-тәсілдер | Топтастыру,ойқозғау,топпен жұмыс,жеке жұмыс,жұптық жұмыс. | |
Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер | Интербелсенді тақта,слайдтар,суреттер. | |
Барысы | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе бөлім | Психологиялық дайындық -Бүгінгі сабақты ерекше «ия,жоқ» бағасы бойынша сіздердің сабаққа ынталарыңызды байқағым келеді. -Сіздер ізденгішсіздер ме? -Сіздер жалқаусыздар ма? -Сіздер ойшылсыздар ма? -Сіздер тапқырсыздар ма? -Сіздер алғырсыздар ма? -Сіздер әдептісіздер ме? -Ендеше менің ізденгіш,ойшыл,тапқыр,алғыр,әдепті,ұйымшыл достарым қазақ тілі сабағын бастаймыз. | Оқушылар сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап берп отырады. Ойшыл, тапқыр, алғыр,әдепті тобына бөлінеді. |
Тұсаукесер | «Шылау» ұғымын топтастыру | сұраққа жауап жеке тұрып сөйлем бермейді мүшесі болмайды
өз алдына ш сөзден толық ы бөлек мағынасы жоқ л жазылады а сөз бен сөзді убірыңғай байланыстырады сөздермен қайталанып өзі тіркескен келсе үтір сөзге күшейту қойылады анықтау мағыналарын үстейді |
Негізгі бөлім | Ой қозғау.Жаңа сабаққа дайындық «Жасырынған сөздер» ойынын ойнату. 1.Құс қанатсыз бола …? (ма) 2.Сен ертең келесің …? (бе) 3.Жазда Астанаға барасың …?(ба) 4.Ол өз орнына отырып …? (па) -Қалай ойлайсыздар бұл сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? | Оқушылар көп нүкте орнына тиісті сөздерді қойып айтады.
-Бұл сөйлемдегі ма, па, ба,бе шылаулар.Олар сұраулық мағынада қолданылып тұр. |
Жаңа сабақ | 1-тапсырма. Топтық жұмыс.Жұмбақты оқып шешуін тап. Шылауларды тауып,қандай мағынада жұмсалып тұрғанын байқа. Өңім бе,бұл түсім бе, Адамы көп ішінде. Бір ғажайып жәшік тұр, Барлық сырды шашып тұр. 2-тапсырма.Жеке жұмыс.20-ж Сөйлемдерді көшіріп жазу. Шылауларды тауып,қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндіру. 3-тапсырма.1,2-топтар 21-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту.Шылауларды табу. 3,4-топтар 23-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді салыстыру. Айырмашылығын түсіндіру. | Оқушылар шешуін тауып, шылаулардың өзіне қатысты сөздерге сұраулық мағына беріп тұрғанын айтады. Ереже тұжырымдайды.
Жаттығуды жазып,шылауларды сызып,қандай мағынада жұмсалғанын түсіндіреді. |
Сергіту сәті | «Қимылмен түсіндір» ойынын ойнату. | Ортаға бір оқушы шығып,оған сурет беріледі, суретті өзі көрмей төбесіне ұстап тұрады.Басқа балалар оны қимылмен түсіндіргенде не екенін табу керек. |
Рефлексия | 4-тапсырма.Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге ішінде шылауы бар әңгіме құрау. | Ребус шешуі достық сөзі екенін тауып,әңгіме құрайды. |
Үйге тапсырма | 22-жаттығу. | |
Бағалау | Өзін-өзі,жұптық,топтық бағалаулар | Оқушылар өздерін, жұптарын, топтарын бағалайды. |
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Абай атындағы орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Жұмаханова А.А.