Сын есім туралы тест
Сын есім
1.Заттың сынын ,түсін білдіретін сөз табы: а) зат есім ә) сан есім б) сын есім
2.Сын есім сөзді көрсет : а) көрікті ә) жылқы б) мектеп
3.Сын есімнің сұрақтары : а) қандай?қай? ә) қайтеді? б) кімдер?нелер?
- «Қарға»сөзіне байланысты сын есімді таңда: а) жасыл ә)жұмсақ б) қара
- «Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет : а) сұлу ә) жазық б) айлакер
- «Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет: а) үлкен ә) жұқа б) жылы
- Мақал-мәтелді толықтыр : Жақсы бала-қуаныш, … бала – өкініш. а) жаман ә) кішкентай б) үлкен
- Сөйлемді аяқта: Піл үлкен, тышқан … . а) жылдам ә) қара б) кішкентай
- Қантқа сипаттама бер : а) үлкен,ауыр ә) тәтті,ерігіш б) ақ,жеңіл