Зат есім

Қазақ тілі

3сынып

Мухаметжанова Арайлым Кадыровна

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға зат есім туралы  түсінік бере отырып сұрақтар қоя білуге үйрету. Сөйлемнің ішінен зат есімді таба білуді меңгерту. 2.Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін кеңейтіп өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру. 3.Сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, ұғымпаздылыққа тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ

Типі: жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: өз бетімен жұмыс топпен жұмыс

Көрнекіліктері: суреттер, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу оқушыларды түгендеп сабаққа назарларын аудару.

2.Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

1.Сыныпты үш топқа бөлу  және суреттер тарату.

«Қояндар» тобы / жануар/

«Торғайлар» тобы /құс/

«Алмалар»   тобы / жеміс/

2.Қызығушылықты ояту

Оқушыларға сұрақтар қою.Әр топ өз аттарына сай шапшаң тез жауап беріп мысалдар келтіреді.

Қояндар тобы — қасқыр, түлкі, арыстан

Торғайлар тобы – сауысқан, қара , қараторғай

Алмалар  тобы – алмұрт, жүзім, банан

3.Үй тапсырмасын сұрау:

4-жаттығу сөздерді екі топқа бөліп жазу

4.Жаңа сабақ:
— Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
— Зат есім.
Зат есім туралы ережені интерактивті  тақтадан шығарып өздерімен бірге айтып түсіндіріп өтемін.
Ой ашар.
Ол кім? Бұл не? ойыны.
— Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ереже шығару.
5.Оқулықпен жұмыс:

3 топқа жұмбақтар шешкізу

1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс) 
2
.Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар? (Мақта) 
3
.Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)

— осы сөздерді дәптерлеріне жазу

3 топқа сұрақ  қою

1.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді ата

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді ата

  1. Зат есімнің ережесін айту

4.Сурет бойынша сөйлем құрып,зат есімді табу  /топпен /

1-жаттығу  өлеңді жатқа жазып,зат есімнің жекеше түрінің астын бір сызықпен, көпше түрінің астын екі сызықпен сызу.

Сенің атың – балапан,

Менің атым- балақан.

Балапандар шоқуда,

Балақандар оқуда.

6.Сергіту сәті: /бейнесюжет көрсету/

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

7.Дәптермен жұмыс:

2-жаттығу сурет бойынша мәтін құрастырып,мәтінге ат қою.

Топқа бөлініп орындау.

Әр топ дәптерге орындайды.

1-топ Гүлдер

2 -топ  Аңдар

3-топ   Төрт түлік

1топ  1шумақ өлең құрастыру

2топ  1өтірік өлең құрастыру

3топ  мақал мәтел  құрастыру

 

5-жаттығу сөздерді топқа бөліп жазу

1 топ  Адамдар:

Аңдар:

2 топ   Заттар, бұйымдар:

Адам бойындағы қасиеттер:

3топ   Табиғат құбылыстары:

Адамның көңіл күйі:

  1. “Орныңды тап “ойыны. /3топқа бірдей/
    Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
    Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады.

9.Шығармашылық тапсырма: «Ұйқасын тап»

Кіп-кішкентай Жанат

Бүгін қандай ….

Көбелектей ….

Аулада жүр ….

Жүремін бе мен текке?

Барам биыл  ……

Қолға қалам …..

Суретті де ………

Көктемде бақ …

Құстар онда ….

Құстарды біз  ….

Олар бақты ….

10.Тест. / өтілген тақырыптарға байланысты/ /слаид/

  1. Зат есім заттың несін білдіреді?

а.сынын білдіреді

ә.іс-қимылын білдіреді

б.атын білдіреді

2.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

а .не істеді? Не істедің?

ә. қандай? Қай?

б.кім? не?

3.Мына сөздердің арасынан зат есімді белгіле:

а. қызыл

ә.алма

б.оқиды

4.Мына сөздердің қайсысы кім?не? сұрақтарына жауап береді:

а. үлкен, кіші

ә. отыр, тұр

б.әке, гүл

5.Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:

…… мен  қой адамдарды сүтімен асырайды.

а.сиыр

ә.мысық

б.ит

11.Бекіту: Жеке жұмыс. Сұрақтар жазылған карточка тарату

12.Үйге тапсырма беру: ереже жаттау, 3-жаттығу

13.Бағалау: білімдеріне қарай бағалау